Жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссияларын құру туралы

Жетінші шақырылған

Ақмола облыстық

мәслихатының тұрақты

комиссияларын құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабына сәйкес облыстық мәслихат  ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Жетінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының келесі тұрақты комиссиялары құрылсын:

1) экономика және бюджет сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссия;

2) әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссия;

3) депутаттық әдеп,  заңдылық, экология және табиғатты пайдалану сұрақтары жөніндегі тұрақты комиссия;

4) аграрлық сұрақтар және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссия.

  1. Осы шешім қабылданған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық                                 Ақмола облыстық

мәслихаты                                             мәслихатының

сессиясының төрағасы                        хатшысы

       

    ____________ А. Жақсылықов       ____________ М. Балпан

 

Дата публикации
15 января 2021