Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

 

         Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер

енгізу туралы

 

 

          «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» және «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына  сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгерістер енгізілсін.
  2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық мәслихаты сессиясының төрайымы

 

Е. Мащинская

Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

 

М. Балпан

 

 

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі

________ облысының/қаласының Әділет департаменті

Нормативтік құқықтық акті 29.04.2021

Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік

тіркеудің тізіліміне № 8455 болып енгізілді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының

2021 жылғы 26 сәуірдегі

№ 7С-3-5 шешіміне қосымша

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне

енгізілетін өзгерістер

                                                                                     

  1. «Ақмола облысында тұратын азаматтарға емделу үшін елді мекен шегінен тысқары жерлерге бюджет қаражаты есебінен тегін жол жүруді ұсыну туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2010 жылғы 18 шілдедегі № 4С-25-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3366 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

        жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»                            Қазақстан Республикасы Кодексінің  12 бабы 1-тармағының 3) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының 6 бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

  1. «Бюджет қаражаты есебінен Ақмола облысының ауылдық жеріне жұмысқа жіберілген медицина және фармацевтика қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсетудің тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 6С-38-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7445 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»                      Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1 тармағының 1) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

  1. «Донорларға қосымша көтермелеу беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7865 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы»                     Қазақстан Республикасы Кодексінің 12 бабы 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:».

 

Дата публикации
26 апреля 2021