|
|
Қазақстан Республикасы |
Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру мен жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, прокуратура органдарының, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының, Қазақстан Республикасы Үкіметі Аппаратының, Қазақстан Республикасы Құрылтайының қызметін шаруашылық қамтамасыз ету департаментінің, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының, Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы арнаулы мемлекеттік органдарының қатысуымен қоғамдық кеңестер құрылмайды. Коммерциялық емес ұйымдармен, азаматтармен бірлесіп, министрліктер немесе Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін органдар, жергілікті мемлекеттік басқару органдары, ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық компаниялар (бұдан әрі – квазимемлекеттік сектор субъектілері) құратын қоғамдық кеңестер қоғамдық бақылауды азаматтардың мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдер қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту мақсатында жүзеге асырады.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) қоғамдық бақылау – қоғамдық бақылау субъектілерінің қоғамдық мониторинг, қоғамдық тыңдау, қоғамдық сараптама және мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмысы нәтижелері туралы есепті тыңдау нысандарында жүзеге асырылатын қоғамдық мүдделерді қорғауға бағытталған қызметі;
2) қоғамдық бақылау объектісі – республикалық және жергілікті деңгейлердегі мемлекеттік органдардың және олардың лауазымды адамдарының қызметі, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметі;
3) қоғамдық бақылау субъектісі – қоғамдық кеңестер, сондай-ақ коммерциялық емес ұйымдар, қоғамдық кеңестердің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтары;
4) қоғамдық мониторинг –мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін қоғамдық бақылау субъектілері тарапынан бақылауды білдіретін қоғамдық бақылау рәсімі;
5) қоғамдық сараптама – қоғамдық бақылау субъектілерінің Қазақстан Республикасы азаматтарының өмірі мен денсаулығына қолайлы қоршаған ортаны сақтау, сондай-ақ жеке тұлғалардың, елді мекендер мен өндірістік объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге теріс әсер ететін факторларды болдырмау жөніндегі қоғамдық мүдделердің сақталуы тұрғысынан зерттеу, талдау және бағалау үшін арнайы білімді және (немесе) тәжірибені пайдалануына негізделген қоғамдық бақылау рәсімі;
6) қоғамдық тыңдау – Заңның 5-бабы 1-тармағының 1), 5) және 6) тармақшаларында, 5-1-бабы 1-тармағаның 1) тармақшасында көзделген мәселелерді, мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қоғамдық маңызды шешімдері, олардың мүдделерге сәйкестігі мәселелері жөнінде жария талқылау үшін жиналыс өткізу арқылы жүзеге асырылатын қоғамдық бақылау рәсімі;
7) мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің жұмысы нәтижелері туралы есепті тыңдау – қоғамдық бақылау рәсімі және Қоғамдық кеңестің отырысында Заңның 5-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және олардың лауазымды адамдарының, Заңның 5-1-бабы 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген мәселелер бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілерінінің қызметі нәтижелерін жария талқылауды білдіреді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-тарау. Қоғамдық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
1-параграф. Қоғамдық мониторингті ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесінде Қазақстан Республикасының азаматтары үшін анықталған жағымсыз салдарлар туралы және қоғамдық мүдделерге қысым жасалғаны туралы ақпарат;
2) Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзушылықтарына қоғамдық мониторинг барысында анықталған себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсынымдар;
3) бақыланатын объектілердің тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстар;
4) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
Ескерту. 7-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік органдар бір ай ішінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шешімдерді қабылдайды және (немесе) тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.
Квазимемлекеттік сектор субъектілері бір ай ішінде тиісті квазимемлекеттік сектор субъектісінің бірінші басшысы не оны алмастыратын адам қол қоятын уәжді жауапты береді.
2-параграф. Қоғамдық тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
1) қоғамдық тыңдауға қатысушыларды оның өткізілетін уақыты мен орны туралы бұқаралық ақпарат құралдары және (немесе) жазбаша шақырулар арқылы, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын құлақтандыру;
2) қоғамдық тыңдауға шығарылатын нормативтік-құқықтық актілер мен шешімдердің жобаларымен, бірақ ол өткізілетін күннен кемінде күнтізбелік он күннен кешіктірмей күні бұрын таныстыру;
3) қоғамдық тыңдауға қатысуды қамтамасыз ететін басқа да шаралар;
4) қабылданған шешімдерді уәждеп негіздеуді қоса алғанда, қоғамдық тыңдаудың қорытынды хаттамасын жариялау көзделуге тиіс.
1) қоғамдық тыңдау өткізілетін күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) қоғамдық тыңдау төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4) күн тәртібі, сөйлеген сөздердің мазмұны тіркеледі.
Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) бақыланатын мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдарының, сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы туралы ақпарат;
2) қоғамдық тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) нормативтік құқықтық актілерге, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ішкі құжаттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі ұсыныстар қамтылады.
1) мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне, қоғамдық бақылау субъектілеріне;
2) зерделеу және шаралар қолдану үшін мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін бақылауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген мемлекеттік органдарға;
3) бұқаралық ақпарат құралдарына жібереді.
3-параграф. Қоғамдық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу тәртібі
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мақұлданған қорытынды жобасы он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мүдделі мемлекеттік органдарға, квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жолданады.
4-параграф. Жұмыс нәтижелері туралы есептерді тыңдауды ұйымдастыру және өткізу тәртібі
Ескерту. 39-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 12.01.2023 № 18 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) есепті тыңдау күні мен орны;
2) қатысушылардың саны;
3) сөз сөйлеген лауазымды адамдардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);
4) күн тәртібі, есептің және сөйлеген сөздердің мазмұны қамтылады.
Ескерту. 40-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Мәдениет және ақпарат министрінің 10.09.2026 № 427-НҚ (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) бақыланатын органдар мен олардың лауазымды адамдарының қызметін олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бағалау;
2) есепті тыңдау барысында анықталған, жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін ережелерді жою жөніндегі ұсынымдар;
3) мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметін жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қамтылуға тиіс.
Жұмыс нәтижелері туралы мақұлданған есеп мемлекеттік органның, квазимемлекеттік сектор субъектісінің, жергілікті өкілді органның интернет-ресурстарында жарияланады.