2022 жылғы 20 ақпанда Ақмола облысының 6 (30,0%) ауданында аудандық маңызы бар қаланың, ауылдардың және ауылдық округтердің 6 (20-дан) әкімін сайлау өткізілді.
2 әкім Сандықтау (Каменск ауылдық округі), Целиноград (Жарлыкөл ауылдық округі) аудандарында сайлау өкілеттік мерзімінің аяқталуына байланысты және өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты 4 әкім тағайындалды (2 – денсаулық жағдайы бойынша (Жарқайың ауданының Державинск қаласы, Біржан сал ауданының Макинск ауылдық округі) 1 - басқа ауданда мемлекеттік лауазымға тағайындалуына байланысты (Бұланды ауданы Капитонов ауылдық округі), 1 – тұрғылықты жерінің өзгеруіне байланысты (Жақсы ауданының Подгорное ауылы).
7 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
Барлығы төрт округ бойынша 24 кандидат ұсынылды: 6 – «NurOtan» партиясынан, 18 – өзін-өзі ұсыну жолымен.
Тіркеуге дейін әртүрлі себептер бойынша 3 кандидат алынып тасталды, оның ішінде 2 – мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеуі бойынша және 1 – өз кандидатурасын алып тастау туралы өтініш бойынша бас тартылды.
21 кандидат тіркелді, оның 6-ы (28,6%) – «NurOtan» саяси партиясымен, 15-і - өзін-өзі ұсыну.
Орташа бәсекелестік 3,5 адамды құрады. 21 кандидаттың 9-ы (42,9%) әйелдер, 15-і мемлекеттік қызметшілер болып табылады, оның ішінде 2 кандидат нақты ауылдық округте әкімдікке қайта дауысқа түсті, 4-і -бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері , 1-і-коммерциялық құрылымның өкілі, 1-і - зейнеткер.
Орташа жасы – 39 жас, ал ең жасы – 29 жас, ең үлкені - 58 жас. 8 (38,1%) үміткер ауылдық округте, 13 (61,9%) – ауданда тұрады.
Жалпы облыс бойынша сайлаушылардың келуі 76,16% құрады.
Біржан сал ауданы
Макинск ауылдық округі бойынша 4 кандидат ұсынылды: 1 – «NurOtan» партиясынан, 3-өзін-өзі ұсыну жолымен.
2 кандидат мемлекеттік қызметшілер болып табылады (аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің бас маманы, мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы), 1 - бюджеттік ұйымның қызметкері («Отрадный орман шаруашылығы» КММ бас орманшысы), 1 - ІІМ зейнеткері.
4 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 1684 сайлаушының 1079-ы (64,08%) қатысты.
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1975 жылы туған Ж.С.Көшкінбаев сайланды, «Ақмола облысы Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының Отрадное орман шаруашылығы мекемесі» КММ бас орманшысы, 719 дауыс (73,5%) алған өзін-өзі ұсынған адам, ал «NurOtan» партиясының өкілі (Б.Қ.Даукенов) тек 22,4% дауыс алды.
Сайлау учаскелерінде кандидаттардың 33 сенім білдірген адамдары, «NurOtan» партиясынан 15 байқаушы, «Ауыл» ХДПП-нан 1 байқаушы және «Ауғанстандағы соғыс мүгедектері мен ардагерлері одағы» ҚБ-дан 1 байқаушы тіркелді.
Сайлау науқаны кезінде өтініштер түскен жоқ.
Бұланды ауданы
Капитоновка ауылдық округі бойынша 5 кандидат ұсынылды: 1 – «NurOtan» партиясынан және 4 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
3 кандидат мемлекеттік қызметшілер (Бұланды ауданы әкімі аппаратының пайдалану және күзет жерлерін бақылау жөніндегі бас инспекторы, Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы, Бұланды ауданы әкімі аппаратының АҚ және ТЖ жөніндегі бас инспекторы), 2 - бюджеттік ұйымның қызметкерлері (Бұланды ауданы Халықты жұмыспен қамту орталығының директоры, Капитоновка а. Жалпы білім беретін мектептің әдіскер-тәрбиешісі) болып табылады.
1 кандидат (Р.А.Төлебаева өзін-өзі ұсыну) тіркеуге дейін өтініші бойынша алынып тасталды.
4 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 716 сайлаушының 506-сы қатысты (70,67%).
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1988 жылы туған, Капитоновка ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы З.Е. Янкова сайланды, «NurOtan» партиясынан ұсынылды, 367 (75,2%) дауыс жинады.
Сайлау учаскесінде кандидаттардың 3 сенім білдірілген адамы, «NurOtan» партиясынан 3 байқаушы, «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ облыстық филиалынан 1 байқаушы тіркелді.
Сайлау науқаны кезінде өтініштер келіп түскен жоқ.
Жақсы ауданы
Подгорное ауылы бойынша 3 кандидат ұсынылды: 1 – «NurOtan» партиясынан және 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
3 кандидат мемлекеттік қызметші болып табылады (аудан әкімі аппаратының құжаттамалық қамтамасыз ету және қаржы-шаруашылық қызметі бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің басшысы, Подгорное а. аппаратының бас бухгалтері)
3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 430 сайлаушының 408-і қатысты (94,89%).
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1990 жылы туған, Подгорное ауылы әкімі аппаратының бас бухгалтері Г.К. Мажитова сайланды, «NurOtan» партиясынан ұсынылды, 349 (93,3%) дауыс жинады.
Сайлау учаскесінде кандидаттардың 1 сенім білдірілген тұлғасы, «NurOtan» партиясынан 3 байқаушы, «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ облыстық филиалынан 2 байқаушы тіркелді.
Сайлау науқаны кезінде өтініштер келіп түскен жоқ.
Жарқайың ауданы
Державинск қаласы бойынша 4 кандидат ұсынылды: 1 – «NurOtan» партиясынан және 3 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
4 кандидат мемлекеттік қызметшілер болып табылады (Жарқайың ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы, Отрадное ауылдық округінің бас маманы, Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары , аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс және мемлекеттік қызмет көрсетуді талдау бөлімінің басшысы).
1 кандидатқа (Б.Қ. Жамалиев) мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеу бойынша бас тартылды
3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 5121 сайлаушының 4153-і қатысты (81,1%).
По г.Державинск выдвинуты 4 кандидата: 1– от партии «NurOtan»и 3 путем самовыдвижения.
Дауыс беру қорытындысы бойынша Жарқайың ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі басшысының орынбасары Т.О. Бейсенов 2657 дауыс (68,5%) жинады.
Сайлау учаскелерінде кандидаттардың 7 сенім білдірілген тұлғасы, «NurOtan» партиясынан 2 байқаушы, «Ақмола облысының Әкелер Одағы» ҚБ – нен 8 бақылаушы, «Мириад» ЖШС-нен БАҚ-тың 1 өкілі тіркелді.
Сайлау науқаны кезінде өтініштер келіп түскен жоқ.
Сандықтау ауданы
Каменка ауылдық округі бойынша 5 кандидат ұсынылды: 1 – «NurOtan» партиясынан және 4 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
1 кандидат мемлекеттік қызметші (Каменка ауылдық округінің әкімі), 3 – бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері (агротехникалық колледждің физика оқытушысы, Каменка а. жалпы білім беретін мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі, Каменка а. жалпы білім беретін мектептің психологы), 1-коммерциялық құрылымның өкілі («Колос Золотая нива» ЖШС директоры).
1 кандидатқа (В.В.Доценко) мемлекеттік қызмет саласындағы заңнама талаптарына сәйкес келмеу бойынша бас тартылды
4 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 891 сайлаушының 535-і қатысты (60,05%).
Дауыс беру қорытындысы бойынша М.А. Аркенова сайланды, 1971 жылы туған, Каменка ауылдық округінің әкімі, «NurOtan» партиясынан ұсынылды, 181 (39,6%) дауыс жинады.
Сайлау учаскесінде кандидаттардың 4 сенім білдірілген тұлғасы, «NurOtan» партиясынан 3 байқаушы тіркелген.
Сайлау науқаны кезінде өтініштер келіп түскен жоқ.
Целиноград ауданы
Жарлыкөл ауылдық округі бойынша 3 кандидат ұсынылды; 1 – «NurOtan» партиясынан және 2 - өзін-өзі ұсыну жолымен.
Барлық 3 кандидат мемлекеттік қызметшілер болып табылады (Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі, аудан әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық жұмыс бөлімінің басшысы, аудан әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметінің басшысы)
3 кандидат сайлау бюллетеніне енгізілді.
Дауыс беруге 1489 сайлаушының 1187-сі қатысты (79,72%).
Дауыс беру қорытындысы бойынша 1979 жылы туған, Жарлыкөл ауылдық округінің әкімі, «NurOtan» партиясынан ұсынылған М.С. Сағынтаев сайланды, 1108 (95,0%) дауыс жинады.
Сайлау учаскелерінде кандидаттардың 5 сенім білдірілген тұлғасы, «NurOtan» партиясының 3 байқаушысы, «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ облыстық филиалынан 7 бақылаушы тіркелді.
Жалпы облыс бойынша 15 сайлау учаскелерінде 103 адам тіркелді, оның ішінде кандидаттардың 53 сенімді тұлғалары (28 «NurOtan» партиясы, 25 – өзін-өзі ұсыну жолымен), 30 саяси партиялардан бақылаушылар («NurOtan» партиясынан - 29, «Ауыл» ХДПП -1), 19 қоғамдық бірлестіктерден бақылаушылар (10).- «Партиялық емес бақылау орталығы» РҚБ облыстық филиалынан; 8 - «Ақмола облысының Әкелер Одағы» ҚБ, 1 - «Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлері» ҚБ, сондай-ақ 1 БАҚ өкілі («Мириад» ЖШС, «Мегаполис» Сарыарқа ТV радиосы).
Дауыс беру күні сайлау учаскелерінде орта есеппен 3,4 байқаушы қатысты.
Сайланған 6 әкімнің ішінде 3 әйел (50,0%), 5 мемлекеттік қызметші , оның ішінде 2 жұмыс істеп жүрген әкім бар.