Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

Көкшетау қ.                                                                                 21.06.2023

 

Халықты әлеуметтік қорғау және

мәдениет салаларының

проблемалық сұрақтары туралы

 

Облыстық басқармалардың ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының депутаттары-мүшелері Ақмола облысында тұтастай алғанда қаралып отырған салалардағы проблемалық мәселелерді шешу бойынша жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Алайда депутаттар бүгінде шешілмеген бірқатар мәселелерді атады.

Мәдениет саласында аудандық мәдениет үйлерінің, клубтардың материалдық-техникалық базасының әлсіз жағдайы байқалады. Ауылдық округтерде халықты, оның ішінде жастарды мәдени шаралармен қамтылмаған. Мемлекеттік шығармашылық тапсырысты бақылау нысандары жоқ. Мәдениет объектілерін телефондандыру, интернет жүргізу бойынша шешілмеген мәселелер бар. 248 клубтың 190-ы телефондандырылған (76%), компьютерлер 149-ында (60%), интернет 125 клубта (50%).

Халықты әлеуметтік қорғау бойынша белгілі  жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылы 31531 мың жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр, 1 маусымға 12594 жаңа жұмыс орны құрылды, бұл жылдық жоспарға (31531) 39,9%-ды құрайды, оның ішінде тұрақты 9 031 немесе 25 288 жоспарының 35,7%-ды құрайды.

Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік осал топтары арасынан 234 млн. теңгеге 170 грант беру жоспарланған.

Облыста барлық топтағы мүгедектігі бар 29 мың адам тұрады (оның ішінде 1 топ – 3033;  2 топ – 10667 адам;  3 топ – 12172 адам, мүгедек балалар - 3272). Мүгедектігі бар адамдарды техникалық құралдармен және оңалту қызметтерімен қамтамасыз етуге шамамен 1 млрд.200 млн. теңге көзделген.

Инватакси автопаркін кеңейту мақсатында ағымдағы жылы 122,6 млн. теңге сомасына лизингке қосымша 5 мамандандырылған автокөлік сатып алу жоспарланып отыр. Ағымдағы жылға 56,9 млн. теңге бөлінді.

Жаңа жұмыс орындарын құру, жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейін 2,9%-ға дейін төмендету және т.б. бойынша «АМАНАТ» партиясының жол картасының индикаторларына қол жеткізу сұрақтары бар. Депутаттар жастарға жеңілдікпен кредит беру, мүгедек балаларды оқытуға ақша бөлу, мәдениет, білім беру объектілерін, мемлекеттік мекемелерді бейімдеу мәселелерін көтерді.

         Жергілікті атқарушы органдар басшыларының баяндамаларын және депутаттық корпус көтерген проблемалық мәселелерді шешудің ұсынылатын жолдарын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Мәдениет және әлеуметтік қорғау салаларындағы проблемалық сұрақтар бойынша ақпарат назарға алынсын.
  2. Тұрақты комиссияның отырысына ақпараттың сапасыз дайындалуына байланысты Ақмола облысы мәдениет басқармасының басшысы А.Б. Сәбитова қайта тыңдалсын.
  3. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына мыналар ұсынылсын:

 - қосарланған қаржыландыруды (объектілерді күрделі жөндеуге және оларды бейімдеуге бюджет қаражатын бөлу) болдырмау мақсатында аудандар бойынша ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінің бейімделу іс-шараларына талдау жүргізу және олардың орындалуын бақылауға алсын. Ақпарат а.ж. 1 қыркүйегінен  кешіктірілмей берілсін;

 - денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, мүгедек адамдарды ауруханаға жатқызуға басым бағыттау тетігін пысықтасын. Ақпарат а.ж. 3 тоқсаннан кешіктірілмей берілсін;

- халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан адамдарға берілген гранттар бойынша талдау жүргізсін (2023 жылы - 234 млн. теңгеге 170 грант): АӘК алушылар құрамынан қанша грант берілді және қанша адам гранттарды іске асырды. Ақпарат а.ж. 1 желтоқсанынан кешіктірілмей берілсін;

- жартылай стационар қызметтерін ұсыну бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың 3 жылға ауыстыру мүмкіндігін қарастырсын;

- облыстық денсаулық сақтау басқармасымен және «Шанс» ҚБ бірлесіп инва-таксиді мақсатты пайдаланудың техникалық ерекшелігінің жобасын әзірлесін. Ақпарат а.ж. 1 қыркүйегінен  кешіктірілмей берілсін;

- жұмыссыз болып табылатын ауған соғысына қатысушылардың бюджет қаражаты есебінен жерлеу қағидаларын әзірлеу жөнінде ұсыныстар енгізсін. Ақпарат а.ж. 25 шілдеге дейін берілсін.

  1. Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

          

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі

тұрақты комиссияның төрайымы                                     А.Балташевач

Дата публикации
30 июня 2023