|
Жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс үшінші сессиясының күн тәртібі туралы
|
|
|
|
|
|
|
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті кезектен тыс үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:
- Ақмола облысы Целиноград ауданының Қосшы ауылын облыстық маңызы бар қала санатына жатқызу жөнінде ұсыныс енгізу туралы.
Баяндамашы: Таткеев Малғаждар Саттарұлы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары.
- Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 11 желтоқсандағы № 6С-52-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Дүзелбаев Қанат Малғаждарұлы – Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.
- «Ақмола облысы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша беру туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 7 қазандағы № 6С-50-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Сыздықов Нариман Ермекұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
- Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Сыздықов Нариман Ермекұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы.
- «Шетелдік жұмыс күшін тартуға квотаны қалыптастыру жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2020 жылғы 21 мамырдағы № 6С-43-7 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қапышев Азамат Есімұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
- «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы мүгедектерді әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 15 маусымдағы № 6С-3-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Баяндамашы: Қапышев Азамат Есімұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
- «Жұмыспен қамту бағдарламаларын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның құрамын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2018 жылғы 5 мамырдағы № 6С-20-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
Баяндамашы: Қапышев Азамат Есімұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
- Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосу жөніндегі комиссияның құрамын бекіту туралы.
Баяндамашы: Қапышев Азамат Есімұлы - Ақмола облысы әкімі аппаратының басшысы.
- Ақмола облыстық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы.
Баяндамашы: Садуов Манарбек Айдарбекұлы - Ақмола облыстық сайлау комиссиясының төрағасы.
- «Ақмола облыстық мәслихатының жетінші шақырылған тұрақты комиссияларының төрағаларын сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 15 қаңтардағы № 7С-1-7 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
|
Ақмола облыстық
мәслихаты сессиясының
төрайымы
__________ Е. Мащинская
|
Ақмола
облыстық мәслихатының хатшысы
____________ М. Балпан
|