Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Ақмола облысында іске асырылу барысы туралы

 

 

Қазақстан Республикасында білім беруді

және ғылымды дамытудың 2020-2025

жылдарға арналған мемлекеттік

бағдарламасының Ақмола облысында

іске асырылу барысы туралы

 

 

         Ақмола облыстық мәслихат Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіповтің «Ақмола облысында Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысы туралы» баяндамасын тыңдап және талқылағаннан кейін облыста өңірдің білім беру жүйесін дамытуға бағытталған белгілі бір жұмыс жүргізіліп жатқанын атап көрсетеді.

         Білім беру саласында қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға қарамастан, жоспарланған негізгі міндеттерге қол жеткізу қамтамасыз етілді.

Облыста 598 мектепке дейінгі білім беру ұйымы жұмыс істейді, оның ішінде 249 балабақша (мемлекеттік – 137, жеке – 112), 349 шағын орталық.

1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту 77,6% (33775 бала), 3 жастан 6 жасқа дейін - 100% құрады.

Орта білім беру жүйесінде (барлығы 556 жалпы білім беретін мектеп) ағымдағы жағдайды ескере отырып, 92028 оқушы штаттық режимде, 37947 оқушы қашықтық режимінде оқиды.

Оқушыларды қашықтықтан оқытуды қамтамасыз ету мақсатында компьютерлік техникамен жабдықтау айтарлықтай жақсарды. 2020 жылы жергілікті және республикалық бюджет есебінен 29,7 мың компьютер сатып алынды.

Облыс мектептерінде 15 мыңнан астам мұғалім педагогикалық қызметті жүзеге асырады, оның ішінде жаңа оқу жылында өңірлерге 640, оның ішінде ауылдық жерлерге 406 жас педагог келді. Жаңа жүйе бойынша облыс педагогтерінің 56% аттестаттаудан өтті.

Облыстың апатты және үш ауысымды мектептерін жою мәселелері шешілуде.

2020 жылы Жұмыспен қамту жол картасы бағдарламасы шеңберінде күрделі жөндеу есебінен Жарқайың ауданы Н.Крупская атындағы орта мектебінің апаттылығы жойылды.

Облыстың 5 мектебінде үш ауысымдылық Целиноград ауданында 1620 орындық 3 мектеп және Көкшетау қаласының мектептеріне 720 орындық 2 қосымша құрылыс салу есебінен шешілді.

Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде кадрларды даярлау 32 колледжде жүргізіледі, онда 21 мыңнан астам студент оқиды.

Сонымен қатар, облыстың білім беру жүйесінде қосымша шаралар қабылдауды талап ететін проблемалар бар.

Шағын жинақталған мектептерде оқыту сапасын арттыру талап етіледі. Облыста мұндай мектептер саны 367 (66,1%).

Әсіресе Көкшетау қ., Целиноград және Аршалы аудандарында оқушы орындарының тапшылығы өзекті проблема болып қалуда.

Мектептер жаңа модификациядағы оқу кабинеттерімен жеткілікті жабдықталмаған.

Мектеп автокөлігін үнемі жаңартып отыру қажет.

Білім беру объектілеріне күрделі және ағымдағы жөндеу жүргізуге арналған шығыстарды ұлғайту қажет.

Жоғарыда баяндалғанның негізінде және «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы  Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы білім басқармасының басшысы Б.А. Жүсіповтің «Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын дамытуды іске асыру барысы туралы» баяндамасы назарға алынсын.
  2. Ақмола облысы білім басқармасына ұсынылсын:

- ресурстық орталықтар ашу, интернаттық оқыту мектептерін дамыту, шағын жинақталған мектептер педагогтерінің біліктілік деңгейін арттыру жолымен шағын жинақталған мектептерде білім беру сапасын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру;

- құрылыс басқармасымен бірлесіп апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу;

- білім беру ұйымдарының оқу-материалдық базасын нығайту, жаңа модификациялы оқу кабинеттерін сатып алу, күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу, мектеп автокөлігін жаңарту бойынша қосымша шаралар қарастыру.

  1. Білім, ішкі саясат, туризм, дене шынықтыру және спорт, мәдениет және архивтер басқармаларына оқыту процесінде тәрбиелік компонентті күшейту жөнінде әрекетті шаралар қолдану ұсынылсын. Қосымша білім беру ұйымдарының желісін дамытуға ерекше назар аударылсын. Білім алушыларға патриоттық тәрбие беру, адамгершілігі мен танымдылығын дарыту жұмысттарын күшейтсін.
  2. Облыс әкімдігіне, облыстың білім басқармасына, аудандардың, қалалардың білім бөлімдеріне педагог кадрлармен жұмысты жетілдіруді жалғастыру, мұғалім кәсібінің беделін арттыру ұсынылсын.
  3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

  Ақмола облыстық

  мәслихаты сессиясының

  төрағасы  

      

  ______________ Ж. Әміржанов 

      Ақмола облыстық

      мәслихатының

      хатшысы 

 

      ____________ М. Балпан 

 

 

 

 

Дата публикации
10 марта 2021