Ақмола облысы бойынша 2022 жылғы 24 сәуірге сайлау қорытындылары туралы мәліметтер

Ақмола облысы бойынша 2022 жылғы 24 сәуірге сайлау қорытындылары туралы мәліметтер

 

7 әкімнің сайлауы тағайындалды: 6 – өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты, 1 әкім – өкілеттіктің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты (өз өтініші бойынша).

6 аудандық және 18 учаскелік сайлау комиссиялары жұмыс істеді.

Барлығы 7 округ бойынша 25 кандидат ұсынылды: «AMANAT» саяси партиясынан 3 (12%), өзін-өзі ұсыну жолымен - 22 (88,0%).

10 үміткер - мемлекеттік қызметкерлер, 11 - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 - коммерциялық құрылым қызметкерлері, 1 – уақытша жұмыс істемейтін, 1-ІІМ зейнеткері.

2 кандидат мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмеді (Ақмола облысы білім басқармасының «Астраханка а. агротехникалық колледжі» МКҚК заңгері, өзін-өзі ұсыну; Бұланды ауданының білім беру бөлімінің «Макинск қаласының мектеп-лицейі» КММ математика мұғалімі, өзін-өзі ұсыну), 2 - өтініш берген кезде мәліметтердің дұрыс еместігі анықталуына байланысты тіркеуден шығарылды (Аршалы ауданы «Бұлақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы); «Зеренді ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 1 жеке өтініш бойынша (Астрахан ауданы «Әли» ЖК басшысы, өзін-өзі ұсыну).

Дауыс беруге 4667 сайлаушының 3813-і қатысты (81,7%).

Ең көп келу – 93,38% (Зеренді ауданының Байтерек ауылдық округі, 740 сайлаушының 691-і), ең аз келу - 74,51% (Бұланды ауданының Қараөзек ауылдық округі, 824 сайлаушының 614-і).

1 кандидат дауыс беру қорытындысы бойынша 1% - дан аз дауыс алды (Бұланды ауданы Новобратский ауылдық округі - 4 дауыс).

Әкімдер сайлады: 3 - мемлекеттік қызметші (жұмыс істеп жүрген барлық әкімдер, «AMANAT» партиясынан), 1 – бюджет саласының қызметкері (өзін-өзі ұсыну), 1 – коммерциялық құрылымның қызметкері) (өзін-өзі ұсыну), 1 - уақытша жұмыс істемейді (өзін-өзі ұсыну), 1 - ІІМ зейнеткері (өзін-өзі ұсыну).

18 сайлау учаскелерінде кандидаттардың 38 сенім білдірілген тұлғалары (8 – «AMANAT» партиясынан, 30 – өзін-өзі ұсынушылар), 31 бақылаушылар (9 – «AMANAT» партиясынан, 16 – «Партиялы емес бақылау орталығы» республикалық ҚБ АОФ, 6 – «Ақмола облысының Әкелер одағы» ҚБ) тіркелді, БАҚ өкілдері болған жоқ.

Сайлау науқаны кезінде және сайлау күні өтініштер түскен жоқ.

 

Ақкөл ауданы

Наумовка ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

3 кандидат ұсынылды: 1 – «AMANAT» партиясынан, 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен.  

2 мемлекеттік қызметші кандидат (Наумовка ауылдық округінің әкімі, «Кеңес ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 1 – бюджеттік сала қызметкері («SmartAqkol-2018» КММ бөлім басшысы).

3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 753 сайлаушының 633-і қатысты (84,06%).

Дауыс беру қорытындысы бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған Наумовка ауылдық округінің әкімі Замзагүл Кәрімжанқызы Шәріпова 88,38% (540) дауыс жинады.

 

Аршалы ауданы

Бұлақсай ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

3 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну арқылы.  

1 мемлекеттік қызметші кандидаты («Бұлақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы),1 - бюджеттік сала қызметкері («Аршалы БЖСМ» КММ директоры), 1 –уақытша жұмыс істемейтін.

1 кандидат тіркеуден деклорация берілген сәтте дұрыс емес мәліметтердің анықталуына байланысты шығарылды («Бұлақсай ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы)

         2 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 675 сайлаушының 507-сі қатысты (75,11%).

Дауыс беру қорытындысы бойынша Әлібеков Есман Сабыржанұлы сайланды,1962 ж. т., уақытша жұмыс істемейді, өзін-өзі ұсыну, 84,12% (233) дауыс алды.

 

         Астрахан ауданы

Қызылжар ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

4 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну арқылы.  

1 кандидат - мемлекеттік қызметші («Астрахан ауданы әкімінің аппараты» ММ мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау және ақпараттық технологиялар бөлімінің бас маманы), 1 - бюджет саласының қызметкері (Ақмола облысы білім басқармасының «Астрахан а. агротехникалық колледжі» МКҚК заңгері), 2 – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері («Әли» ЖК басшысы, Ақмола облысы бойынша «Өрт сөндіруші» ФАО Өрт сөндіру бөлімдеріне басшылық ету жасағының бастығы, өзін-өзі ұсыну).

 

         1 үміткер мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмеді (Ақмола облысы Білім басқармасының «Астрахан а. агротехникалық колледжі» МКҚК заңгері).

         1 кандидат өз қалауы бойынша тіркелгенге дейін кандидатураны алып тастау туралы өтініш берді («Әли» ЖК басшысы)

         .2 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

         Дауыс беруге 920 сайлаушының 700-і қатысты (76,09%).

         Дауыс беру қорытындысы бойынша 1965 жылы туған Жақанов Қайрат Кеңесұлы сайланды, Ақмола облысы бойынша «Өрт сөндіруші» ФАО Өрт сөндіру бөлімдерін басқару жасағының бастығы, өзін-өзі ұсыну, 90,55% (556) дауыс жинады.

 

          

Бұланды ауданы

 

Новобратский ауылдық округі

Новобратский ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

5 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну арқылы.

   5 үміткерден: 1 – мемлекеттік қызметші («Бұланды ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 3 - бюджеттік сала қызметкерлері (Бұланды ауданы бойынша білім беру бөлімінің Партизанка а. жалпы білім беретін мектебінің дене шынықтыру мұғалімі, «Бұланды ауданы білім беру бөлімінің Буденовка а. бастауыш мектебі» КММ бастауыш сынып мұғалімі, Ақмола облысы бойынша филиалының «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Біржан сал ауданының тіркеу және жер кадастры бөлімінің басшысы), 1 - ІІМ зейнеткері.

5 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 558 сайлаушының 500-і қатысты (89,61 %).

Дауыс беру қорытындысы бойынша Цечоев Хусейн Ахметович сайланды, 1971 ж. т., ІІМ зейнеткері, өзін-өзі ұсыну, 61,81% (301) дауыс жинады.

 

 Қараөзек ауылдық округі

Қараөзек ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты (денсаулығына байланысты өз өтініші бойынша) тағайындалды.

4 кандидат ұсынылды, барлығы өзін-өзі ұсыну арқылы.

4 үміткерден: 1-мемлекеттік қызметші («Ерголка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 3 - бюджеттік сала қызметкерлері (Бұланды ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ әдістеме-өмірбаян бөлімінің аға маманы, Бұланды ауданы білім бөлімінің Макинск қаласының №2 жалпы білім беретін мектебінің директоры, Макинск қаласының мектеп-лицейі КММ математика пәнінің мұғалімі).

1 кандидат мемлекеттік қызмет туралы заңнама талаптарына сәйкес келмеді («Бұланды ауданы білім беру бөлімінің Макинск қаласының мектеп-лицейі» КММ математика пәнінің мұғалімі).

3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 824 сайлаушының 614-і (74,51%) қатысты.

Дауыс беру қорытындысы бойынша сайланған Хамзин Марат Исманұлы, 1961 ж.т., Бұланды ауданы білім беру бөлімінің Макинск қ. №2 жалпы білім беретін мектебінің директоры, өзін-өзі ұсыну, 85,62% (512) дауыс жинады.

 

        

 Жарқайың ауданы

Тассуат ауылы әкімін сайлау өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

3 кандидат ұсынылды: 1 – «AMANAT» партиясынан, 2 - өзін-өзі ұсыну арқылы.  

 2 кандидат - мемлекеттік қызметші (Тассуат ауылының әкімі, «Державинск қаласы әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 1 – бюджеттік сала қызметкері («Жарқайың ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» КММ маманы).

3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 197 сайлаушының 168-і қатысты (85,28 %).

Дауыс беру қорытындысы бойынша Тассуат ауылының әкімі Рашид Қалибекұлы Тастеміров сайланды, «AMANAT» партиясы ұсынған, 86,67 % (143) дауыс жинады.

 

 

 Зеренді ауданы

Бәйтерек ауылдық округі әкімінің сайлауы өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты тағайындалды.

3 кандидат ұсынылды: 1 – «AMANAT» партиясынан, 2 - өзін-өзі ұсыну арқылы.  

 2 кандидат - мемлекеттік қызметші (Бәйтерек ауылдық округінің әкімі, «Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы), 1 – бюджет саласының қызметкері (Бәйтерек ауылы жалпы білім беру мектебінің математика пәнінің мұғалімі).

1 кандидат тіркеуден деклорация берілген сәтте мәліметтердің дұрыс еместігі анықталуына байланысты шығарылды («Зеренді ауданы әкімінің аппараты» ММ бас маманы).

2 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.

Дауыс беруге 740 сайлаушының 691-і қатысты (93,38 %).

Дауыс беру қорытындысы бойынша 1975 жылы туған, Бәйтерек ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясы ұсынған Құрманғалиев Бауыржан Қалиұлы 93,74% (614) дауыс жинады.

Дата публикации
24 апреля 2022