Ереже

 Ақмола облыстық мәслихатының

 2016 жылғы  15 сәуіріндегі

                                                                            № 6С-2-11 шешімімен

                                                                   бекітілген

 

 

 

«Ақмола облыстық мәслихатының аппараты»

мемлекеттік мекемесінің ережесі

 

  1. Жалпы ережелер

 

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі Ақмола облыстық мәслихатының, оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ететін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
  2. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің ведомстволары жоқ.
  3. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережегесәйкес жүзеге асырады.
              4.  «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
  4. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға түседі.
  5. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттілік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  6. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен облыстық мәслихат хатшысының өкімдерімен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
  7. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
  8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Абай көшесі, № 83-үй.
  9. Мемлекеттік органның толық атауы – «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі.
  10. Осы Ереже«Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  11. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
  12. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
    Егер «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

 

 

  1. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,

функциялары, құқықтары мен міндеттері

 

  1.  Миссиясы: Ақмола облыстық мәслихатының (бұдан әрі - мәслихат), оның органдары мен депутаттарының қызметін қамтамасыз ету.
  2. Міндеттері: азаматтар мен ұйымдардың Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы заңдарының, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметі актілерінің, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің нормаларын орындауына жәрдемдесу.
  3. Функциялары:

         1) мәслихат пен оның органдарын ұйымдастырушылық, құқықтық, материалдық-техникалық және өзге де қамтамасыз етудi жүзеге асырады, депутаттарға өздерiнiң өкiлеттiгiн жүзеге асыруға көмек көрсетедi;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

  1. Құқықтары мен міндеттері:

1) өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалармен азаматтық-құқықтық қатынастарға түсу, шарттар жасау және қолданыстағы заңнамаға қайшы келмейтін өзге де қызметті жүзеге асыру;

2) өз құзыреті шегінде мәслихат құзыретінің мәселелері бойынша мемлекеттік органдардан, лауазымды тұлғалардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;

3) мәслихат аппаратының жүргізуіне қатысты мәселелер бойынша қызметтік хат жазысу;

4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

 

  1. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру

 

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты "Ақмола облыстық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
  2. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы мәслихат сессиясында депутаттар арасынан ашық немесе жасырын дауыс беру арқылы депутаттардың жалпы санының көпшiлiк даусымен сайлайды және қызметтен босатады.
  3. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының орынбасарлары болмайды.
  4. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттігі "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының  2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына сәйкес белгіленеді.

«Ақмола облыстық мәслихатының аппараты»мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің аппаратын қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын мәслихаттың аппарат басшысы басқарады.

 

  1. Мемлекеттік органның мүлкі

 

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
  2. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

 

  1. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

 

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

 

 

 

Дата публикации
12 апреля 2022