Облыстық мәслихаттың
тұрақты комиссиясының
2022 жылғы 13 желтоқсандағы
қаулысымен
БЕКІТІЛДІ
Ақмола облыстық мәслихатының экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының
2023 жылға арналған жұмыс
ЖОСПАРЫ
1-тоқсан
- «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы» мәселені қарау.
- Ауылдық жерде жұмыс істейтін медицина қызметкерлеріне коммуналдық қызметтерге ақы төлеу және бюджет қаражаты есебінен отын сатып алу бойынша әлеуметтік қолдау көрсету мәселесін зерделеу.
2 -тоқсан
- «2022 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті бекіту туралы» мәселе бойынша облыстық мәслихаттың сессиясына дайындық.
- Облысты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін тыңдау (жеке тізім бойынша).
- «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы» мәселені қарау.
- Ақмола облысы денсаулық сақтау ұйымдарының бақылау кеңестерінің төрағаларымен денсаулық сақтау саласындағы проблемалық мәселелер бойынша дөңгелек үстел.
3 -тоқсан
- «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы» мәселені қарау
- Ақмола облысында мемлекеттік спорттық және шығармашылық тапсырыстарды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру жүйесін енгізу арқылы бұқаралық балалар спортын дамыту.
- Қазақстан Республикасы Білім министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің Ақмола облысы бойынша департаменті басшысын білім берудің өзекті және проблемалық мәселелері бойынша тыңдау.
4 -тоқсан
- «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджетті нақтылау туралы» мәселені қарау
- 2024-2026 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасын қарау.
- Комиссияның 2024 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы.
- Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы төрағасының 2023 жылғы қызметін бағалау.
- Экономика, бюджет және әлеуметтік саланы дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия қаулыларының орындалуын бақылау.
Тұрақты комиссияның
төрағасы Ғ.Бекмағамбетов