12.03.2021 редакциясында
"Егемен Қазақстан" 08.04.2016 ж., № 66 (28794); "Казахстанская правда" от 08.04.2016 г., № 66 (28192); Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2016 ж., № 7-І, 46-құжат; ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 18.04.2016 ж. жарияланды
Қазақстан Республикасының Заңы 2016 жылғы 6 сәуірдегі № 480-V ҚРЗ.
Құқықтық актілер туралы
Қолданушылар назарына!
Қолданушыларға ыңғайлы болуы үшін РҚАО мазмұнды жасады.
Осы Заң Қазақстан Республикасының құқықтық актілерін әзірлеу, ұсыну, талқылау, қабылдау, тіркеу, қолданысқа енгізу, өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату, тоқтата тұру және оларды жариялау тәртібіне байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) әзірлеуші орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда және басқа да нормативтік құқықтық актілерде белгіленген құзыретіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерді әзірлейтін мемлекеттік органдар, жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
1-1) ғылыми құқықтық сараптама – ғылыми құқықтық сараптама объектілерін олардың сапасын, негізділігін, жобаның ғылыми пысықталуын бағалау, оны қабылдаудың ықтимал жағымсыз әлеуметтік және құқықтық салдарларын айқындау, ұсынылатын нормалардың құқық жүйесі мен заңнама жүйесіне сәйкестігі бөлігінде тәуелсіз кәсіби сараптамалық талдау;
1-2) ғылыми құқықтық сарапшы – ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде тұрған жеке тұлға;
1-3) ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімі – ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылатын ғылыми құқықтық сарапшылар тізімі;
1-4) «Е-заңнама» ақпараттық жүйесі – Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау (мониторинг) жүргізуге, сондай-ақ норма шығарудың жекелеген процестерін автоматтандыруға арналған бірыңғай құқықтық жүйе;
2) ереже – қандай да бір мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
3) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
3) жеке-дара қолданылатын құқықтық акт – жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және (немесе) заңды тұлғаларға) қолданылатын, олардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын және құқық нормаларын қамтымайтын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
4) заң – аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтін, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген негізге алынатын қағидаттар мен нормаларды белгiлейтiн нормативтiк құқықтық акт;
5) заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлер – заңнамалық және сатысы бойынша өзге де жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiлердің негiзiнде және (немесе) оларды орындау үшін және (немесе) одан әрі іске асыру үшін шығарылатын, заңнамалық актілер болып табылмайтын өзге де нормативтiк құқықтық актiлер;
6) заң жобасының тұжырымдамасы – Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған, Қазақстан Республикасы Үкіметінің бастамасы бойынша заң жобасын әзірлеу қажеттігінің негіздемесін, оны қабылдау мақсаттарын және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өзге де ережелерді қамтитын құжат;
6-1) заң жобасы тұжырымдамасының жобасы – жария талқылау қорытындысы бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес пысықталған, мемлекеттік органның нақты саладағы мемлекеттік реттеу проблемаларын шешу жөніндегі пайымын қамтитын консультативтік құжат;
7) заңнамалық акт – Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заң, конституциялық заң, кодекс, шоғырландырылған заң, заң, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының және Мәжiлiсiнің қаулылары;
8) заң сараптамасы – нормативтік құқықтық актінің жобасын не қабылданған нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының Конституциясына және Қазақстан Республикасының заңнамасына, заң техникасына сәйкестігі тұрғысынан тексеру;
9) заң техникасы – құқықтық актілерді ресімдеу тәсілдерінің, талаптары мен қағидаларының жиынтығы;
10) заң ұқсастығы – ұқсас қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдардың нормаларын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;
11) кодекс – осы Заңның 8-бабында көзделген бiртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқық нормалары бiрiктiрiлген және жүйеге келтiрiлген заң;
12) конституциялық заң – Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 4-тармағында белгiленген тәртiппен, Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген мәселелер бойынша қабылданатын заң;
13) қағидалар – қандай да бір қызмет түрін ұйымдастыру және жүзеге асыру тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық акт;
14) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмi – нормативтiк құқықтық актiлердiң деректемелерiн және осы актiлер туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәлiметтердi қамтитын Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн мемлекеттiк есепке алудың бiрыңғай жүйесi;
15) Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкi – Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне олар туралы мәлiметтер енгiзiлген, қағаз жеткізгіштегі нормативтік құқықтық актілер жиынтығы және электрондық құжат нысанындағы нормативтік құқықтық актілердің электрондық жүйесі;
16) Қазақстан Республикасының заңнамасы – белгіленген тәртіппен қабылданған нормативтiк құқықтық актiлер жиынтығы;
17) Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заң – Қазақстан Республикасы Конституциясы 62-бабының 3-тармағында және 91-бабының 1-тармағында белгiленген тәртiппен қабылданатын заң;
18) құқық нормасы – реттелетін қоғамдық қатынастар шеңберiнде көп мәрте қолдануға арналған, жеке-дара айқындалмаған тұлғалар тобына қолданылатын, тұрақты немесе уақытша сипаттағы жалпыға мiндеттi мінез-құлық қағидасы;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
19) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
19) құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті органдар қабылдаған, құқық нормаларын немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтитын, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
19-1) Құқықтық ақпараттың бірыңғай жүйесі – Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің жүйеленген дерекқорына орталықтандырылған қол жеткізу жүйесі;
20) құқықтық мониторинг – осы Заңның 50 және 51-баптарына сәйкес жүзеге асырылатын, Қазақстан Республикасы заңнамасының тиімділігін бағалау және болжау, оны жетілдіру жөнінде ұсыныстар тұжырымдау мақсатында Қазақстан Республикасы заңнамасының жай-күйі және оны қолдану практикасы туралы ақпаратты үнемі бақылау, жинау, талдау жүйесі;
21) құқық ұқсастығы – заңнаманың мәнін, құқықтың жалпы қағидаттарын және құқықтың нақты салаларының қағидаттарын реттелмеген қоғамдық қатынастарға қолдану;
22) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
23) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
24) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
24) нормативтік емес құқықтық акт – құқық нормаларын қамтымайтын, уәкілетті орган өз құзыреті шегінде шығарған (қабылдаған), жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асыратын не нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін жазбаша ресми құжат, сондай-ақ мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер;
25) нормативтік құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
26) алып тасталды - ҚР 24.05.2018 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
27) Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімі – осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көрсетілген, Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу нөмірі мен деректемелері қамтылған тізбе;
28) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейi – нормативтiк құқықтық актiнiң нормативтiк құқықтық актiлер сатысында өзiнiң заңдық күшiне қарай алатын орны;
29) нормативтік құқықтық актінің заңдық күші – нормативтік құқықтық актінің тиісті қоғамдық қатынастарға қолданылу міндеттілігін, сондай-ақ өзге де нормативтік құқықтық актілерге қатысты басымдығын немесе қоса бағыныстылығын айқындайтын сипаттамасы;
30) нормативтік құқықтық актіні ресми жариялау – осы Заңда көзделген жағдайларда, нормативтiк құқықтық актiнiң толық мәтінін жалпыға бірдей мәлімет үшін электрондық түрде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде, ресми баспасөз басылымдарында, сондай-ақ мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде жариялау;
31) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісі – осы Заңның 13-тарауында көрсетілген талаптар мен шарттарға сай келетін, нормативтік құқықтық актіде қамтылған нормаларға түсіндірме беретін белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат;
32) нұсқаулық – қоғамдық қатынастардың қандай да бір саласында заңнаманың қолданылуын тиянақтайтын нормативтік құқықтық акт;
32-1) пилоттық жоба – мемлекеттік орган енгізілетін реттеу нәтижесін анықтау мақсатында жүргізетін рәсім;
32-2) реттеу субъектілері – нормативтік құқықтық актілердің күші қолданылатын тұлғалар;
32-3) реттеушілік жүктеме – уақыт пен адами ресурстар шығындарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында орындалуы міндетті талаптардың белгіленуіне байланысты реттеу субъектілерінің қаржылық ауыртпалығы;
32-4) реттеушілік саясат – нормативтік құқықтық актілер арқылы қоғамдық қатынастарды мемлекеттік реттеу;
32-5) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (бұдан әрі – консультативтік құжат) – нақты саладағы мемлекеттік реттеуге жүргізілген құқықтық мониторингтің нәтижелері мен оның қазіргі проблемаларын жария талқылау тәсілдерін қамтитын, белгіленген нысандағы құжат;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
33) тармақша жаңа редакцияда көзделген – ҚР 30.12.2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33) техникалық регламент – Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес әзірленетін және қолданылатын, өнімге және (немесе) олардың өмірлік циклі процестеріне қойылатын міндетті талаптар белгіленетін нормативтік құқықтық акт;
34) уәкiлеттi орган – Қазақстан Республикасының Конституциясында, осы Заңда, сондай-ақ осы мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың құқықтық мәртебесiн айқындайтын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өздерінің құзыретiне сәйкес құқықтық актiлерді қабылдауға құқылы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдары (Қазақстан Республикасының Президентi, Қазақстан Республикасының Парламентi, Парламент Палаталары, Қазақстан Республикасының Үкiметi, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi, орталық атқарушы органдар, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар, әкімдер, өзге де мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар);
35) алып тасталды - ҚР 21.01.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
36) шоғырландырылған заң – осы Заңның 9-бабында көзделген салалардағы (аядағы) сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заң.
Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 24.05.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 21.01.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
2-бап. Осы Заңның қолданылу аясы
1) Қазақстан Республикасының Конституциясын қабылдау, өзгерту, толықтыру және оның қолданылуын тоқтату тәртібін;
2) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларын қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін;
3) осы Заңның 19-бабымен реттелетін қатынастарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу, орындау, өзгерту, толықтыру және тоқтату тәртібін;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4) тармақшаға өзгеріс енгізу көзделген – ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында, Қазақстан Республикасының қылмыстық-процестік және азаматтық процестік заңнамасында белгіленген жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау, өзгерту, толықтыру және олардың қолданылуын тоқтату тәртібін;
5) Қазақстан Республикасының стандарттау саласындағы заңнамасында белгіленген стандарттау жөніндегі құжаттарды жоспарлау, әзірлеу, бекіту, тіркеу, есепке алу, жариялау, мониторингілеу және жаңартып отыру тәртібін реттемейді.
Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 05.10.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
3-бап. Құқықтық актілерге қойылатын жалпы талаптар. Құқықтық актілердің түрлері
1) нормативтік немесе жеке-дара билік ететін құқықтық нұсқамаларды қамтуға;
2) республикалық референдумда не осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде белгіленген тәртіппен қабылдануға;
3) айқындалмаған тұлғалар тобына немесе жеке-дара айқындалған тұлғаларға арналуға;
4) қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталуға;
5) жеке және (немесе) заңды тұлғалардың құқықтары мен міндеттерінің туындауына, оларды өзгертуге, толықтыруға немесе тоқтатуға бағытталуға тиіс.
1) нормативтік құқықтық актілерге;
2) нормативтік емес құқықтық актілерге бөлінеді.
2-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢНАМАСЫ
4-бап. Қазақстан Республикасы заңнамасының жүйесі, оның тұтастығын қамтамасыз ету
1) нормативтік құқықтық актілерді қабылдау, оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленген өзгерістер мен толықтырулар енгізу тәртібін сақтау;
2) Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Заңда бекітілген нормативтік құқықтық актілер сатысын сақтау;
3) азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау арқылы қамтамасыз етіледі.
5-бап. Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары
6-бап. Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары
2-БӨЛІМ. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
3-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
7-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң негiзгi және туынды түрлерi
1) Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары, Қазақстан Республикасының кодекстері, Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, Қазақстан Республикасының заңдары;
2) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
2-1) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілері;
3) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк құқықтық қаулылары;
4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
5) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасының Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық қаулылары;
7) Қазақстан Республикасы министрлерінің және орталық мемлекеттік органдардың өзге де басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
8) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
9) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
1) ереже;
2) техникалық регламент;
3) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
4) алып тасталды - ҚР 25.11.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі);
5) қағидалар;
6) нұсқаулық.
Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде туынды түрдегі нормативтік құқықтық актілердің өзге де нысандары көзделуі мүмкін.
Ескерту. 7-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 25.11.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
8-бап. Қазақстан Республикасының кодекстерiмен реттелетiн қоғамдық қатынастар
Қазақстан Республикасының кодекстерi мынадай:
1) бюджеттiк;
2) азаматтық;
3) азаматтық процестік;
4) неке-отбасы;
5) экологиялық;
6) су;
7) жер;
8) орман;
9) салық;
10) кеден;
11) еңбек;
12) қылмыстық жазаларды орындауға байланысты;
13) әкiмшiлiк жауаптылыққа тартуға байланысты;
14) қылмыстық жауаптылыққа тартуға байланысты;
15) қылмыстық-процестік;
16) денсаулық сақтау саласындағы;
17) кәсіпкерлік саласындағы;
18) жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану саласындағы біртектес аса маңызды қоғамдық қатынастарды реттеу мақсатында қабылданады.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
8-бапты 19) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
Ескерту. 8-бапқа орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді – ҚР 07.07.2020 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
9-бап. Шоғырландырылған заңдармен реттелетін қатынастар
Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары заңнаманың құрылымын жетілдіру мақсатында қабылданады және:
1) мемлекеттік мүлік;
2) жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару;
3) білім және ғылым;
4) азаматтық қорғау;
5) тұрғын үй қатынастары;
6) қаржы нарығы мен қаржылық ұйымдарды реттеу, бақылау және қадағалау;
7) көлік;
8) рұқсаттар және хабарламалар;
9) оңалту және банкроттық;
10) сәулет, қала құрылысы және құрылыс;
11) адвокаттық қызмет және заң көмегі саласындағы (аясындағы) өзінің сипаты жағынан кешенді қоғамдық қатынастарды реттейтін заңдарды біріктіреді.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-бап. Нормативтік құқықтық актілер сатысы
1) Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзетiн заңдар;
2) Қазақстан Республикасының конституциялық заңдары;
3) Қазақстан Республикасының кодекстерi;
4) Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңдары, заңдары;
5) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының нормативтiк қаулылары;
6) Қазақстан Республикасы Президентiнiң нормативтiк құқықтық жарлықтары;
7) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары;
8) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдардың өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары;
9) орталық мемлекеттік органдардың ведомстволары басшыларының нормативтік құқықтық бұйрықтары;
10) мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдері, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулылары, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдері және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары.
Ескерту. 10-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.07.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
11-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тiкелей қолданылуы
Қосымша нормативтiк құқықтық акт қабылданғанға дейiн тиiстi қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық актілер қолданылады.
12-бап. Нормативтік құқықтық актілердегі құқық нормаларының қайшылықтары
Ескерту. 12-баптың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
13-бап. Заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын пайдалану тәртібі
Заңнаманың нақты салаларымен реттелетін қатынастарда заң ұқсастығы мен құқық ұқсастығын қолдану мүмкіндігі тиісті заңнамалық актілермен айқындалады.
14-бап. Мерзімдерді есептеу
Айлармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күні) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм осы айдың соңғы күнiнде (соңғы тәулігінде) аяқталады.
Апталармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде (тиісті тәулігінде) аяқталады.
Күндермен (тәуліктермен) есептелетiн мерзiм Қазақстан Республикасының Конституциясында көрсетілген оқиға басталған күннен басталатын конституциялық мерзімдерді қоспағанда, оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен (тәуліктен) басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде (тәулігінде) аяқталады.
Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.
Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс күні болмаса, мерзімнің аяқталу күні сол күннен кейінгі таяудағы келесi жұмыс күні болып есептеледі.
3-1-тарау. Реттеушілік саясат
Ескерту. 3-1-тараумен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
14-1-бап. Реттеушілік саясатты жүзеге асыру
Реттеушілік саясатты жүзеге асыру мыналарды қамтиды:
1) мемлекеттік реттеудің қазіргі проблемаларын талдау және жария талқылау;
2) жария талқылау нәтижелерін, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдардың ескертулері мен ұсыныстарын ескере отырып, қазіргі проблема бойынша шоғырландырылған шешімді тұжырымдау;
3) қажет болған жағдайда нормативтік құқықтық акт қабылдау арқылы реттеу енгізу;
4) реттеу субъектілеріне олардың реттеушілік жүктемесін ескере отырып, жаңа реттеуге дайындалу үшін қажетті мерзімдер беру;
5) қабылданған нормативтік құқықтық актілердің тиімділігін бағалау.
14-2-бап. Реттеушілік саясаттың міндеттері
Нормативтік құқықтық актілер арқылы мемлекеттік реттеу адамдардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін, олардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғауды, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігін, мемлекеттің мүліктік мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында енгізіледі.
Конституциялық құрылысты қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау құқықтар мен бостандықтарды шектеуге, егер мұндай шектеу заңды түрде негізделген мақсаттарға барабар болса және әділдік талаптарына сай келсе, конституциялық маңызы бар құндылықтарды қорғау үшін демократиялық мемлекетте пропорционалды, мөлшерлес және қажетті болып табылса, негіз бола алады.
14-3-бап. Заңнамалық реттеу қағидаттары
4-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН
ДАЙЫНДАУДЫ ЖОСПАРЛАУ
15-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау жоспарлары
Перспективалық жоспарларда неғұрлым маңызды нормативтiк құқықтық актiлердi, сондай-ақ оларды дайындау бiр жылдан астам мерзiмге жоспарланатын нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу көзделедi.
1) нормативтiк құқықтық актiнiң деңгейiн, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін атауы;
2) дайындау мерзiмдерi;
3) жобаны әзiрлеуге жауапты органдар мен ұйымдар көрсетiледi.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
16-бап. Заңнамалық актiлердің жобаларын дайындауды жоспарлау
4-1. Мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне құқықтық мониторинг нәтижелері негізінде Заң жобалау жұмыстарының жоспарына ұсыныстар жібереді.
1) әзірленуі алдағы жылы болжанатын, оның деңгейін, нысанын және реттеу нысанасын көрсететін заң жобасының атауын;
2) заң жобасын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Парламентіне ұсыну мерзімдерін;
3) заң жобасын әзірлеуге жауапты органдарды, ұйымдарды және лауазымды адамдарды көрсетуді қамтуға тиіс.
Ескерту. 16-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
5-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ ЖОБАЛАРЫН ДАЙЫНДАУ ЖӘНЕ РЕСІМДЕУ
17-бап. Заң жобаларын әзірлеушілер
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен заң жобасын әзірлеу тапсырылған Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі немесе Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше мерзім белгілемесе, заң жобасын әзірлеуді бір ай мерзімде жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен дайындалған заң жобалары Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы айқындайтын жағдайларда Қазақстан Республикасының мүдделі мемлекеттік органдарымен келісіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын келісу мерзімі, егер Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы өзгеше, анағұрлым қысқа мерзім белгілемесе, он жұмыс күнінен аспайды.
Ескерту. 17-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
17-1-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы құқығын іске асыру тәртібі
Орталық мемлекеттік органдар оларды өздері әзірлейтін заң жобалары үшін негіз ретінде қабылдауы немесе олардың одан әрі әзірленуі мен қабылдануын орынсыз деп тануы мүмкін.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжат Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен және Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес құрылған жеке кәсіпкерлік мәселелері бойынша сараптама кеңестерімен (бұдан әрі – сараптама кеңестері) міндетті түрде талқылауға жатады.
Консультативтік құжатты жұртшылықпен талқылау оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастыруды, сондай-ақ жария тыңдау мен пікірсайысты қамтиды.
Реттелуі жоспарланып отырған қоғамдық қатынастардың ерекшеліктеріне қарай талқылаулар жоғарыда көрсетілген тәсілдердің бірі немесе бірнешеуі пайдаланыла отырып жүргізілуі мүмкін.
Заң жобасы тұжырымдамасының жобасы оны мүдделі ұйымдармен, тұлғалармен және мемлекеттік органдармен талқылау үшін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.
Заң жобалары оларға түсіндірме жазбаларымен және салыстырма кестелерімен (заңдарға өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Консультативтік құжаттарды және заң жобалары тұжырымдамаларының жобаларын, сондай-ақ заң жобаларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру және жария талқылау тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында айқындалады.
Сынамаланатын құқық нормасын қолданылу мерзімі бойынша шектеу сынамаланатын құқық нормасына жүргізілген талдау нәтижелері негізінде алып тасталуы мүмкін.
Пилоттық жобаларды жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында белгіленеді.
Заң жобасына Мемлекет басшысының елдегі жағдай және Республиканың ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттары туралы Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдаулары шеңберіндегі Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Заң жобаларын әзірлеуге заң жобасын дайындауға жауапты әзірлеуші органның заң бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуы міндетті.
Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын заң жобаларын әзірлеуге Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және жеке кәсіпкерлік субъектілерінің аккредиттелген бірлестіктері өкілдерінің қатысуы міндетті.
Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары заң жобасын дайындау жөніндегі жұмыс тобының жұмысына кез келген сатысында қатысуға құқылы.
Әзірлеуші орган заң жобаларын әзірлеген кезде Қазақстан Республикасының заңнамасын дамытудың ғылыми тұжырымдамаларын, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым мемлекет қызметін құқықтық қамтамасыз ету саласында жүргізген іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеулерінің нәтижелерін және басқа да материалдарды пайдалануға құқылы.
Мемлекеттік кірістердің қысқартылуы немесе мемлекеттік шығыстардың ұлғайтылуы көзделетін заң жобасына қаржы-экономикалық есеп-қисаптар қоса беріледі.
Егер заң жобасында қамтылған құқық нормаларын іске асыру үшін заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді қабылдау қажет болса (егер мұндай қажеттілік болмаса, онда бұл ілеспе хатта көрсетіледі), Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша әзірленген заң жобаларын қоспағанда, заң жобасына заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары қоса беріледі. Егер заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеу басқа мемлекеттік органның құзыретіне жататын болса, онда осы мемлекеттік орган әзірлеуші органға заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын ұсынады.
Заң жобасын әзірлеу кезінде әзірлеуші органдар міндетті түрде ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасының жобасын әзірлейді.
Мемлекеттік органның, ұйымның заң жобасы бойынша ескертулері жазбаша нысанда ұсынылады және кемшіліктерді жою жөніндегі ұсыныстарды қамтуға, негізделген және тиянақты болуға тиіс.
Алынған ескертулер бойынша заң жобасы пысықталып, қабылданған және қабылданбаған ескертулер, ескертулерді қабылдамау уәждері туралы анықтама жасалады.
Ескерту. 17-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
18-бап. Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және келісу тәртібі
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындау кезінде тұжырымдама әзірленбейді.
Бірнеше уәкілетті органның заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын олар осы Заңда көзделген тәртіппен бірлесіп әзірлейді және уәкілетті органдардың басшылары қол қоятын бірлескен нормативтік құқықтық актілер түрінде қабылданады.
Бірлескен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері туынды заңға тәуелді нормативтік құқықтық актіні қабылдаған уәкілетті органдардың негізгі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілері арқылы бекітіліп, онда туынды актіні қабылдауға арқау болған негізгі нормативтік құқықтық актілер көрсетіледі.
Егер Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық жарлығының, Қазақстан Республикасы Үкіметінің нормативтік құқықтық қаулысының дайындалып жатқан жобасының құқық нормаларын іске асыру үшін бір деңгейдегі немесе төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, онда негізгі түрдегі нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде көрсетілген өзгерістері және (немесе) толықтырулары бар нормативтік құқықтық актілердің жобалары дайындалуға немесе тиісті органдарға осындай актілерді дайындау туралы тапсырмалар берілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің – Елбасының Кеңсесі, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі әзірлеген Қазақстан Республикасы Президентінің нормативтік құқықтық актілерінің жобаларын қоспағанда, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің әзірленген жобалары оларға түсіндірме жазбалармен және салыстырма кестелерімен (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайларда) бірге мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілгенге дейін ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жария талқылау үшін орналастырылады.
Егер заңдарда және (немесе) Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің саудасына немесе зияткерлік меншік құқықтарына қатысты заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары жария талқылау үшін олар қабылданғанға дейін кемінде күнтізбелік отыз күн мерзімде уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастырылады.
Заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің дайындалған жобасы, ал қажет болған кезде оны іске асыру мақсатында қабылданатын заңға тәуелді басқа нормативтік құқықтық актінің жобасы мүдделі мемлекеттік органдар мен ұйымдарға келісуге жіберіледі.
Ескерту. 18-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
19-бап. Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңестері консультативтік құжатқа немесе нормативтік құқықтық актінің жобасына өздерінің сараптама қорытындыларын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.
Сараптама қорытындылары қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын консультативтік құжатқа, нормативтік құқықтық актінің жобасына сараптама қорытындысын ұсыну үшін әзірлеуші органдар белгілейтін мерзім – Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және сараптама кеңесінің мүшелеріне хабарлама келіп түскен кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және сараптама кеңесінің мүшелері сараптама қорытындыларын белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Бұл ретте тиісті жобаларды келісу кезінде мемлекеттік органдардың әзірлеуші органдардан өзінің сараптама қорытындысын әзірлеуші орган айқындаған мерзімдерде ұсынбаған Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасынан және сараптама кеңесінің мүшелерінен сараптама қорытындыларын алуды талап етуіне тыйым салынады.
Кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба нормативтік құқықтық актінің қолданысқа енгізілуіне байланысты кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптардың нәтижелерін қамтуға тиіс.
Сараптама қорытындыларымен келіспеген жағдайда әзірлеуші орган келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.
Ескерту. 19-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-бап. Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларында консультативтік құжаттарды және заң жобаларын қоғамдық кеңестермен жария талқылау тәртібі реттеледі.
Азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен міндеттерін қозғайтын консультативтік құжат, нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша ұсынымдар ұсыну үшін белгіленетін мерзім – қоғамдық кеңес олардың ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылғаны туралы хабарламаны алған кезден бастап он жұмыс күнінен, ал заң жобалары бойынша он бес жұмыс күнінен кем болмайды.
Қоғамдық кеңес ұсынымдарды мемлекеттік орган белгілеген мерзімде ұсынбаған жағдайда, консультативтік құжат немесе нормативтік құқықтық актінің жобасы ескертусіз келісілді деп есептеледі.
Ұсынымдар қазақ және орыс тілдерінде ұсынылады.
Орталық мемлекеттік орган, жергілікті өкілді немесе жергілікті атқарушы орган ұсынымдармен келіспеген жағдайда, келіспеу себептерін негіздей отырып, ұстанымын қалыптастырады.
Консультативтік құжатты немесе нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасын талқылау қорытындысы бойынша дайындалған ұсынымдар нормативтік құқықтық актінің жобасына ол қабылданғанға дейін міндетті қосымшалар болып табылады.
Ескерту. 20-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
20-1-бап. Экологиялық қауіпсіздікке әсер ететін нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау ерекшеліктері
Ескерту. 20-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-бап. Нормативтік құқықтық актінің жобасын мүдделі мемлекеттік органдармен және ұйымдармен келісу
Ескерту. 21-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
21-1-бап. Нормативтік құқықтық актілерді дайындаудың оңайлатылған тәртібі
Оңайлатылған тәртіппен әзірленетін нормативтік құқықтық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің шешімін іске асыруға бағытталған нормаларды ғана қамтуға тиіс.
Ескерту. 21-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
22-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң деректемелері
Нормативтiк құқықтық актiлердiң мынадай деректемелері болуға тиiс:
1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк Елтаңбасы;
2) акт нысанына нұсқау: Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының Заңы; Қазақстан Республикасының конституциялық заңы; Қазақстан Республикасының кодексi; Қазақстан Республикасының шоғырландырылған заңы; Қазақстан Республикасының заңы; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулысы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсiнiң қаулысы; Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлығы; Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы; Министрдiң бұйрығы; орталық мемлекеттiк орган басшысының бұйрығы; ведомство басшысының бұйрығы; орталық мемлекеттiк органның қаулысы; мәслихаттың шешiмi; әкiмдiктің қаулысы; әкiмнің шешiмi; тексеру комиссияның қаулысы және нормативтiк құқықтық актiнiң осы Заңда көзделген өзге де нысаны;
3) нормативтiк құқықтық актiнiң реттеу нысанасын бiлдiретiн тақырып;
4) нормативтiк құқықтық актiнiң қабылданған жерi мен күні;
5) нормативтiк құқықтық актiнiң тiркеу нөмiрi;
6) нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттiк берiлген адамның немесе адамдардың қолтаңбалары;
7) осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 6), 7), 8) және 9) тармақшаларында көзделген нормативтiк құқықтық актiнiң мемлекеттiк тiркелген күнi мен нөмiрiн көрсету;
8) елтаңбалы мөр.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
23-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымы
Нормативтiк құқықтық акт бабының, тармағы мен тармақшасының iшiнде бөлiк – қисынды аяқталған, абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлген, бас әрiптен басталатын құқықтың жеке нормасы болуы мүмкiн. Егер тармақшада бірнеше бөлік болса, тармақшаның бірінші бөлігі кіші әріптен басталады.
Бөлiктiң бас әрiппен басталатын бiрiншi абзацын қоспағанда, мәтiннiң кiшi әрiптен басталатын, бiрiншi жолда абзац арқылы бөлiнiп көрсетiлетiн және мағыналық біртұтастықты білдіретін бөлiгi абзац деп есептеледі. Абзацтар (бөлiктiң бiрiншi және соңғы абзацтарынан басқасы) нүктелi үтiрмен аяқталады.
Заңнамалық актiлер, әдетте, "бап" деген атауы бар баптардан тұрады, олар бөлiктi, тармақты, тармақшаны және абзацты қамтуы мүмкiн.
Өзге де нормативтiк құқықтық актiлер олардың атауында "тармақ" деген сөз жазылмайтын тармақтардан тұрады, олар тармақшаларды, бөлiктердi, абзацтарды қамтуы мүмкiн.
Нормативтiк құқықтық актiлердегi тарау, параграф, бөлім, кiшi бөлiм тиiсiнше "тарау", "параграф", "бөлім", "кiшi бөлiм" деген сөздермен белгiленедi.
Кiрiспе бөлiк (кiрiспе) нормативтік құқықтық актілерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларында жазылмайды.
Нормативтiк құқықтық актiде пайдаланылатын терминдер мен анықтамалар бiртектес қоғамдық қатынастарды реттейтiн жоғары тұрған нормативтiк құқықтық актiде қолданылатын терминдер мен анықтамаларға сәйкес келуге тиiс.
Бұл талап республикалық бюджет туралы заңға және заңнамалық актiлерге өзгерiстер және (немесе) толықтырулар енгiзу туралы заңнамалық актiлердiң баптарына қолданылмайды.
Нормативтiк құқықтық акт бөлiктерiнiң, бөлiмдерiнiң, кiшi бөлiмдерiнiң, тарауларының және параграфтарының тақырыптары алдыңғы мәтiннен – екi, ал келесi мәтiннен бiр жоларалық интервалмен бөлiнедi.
Нормативтік құқықтық актінің, оның бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының тақырыбы нормативтік құқықтық актінің өзінің, сондай-ақ тиісті бабының, тарауының, бөлігінің, бөлімінің, кіші бөлімінің және параграфының реттеу нысанасын көрсетуге тиіс.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
24-бап. Нормативтiк құқықтық акт мәтiнiнiң мазмұнына және жазылу стилiне қойылатын талаптар
Мемлекеттiк органдардың типтiк функцияларын айқындау жөнiндегi әдiстемелiк ұсынымдарды Қазақстан Республикасының Үкiметi қабылдайды
Ескірген және көп мағыналы сөздер мен сөз орамдарын, эпитеттердi, метафораларды қолдануға, сөздердi қысқартуға жол берiлмейдi. Нормативтiк құқықтық актiнiң құрылымдық элементінде жазылған құқық нормасы нақ осы актiнiң басқа құрылымдық элементтерiнде қайталап жазылмайды.
Қазақ және орыс тілдеріндегі нормативтік құқықтық актілердің мәтіндері теңтүпнұсқалы болуға тиіс.
Заңның өтпелі ережелерінде ол қолданысқа енгізілгенге дейінгі қатынастарды реттеу тәртібі көрсетіледі, жаңа құқық нормаларына өту мерзімдері мен тәсілдері белгіленеді.
Заңның қорытынды ережелерінде осы актіні қолданысқа енгізу, бұрын шығарылған актінің күші жойылды деп тану, оның күшін жою туралы нормалар бекітіледі. Осы актіні орындау және дамыту мақсатында қажет болғанда басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерді шығаруы туралы талаптар белгіленеді.
Тапсырма беруші тұлғаға бағынысты емес мемлекеттік органдарға қатысты, нормативтік құқықтық актілердегі тапсырмалар ұсынымдық нысанда не олармен келісім бойынша жазылуға тиіс. Соңғы жағдайда мемлекеттік органның атауынан кейін "(келісім бойынша)" деген белгі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық акт мәтінінің қарапайым және ықшам болуын қамтамасыз ету мақсатында нормативтік құқықтық акт мәтінінің өзінде қысқартудың не аббревиатураның мағынасын таратып жаза отырып, мемлекеттік органдардың және өзге де ұйымдардың атауларын қысқартуға жол беріледі.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
25-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерде сiлтеме жасау және жазып келтіру
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге сілтеме жасау кезінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
Заңнамалық актілерге сілтеме жасау кезінде олардың тіркелген нөмірлерін, сондай-ақ қабылданған күндерін көрсету талап етілмейді.
Стандарттау жөніндегі құжаттың түрі ғана көрсетілетін заңнамалық актілерді қоспағанда, нормативтік құқықтық актілерде стандарттау жөніндегі құжаттарға сілтеме жасалған кезде олардың атауы не түрі көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерде ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және ұлттық техникалық-экономикалық ақпарат сыныптауыштарын қолдану тәртібін стандарттау саласындағы уәкілетті орган айқындайды
Ескерту. 25-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 11.07.2017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 05.10.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
26-бап. Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
Нормативтік құқықтық актіге немесе нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актінің тақырыбында бірінші кезекте "өзгерістер" немесе "өзгеріс" деген сөз көрсетіледі.
Нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актіге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
Аталған талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
Бір ғана күннің шегінде қабылданған нормативтік құқықтық актілер олардың тіркеу нөмірлеріне немесе ресми жарияланым дереккөздеріндегі құжат нөмірлеріне сәйкес көрсетіледі.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заң жобаларын қарау кезінде, сондай-ақ заң жобаларына және Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарына қатысты қолданылмауы мүмкін.
Егер нормативтік құқықтық акт қосымшамен толықтырылса, нормативтік құқықтық актінің мәтініне нормативтік құқықтық актіні қосымшамен немесе туынды түрдегі нормативтік құқықтық актімен толықтыру туралы тармақ (тармақша) енгізіледі.
Заң жобаларын жаңа редакцияда ресімдеу кезінде бап көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Өзге нормативтік құқықтық актіні жаңа редакцияда ресімдеу кезінде тармақ көлемді айқындау бірлігі болып табылады.
Осы тармақтың талаптары Қазақстан Республикасының Парламентіне енгізілген заң жобаларын қарау кезінде қолданылмайды.
Ескерту. 26-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
27-бап. Нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актілерді ресімдеу
Бұл талап жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актінің жекелеген құқық нормаларын іске асыру үшін төмен тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілер қабылданып, одан сондай құқық нормалары алып тасталған жағдайларда да қолданылады.
Күші жойылды деп тануға жататын нормативтік құқықтық актілер олардың заңдық күшінің арақатынасына қарай, сондай-ақ қабылданған күні бойынша хронологиялық ретпен орналастырылады.
Өзге нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы өзге нормативтік құқықтық акт жобасының мәтінінде аталған нормативтік құқықтық актілердің тақырыбы, қабылданған күні, тіркеу нөмірі көрсетіледі.
Мемлекеттік тіркеуден өткен нормативтік құқықтық актінің күші жойылды деп тану туралы нормативтік құқықтық актінің мәтінінде оның Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген нөмірі қосымша көрсетіледі.
Егер нормативтік құқықтық актіде нормативтік құқықтық актінің көлемі бойынша кіші бөлігінің күші жойылды деп танылса, онда күші жойылды деп тануға арналған тізбеге жаңадан қабылданған нормативтік құқықтық актіге қайшы келетін не онда қамтылатын құрылымдық элементтер ғана енгізіледі.
Мұндай жағдайларда нормативтік құқықтық актінің көлемі осы Заңның 26-бабының 9-тармағына сәйкес айқындалады.
Аталған талап заңнамалық актілерге қолданылмайды.
Нормативтік құқықтық актіде қолданылу мерзімі өткен құқық нормаларымен қатар күші жойылды деп тануға жататын құқық нормалары қамтылған жағдайда, тізбеге бүкіл нормативтік құқықтық акт енгізіледі.
Егер нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементінде қосымшаны бекітумен қатар өз қолданысын сақтайтын құқық нормасы қамтылса, ал қосымша күші жойылды деп тануға жататын болса, онда тармақ қосымшаға қатысты бөлігінде тізбеге енгізіледі, ал қосымша бөлек ескертілмейді.
Ескерту. 27-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
28-бап. Нормативтік құқықтық актілерге қосымшаларды ресімдеу
29-бап. Заңнамалық актінің жобасын Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Мәжiлiсiне енгiзу және кері қайтарып алу
Заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжiлiсіне қағаз және электрондық жеткiзгіштерде қазақ және орыс тiлдерінде енгiзiледi.
1) заңнамалық актінің жобасына жобаны қабылдаудың қажеттігі негізделген, мақсаттары, міндеттері, негізгі ережелері кеңінен сипатталған түсіндірме жазба, ал Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін – арнайы жолдау;
2) жұмыс тобы құрылған жағдайда оның құрамы;
3) Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын, Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары келісу рәсімінен өтпеген жағдайларды, сондай-ақ заңнамалық актінің жобасы Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен енгізілетін жағдайларды қоспағанда, мүдделі мемлекеттік органдармен келісу парағы;
4) осы Заңның 30-бабына сәйкес ғылыми сараптама қорытындысы және сараптама кеңесі мүшелерінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының сараптама қорытындылары, қоғамдық кеңестердің ұсынымдары, олар болған кезде;
5) Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобаларын қоспағанда, егер заң жобасы мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін болса, қаржы-экономикалық есеп-қисаптар, заңды қолданудың ықтимал экономикалық, әлеуметтiк, заңдық, экологиялық салдарларының болжамдары, сондай-ақ бар болса, статистикалық деректер;
6) жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына қатысты Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінде көзделген жағдайларда реттеушілік әсерді талдау;
7) Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару бастамасы тәртібімен Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізілетін заң жобасы үшін – заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы (заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілердің жобалары).
Заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы заңнамалық актінің жобасына енгізілетін өзгерістердің және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесі бар, заңнамалық актінің құрылымдық элементтерінің қолданыстағы және ұсынылып отырған редакциясының салыстырма кестесі ұсынылады.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен Парламент Мәжілісіне енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары үшін мұндай қорытындының болуы талап етілмейді.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 24.05.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
6-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖОБАЛАРЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ САРАПТАМАСЫ
30-бап. Ғылыми сараптаманың міндеттері
Заңнамалық актілердің жобалары Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізіліп, ғылыми сараптама жүргізілмеуге болатын жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізілуі міндетті.
1) жобаның сапасын, негізділігін, уақтылығын, құқыққа сыйымдылығын, жобада Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адам және азамат құқықтарының сақталуын бағалау;
2) нормативтік құқықтық актінің ықтимал тиімділігін айқындау;
3) жобаның нормативтік құқықтық акт ретінде қабылдануының ықтимал теріс салдарларын анықтау үшін жүргізіледі.
Ескерту. 30-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 26.11.2019 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
31-бап. Сараптаманы жүзеге асыратын адамдар
Ескерту. 31-баптың тақырыбына өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1. Ғылыми құқықтық сараптама объектілеріне ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшы (ғылыми құқықтық сарапшылар) жүргізеді.
Ғылыми сараптама жүргізу үшін жоба шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
32-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын сараптамаға жiберу кезiндегi бастамашылық
1) заң шығару бастамасы тәртібімен жобаны Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісіне енгізетін Қазақстан Республикасының Президенті немесе оның тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары және Қазақстан Республикасының Үкіметі;
2) уәкілетті орган;
3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдай алады.
33-бап. Нормативтік құқықтық актілердің ғылыми лингвистикалық сараптамасы
1-1. Ғылыми лингвистикалық сараптаманы Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын уәкілетті ұйым жүргізеді.
Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
33-1-бап. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама
Ескерту. 6-тарау 33-1-баппен толықтырылды - ҚР 26.11.2019 Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
33-2-бап. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама
Ескерту. 6-тарау 33-2-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-3-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының құқықтары мен міндеттері
1) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыру үшін, оның ішінде ғылыми сараптама қызметін жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша материалдарды қорытынды беруге қажетті көлемде алуға;
2) орындалған жұмыс үшін сыйақы алуға;
3) сараптама қызметін жазбаша өтініш негізінде алты айдан аспайтын мерзімге тоқтата тұруға құқылы.
Сараптама қызметін тоқтата тұру сарапшыны бұрын берген қорытынды бойынша жоғарыда көрсетілген құқықтарды пайдалану мүмкіндігінен айырмайды.
1) ғылыми құқықтық сараптама процесіне тартылмаған өзге де тұлғалармен сараптама жүргізуге байланысты мәселелер бойынша келіссөздер жүргізуге;
2) ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға үшінші тұлғаларды тартуға;
3) ғылыми құқықтық сараптама нысанасын құрайтын материалдарды және өзіне ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруға байланысты белгілі болған өзге де мәліметтерді жария етуге;
4) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілетін нормативтік құқықтық акт жобасының атауы мен мазмұнын, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларына сәйкес ресми жарияланған кезіне дейін сараптама қорытындысының мазмұнын жария етуге құқылы емес.
1) өзіне берілген ақпарат пен материалдар негізінде жан-жақты, толық және объективті ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге, сараптама қорытындысына қойылатын талаптарға сәйкес қойылған мәселелер бойынша ғылыми негізделген тәуелсіз және объективті жазбаша қорытынды беруге;
2) ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу қағидаларында көзделген жағдайларда ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартуға;
3) бұрын берілген қорытындыға байланысты мәселелер бойынша консультациялар мен түсініктер беруге;
4) бұрын өзі берген қорытындыны түсіндіру үшін заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуға міндетті.
Ғылыми құқықтық сарапшының заң жобасын Қазақстан Республикасының Парламентінде талқылауға қатысуы ол жүрген не тұратын жермен бейнеконференцбайланыс құралдарын пайдалана отырып жүргізілуі мүмкін. Бейнеконференцбайланыс құралдарын техникалық қолдану тәртібін Қазақстан Республикасы Парламентінің қызметін ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын орган айқындайды.
Ескерту. 6-тарау 33-3-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-4-бап. Ғылыми құқықтық сарапшының қарсылық білдіруі
1) өзіне ғылыми құқықтық сараптамаға жіберілген заң жобасы тұжырымдамасының жобасын және заң жобасын келісу процесіне бұрын қатысса;
2) әзірлеуші органның қызметкері болып табылса;
3) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу нысанасы ғылыми білімінің шегінен тыс болса не өзіне ұсынылған материалдар қорытынды беру үшін жеткіліксіз болса не өзінің ғылыми құқықтық сараптаманың объективті және тәуелсіз сараптама қорытындысын беруін болғызбайтын өзге де мән-жайлар болса, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатыса алмайды.
Ескерту. 6-тарау 33-4-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
33-5-бап. Ғылыми құқықтық сарапшымен шартты бұзу негіздері
1) ғылыми құқықтық сарапшының міндеттемелерді орындамауы не бірнеше рет (үш және одан көп рет) тиісінше орындамауы;
2) ғылыми құқықтық сарапшының Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесі мүшесінің, мәслихат депутатының өкілеттіктерін атқаруы;
3) ғылыми құқықтық сарапшының өтініші;
4) шартта көзделген өзге де негіздер.
Ескерту. 6-тарау 33-5-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІНІ ҚАБЫЛДАУ ТӘРТІБІ
34-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдау тәртiбiн айқындау
1) кодекстер үшін – осы Заңда.
Кодекстер, оларға өзгерістер мен толықтырулар Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бөлек отырыстарында рет-ретімен қарау арқылы кемінде екі оқылымда қабылданады;
1-1) кодекстерге өзгерістер мен толықтырулар тиісті кодекстерде белгіленген ерекше тәртіптермен енгізілуі және қабылдануы мүмкін;
2) шоғырландырылған заңдар және заңдар үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы, республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, оның iшiнде Парламенттің және оның Палаталарының регламенттерiнде
3) Парламенттің және оның Палаталарының қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Парламентi туралы заңнамалық актiлерде
4) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Президентi туралы заңнамалық актiде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентiнiң осы тәртiптi реттейтiн актiлерiнде;
5) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциясында, Қазақстан Республикасының Үкiметі туралы заңнамалық актiде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде;
6) Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін, сондай-ақ кірмейтін орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың және орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның және Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің нормативтік құқықтық актілері үшін – Қазақстан Республикасының Үкіметі және осындай органдар туралы заңнамалық актілерде, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің осындай органдардың қызметін реттейтін қаулыларында;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
6-1) тармақшамен толықтыру көзделген – ҚР 30.12.2020 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
7) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi туралы заңнамалық актiде
8) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары үшiн – Қазақстан Республикасының соттары туралы заңнамада
9) Орталық сайлау комиссиясының (Орталық референдум өткізу жөніндегі комиссияның) нормативтiк қаулылары үшiн – сайлау туралы және республикалық референдум туралы заңнамалық актiлерде
10) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың және тексеру комиссияларының нормативтiк шешiмдерi үшiн – осы органдар туралы заңнамалық актiлерде, өзге де заңнамалық актiлерде, Қазақстан Республикасы Президентiнiң және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң актiлерiнде айқындалады.
Осы Заңның 7-бабы 2-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген нормативтік құқықтық актілерді қабылдау кезінде нормативтік құқықтық актіні әзірлеуші орган қабылданған заңды ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасын бекітеді.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы деп азаматтарға Қазақстан Республикасының заңнамасындағы өздерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қозғайтын өзгерістер туралы хабар беру және оларды түсіндіру, сондай-ақ қабылданған заңның тиімді іске асырылуын қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар тізбесі түсініледі.
Ақпараттық сүйемелдеу және түсіндіру бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару қызметінің қағидаларында айқындалатын тәртіппен Қазақстан Республикасының Әділет министрлігімен және бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісіледі.
Ескерту. 34-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
35-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге қол қоюға уәкiлеттік берілген адамдар
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізетін заңдарына, конституциялық заңдарына, кодекстерiне, шоғырландырылған заңдарына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентiнiң жарлықтарына – Қазақстан Республикасының Президентi;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы; Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісінің қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжiлiсінің Төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының қаулыларына – Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының Төрағасы;
3) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларына – Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi;
4) мәслихат шешiмдерiне – мәслихат сессиясының төрағасы және мәслихат хатшысы;
5) әкімдік қаулыларына, әкімнің шешімдеріне – әкім;
6) өзге де нормативтiк құқықтық актiге – оны қабылдаған (шығарған) органның басшысы қол қояды.
Ескерту. 35-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
35-1-бап. Орталық мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және облыстар, республикалық маңызы бар қалалар, астана тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерін олардың күшіне енуінің шарты ретінде мемлекеттік тіркеу
1) осы Заңның 18-бабының 6-тармағына сәйкес әділет органдары бұрын келіскен нормативтік құқықтық актіге қатысты әділет органдарының заң сараптамасын жүргізуін;
2) мемлекеттік тіркеу нөмірін бере отырып, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне нормативтік құқықтық акт туралы мәліметтер енгізуді қамтиды.
1) мемлекеттік құпияларды қамтитын нормативтік құқықтық актілерге;
2) уәкілетті органдардың басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерге;
3) мемлекеттік органның мәртебесі мен өкілеттігін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерге;
4) үлгілік нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқық нормаларын қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерге;
5) тізбесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ұсыныстары негізінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.
1) мемлекеттік тіркеуге жататын нормативтік құқықтық актіні осындай тіркеуге нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, келісу және мемлекеттік тіркеу қағидаларының талаптарын бұза отырып ұсыну;
2) заң сараптамасы жүргізілгеннен кейінгі кезеңде қабылданған немесе күшіне енген жоғары тұрған деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге қайшылықтың анықталуы;
3) осы Заңда белгіленген талаптардың сақталмауы.
Нормативтік құқықтық актіні мемлекеттік тіркеуден бас тартуға мүдделі мемлекеттік орган сот тәртібімен шағым жасай алады.
Ескерту. 35-1-баппен толықтырылды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
36-бап. Уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған немесе таратылған кезде нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі құқықтар
Нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығы берілген уәкілетті орган қайта ұйымдастырылған не таратылған жағдайда, құқықтық мирасқорға немесе таратылған уәкілетті органның функциялары берілген уәкілетті органға оның құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді қабылдау құқығымен бірге нормативтік құқықтық актілерді өзгерту, толықтыру, олардың қолданысын тоқтату және тоқтата тұру жөніндегі өкілеттіктер ауысады.
8-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖАРИЯЛАУ
37-бап. Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау міндеттілігі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, Қазақстан Республикасының Президенті мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілер жинағы, "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми баспасөз басылымдары болып табылады.
Нормативтік құқықтық актілерді ресми жариялау Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде де электрондық түрде жүзеге асырылады.
Ескерту. 37-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 06.04.2016 (қолданысқа енгізілу тәртібін қараңыз); 24.05.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
38-бап. Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының нормативтік-құқықтық актілерін ресми жариялау
Ескерту. 38-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
39-бап. Мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерін, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларын, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларын және әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерін ресми жариялау
Ескерту. 39-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
40-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің мәтіндерін толық жарияламауға жол бермеу
41-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың, сондай-ақ мәслихаттардың, әкімдіктердің, тексеру комиссияларының және әкімдердің нормативтік құқықтық актілерінің ресми жариялануын бақылау
Ескерту. 41-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
9-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІҢ УАҚЫТ, КЕҢІСТІК
ЖАҒЫНАН ЖӘНЕ ТҰЛҒАЛАР ТОБЫ БОЙЫНША ҚОЛДАНЫЛУЫ
42-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң күшiне ену және оларды қолданысқа енгізу уақыты
Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлер мемлекеттiк тiркелген күннен бастап күшiне енедi.
1) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулыларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерi, Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтiк құқықтық жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң нормативтiк құқықтық қаулылары – егер актiлердiң өздерiнде немесе оларды қолданысқа енгiзу туралы актiлерде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң;
2) Қазақстан Республикасы Парламентiнің және оның Палаталарының қаулылары, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары – егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап;
3) Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң қаулылары – қабылданған күнінен бастап;
4) Қазақстан Республикасы министрлерiнің және орталық мемлекеттiк органдар мен олардың ведомстволарының өзге де басшыларының нормативтiк құқықтық бұйрықтары, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының, Қазақстан Республикасы Республикалық
бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтiк құқықтық қаулылары, мәслихаттардың нормативтiк құқықтық шешiмдерi, әкiмдiктердiң нормативтiк құқықтық қаулылары, тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулылары және әкiмдердiң нормативтiк құқықтық шешiмдерi – егер актiлердiң өздерiнде өзге мерзiмдер көрсетiлмесе, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4-1. Нормативтік құқықтық актіні қолданысқа енгізу мерзімдері реттеу субъектілеріне қызметін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленетін талаптарға сәйкес жүзеге асыруға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып белгіленуге тиіс.
Мемлекеттік органдар мен ұйымдарды қоспағанда, реттеу субъектілерінің жаңа міндеттерін белгілейтін заңдарды немесе олардың жекелеген нормаларын қолданысқа енгізу мерзімдері міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті мерзімдерді негізге ала отырып айқындалады және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен кем болмайды.
Реттеушілік құралдардың енгізілуіне немесе пайдаланылуына байланысты кәсіпкерлік субъектілеріне қосымша талаптарды, міндеттерді немесе жүктемені өзгеше ұлғайтуды белгілейтін жекелеген нормалар, оның ішінде кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеудің нысандары мен құралдары оларға міндеттерді орындауға дайындалу үшін қажетті, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күннен бұрын қолданысқа енгізілмейді.
Осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары орталық және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ әкімдердің Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда тиісті аумақта карантиндік режимді енгізе отырып, карантиндік аймақты белгілеу (күшін жою) туралы, карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілеріне, сондай-ақ қаржы ұйымдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-банктері филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары филиалдарының, Қазақстан Республикасының бейрезидент-сақтандыру брокерлері филиалдарының және сақтандыру топтары мен банк конгломераттары құрамына кіретін тұлғалардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
Нормативтік құқықтық актілерді қолданысқа енгізу тәртібі мен мерзімдері реттеу субъектілеріне нұқсан келтірмеуге тиіс.
Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
43-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң керi күшi
Ескерту. 43-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
44-бап. Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдардың, олардың ведомстволарының, сондай-ақ, мәслихаттардың, әкімдіктердің және әкімдердің нормативтiк құқықтық актiлерiн олардың күшiне енуінің шарты ретiнде мемлекеттiк тiркеу
Ескерту. 44-бап алып тасталды – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
45-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылу мерзiмi
46-бап. Нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын тоқтата тұру және тоқтату
Нормативтік құқықтық актінің немесе оның жекелеген нормаларының қолданысы «Төтенше жағдай туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 2-тармағында көзделген жағдайда және тәртіппен тоқтатыла тұруы мүмкін.
1) акт (оның бір бөлiгi немесе бөлiктерi) қабылданған мерзiм өткенде;
2) бұрын шығарылған нормативтiк құқықтық актiнiң, оның бөлiктерiнiң (бір бөлiгiнiң) ережелерiне қайшы келетiн немесе бұрын шығарылған актiнi немесе оның бір бөлiгiн (бөлiктерiн) қамтитын жаңа нормативтiк құқықтық акт қабылданғанда;
3) қабылданған акт Қазақстан Республикасының Конституциясында белгiленген тәртiппен конституциялық емес деп танылғанда;
4) осы актiнi қабылдаған орган немесе қабылдауға уәкiлеттік берiлген өзге де орган актiнiң немесе оның бір бөлiгiнiң (бөлiктерiнiң) күшi жойылды деп танығанда, өзiнiң қолданылуын тоқтатады.
Ескерту. 46-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 16.05.2020 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
47-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң кеңiстiк жағынан қолданылуы
Ескерту. 47-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 05.07.2018 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
48-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң тұлғалар тобы бойынша қолданылуы
49-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ету шаралары
1) нормативтiк құқықтық актiнi Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілерге сәйкес келтiрумен;
2) нормативтiк құқықтық актiнiң қолданылуын белгiленген тәртiппен тоқтата тұрумен;
3) нормативтiк құқықтық актiлердiң құқықтық мониторингiн жүргiзумен;
4) нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу кезiнде Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамалық актілерге сәйкестiгi тұрғысынан тексерумен қамтамасыз етiледi.
1) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi;
2) соттар;
3) Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры және оған бағынысты прокурорлар;
4) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi және оның аумақтық органдары;
5) төмен тұрған органдар қабылдаған нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты – уәкілетті органдар;
6) өздерi қабылдаған және (немесе) әзiрлеушiлері болған заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлерге қатысты – заңға тәуелді нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдаған және (немесе) олардың әзiрлеушiлері болып табылатын уәкiлетті органдар нормативтiк құқықтық актiлердiң заңдылығын қамтамасыз ететiн мемлекеттің органдары мен лауазымды адамдары болып табылады.
Уәкілетті орган хабарламада белгіленген мерзімдерде осы тармақтың бірінші бөлігінде көрсетілген нормативтік құқықтық актіні Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру жөніндегі шараларды қабылдамаған жағдайда, әділет органдары осындай нормативтік құқықтық актіні заңсыз деп тану туралы өтінішпен сотқа жүгінеді.
Ескерту. 49-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
10-тарау. МОНИТОРИНГ
50-бап. Құқықтық мониторинг
Ескерту. 50-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 21.01.2019 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
51-бап. Нормативтік құқықтық актілердің қоғамдық мониторингі
1-1. Қоғамдық кеңестер азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілерге қоғамдық мониторинг жүргізуге құқылы.
Ескерту. 51-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
11-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРДІ ЖҮЙЕЛЕУ ЖӘНЕ
ЕСЕПКЕ АЛУ
52-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi жүйелеу
53-бап. Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік есепке алу
Осы Заңның 35-1-бабына сәйкес әділет органдары электрондық түрде тіркеген нормативтік құқықтық акт Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізіліміне, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін уәкілетті ұйымға автоматты түрде жіберіледі.
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне осы Заңның 35-бабына сәйкес оған қол қоюға уәкілеттік берілген адамның электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған нормативтік құқықтық акт қағаз түрінде және (немесе) электрондық түрде енгізіледі.
Ескерту. 53-бап жаңа редакцияда – ҚР 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
54-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердің жариялылығы
Барлық уәкiлеттi органдар, мемлекеттiк құпияларды немесе заңмен қорғалатын құпияны қамтитындардан басқа, қабылданған нормативтiк құқықтық актiлермен танысу үшін мүдделi тұлғаларға оларды қолжетімді етуге мiндеттi.
3-бөлім. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
12-тарау. НОРМАТИВТІК ЕМЕС ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
55-бап жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
55-бап. Нормативтік емес құқықтық актілердің түрлері
Нормативтік емес құқықтық актілерге:
1) нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілері;
2) жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер;
3) мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілер жатады.
Мемлекеттік жоспарлау жүйесі саласындағы құқықтық актілердің түрлері және оларды әзірлеу тәртібі заңдарда, Қазақстан Республикасы Үкіметінің және уәкілетті органдардың актілерінде белгіленеді.
Ескерту. 55-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2017 Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
56-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерді қабылдау шарттары
57-бап. Нормативтік емес құқықтық актілерге шағым жасау және наразылық білдіру
Нормативтік емес құқықтық актілерге Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен және негіздер бойынша шағым жасалуы және наразылық білдірілуі мүмкін.
13-тарау. НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕРГЕ РЕСМИ ТҮСІНДІРМЕ
БЕРУ АКТІЛЕРІ
58-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беру актілері туралы жалпы ережелер
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
Ескерту. 58-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
59-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме берудің шарттары
2-1. Заң нормаларын түсіндіру оларда баянды етілген заңнамалық реттеу қағидаттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 12.03.2021 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
60-бап. Нормативтiк құқықтық актiлерге ресми түсiндiрме беруді жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар, лауазымды адамдар
Мұндай түсіндірмелердің міндетті заңдық күші болмайды және олар ұсынымдық сипатқа ие.
Ескерту. 60-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
61-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерінің құрылымы
1) нормативтік құқықтық актінің нормасына түсіндірме беруші уәкілетті органның атауы;
2) түсіндірме берілетін норма қамтылған нормативтік құқықтық актінің құрылымдық элементін, түсіндірме берілетін норманы қамтитын нормативтік құқықтық актінің қабылданған күні мен нөмірін көрсете отырып, ресми түсіндірме беру актісінің атауы;
3) нормативтік құқықтық актіге ресми түсіндірме беру актісінің қабылданған жері мен күні;
4) нормативтік құқықтық актінің нормасына соның бастамасы бойынша түсіндірме беріліп отырған органның не жеке немесе заңды тұлғаның атауы көрсетіледі.
62-бап. Нормативтік құқықтық актілерге ресми түсіндірме беру актілерін жариялау
Ескерту. 62-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
14-тарау. ЖЕКЕ-ДАРА ҚОЛДАНЫЛАТЫН ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
63-бапты алып тастау көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
63-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілер туралы жалпы ережелер
1) жеке-дара айқындалған тұлғалар тобына (жеке және заңды тұлғаларға) қолданылады;
2) құқық нормаларын қамтымайды;
3) жеке-дара айқындалған тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін іске асырады.
64-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерге және оларды ресімдеуге қойылатын талаптар
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңнамаға және жоғары тұрған мемлекеттік органдардың құқықтық актілеріне қайшы келмеуге;
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
2) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
2) оның құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге тиіс, ал мазмұны біркелкі түсіну мен қолдануды қамтамасыз етуге, белгіленетін шаралар мазмұнын анық баяндауға, құқықтық актінің күші қолданылатын және (немесе) оларды белгіленген мерзімдерде іске асыруға жауапты болатын тұлғалар тобын тиянақты айқындауға тиіс.
2-1. Конституциялық емес деп танылған, оның ішінде адамның және азаматтың Конституцияда баянды етілген құқықтары мен бостандықтарына нұқсан келтіреді деп танылған жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күші жойылады және қолданылуға жатпайды.
1) құқықтық актінің атауын;
2) осы актінің қарау нысанасын білдіретін тақырыпты;
3) актінің қабылданған жері мен күнін;
4) тиісті актіге қол қоюға уәкілеттік берілген адамның (адамдардың) қолтаңбасын (қолтаңбаларын);
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, органның мөрін қамтуға тиіс.
Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілерді қабылдау рәсімдері, оларды ресімдеуді, орындауды және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру осы Заңда және өзге де нормативтік құқықтық актілерде айқындалады.
Ескерту. 64-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 11.07.2017 Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
65-бап. Жеке-дара қолданылатын құқықтық актілердің күшіне енуі және қолданылуын тоқтатуы
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
4-тармақты алып тастау көзделген - ҚР 29.06.2020 Заңымен (01.07.2021 бастап енгізіледі).
Ескерту. 65-бапқа өзгерістер енгізілді – ҚР 02.07.2018 (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 03.07.2019 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
15-тарау. ӨТПЕЛІ ЖӘНЕ ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР
66-бап. Өтпелі ережелер
Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізуді жүзеге асыратын мемлекеттік кәсіпорын:
1) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін қалыптастыруды электрондық-цифрлық нысанда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын интернет-ресурстан қамтамасыз етеді;
2) 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін қабылданған қалыптастырылған нормативтік құқықтық актілерді баспа нысанындағы нормативтік құқықтық актілермен электрондық-цифрлық нысанда сәйкес келтіруді 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қамтамасыз етеді.
67-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев