Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 50-бабындағы 4-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Занының 6-бабы, 1-тармағының  13) тармақшасына  және 27-бабы, 1-тармағының 8) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысында ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің түрлері бойынша шекті (ең жоғарғы) мөлшерлерді белгілеу жөніндегі ұсыныстарды Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізу көзделіп отыр, бұл жерлер Қазақстан азаматтарына шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін, сондай-ақ шетелдік қатысуы жоқ мемлекеттік емес заңды тұлғалар мен олардың аффилиирленген тұлғаларына ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту үшін уақытша жер пайдалану құқығымен берілуі мүмкін бойынша ұсыныстар 1 және 2-қосымшаларға сәйкес енгізілсін.
  2. Осы Ақмола облысы әкімдігінің қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының шешімі қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облысының әкімі                                                          М. Ахметжанов

 

 

                                                         

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                          Б. Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихаты Көкшетау қаласы 2026 жылғы 28 қыркүйек № 8С-33-10 шешім
Дата публикации
15 октября 2026