Ақмола облысында «Digital Region» тұжырымдамасын іске асыру туралы

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ержан М.К.-ның Ақмола облысында «Digital Region» тұжырымдамасын іске асыру, өңірдің цифрлық трансформациясының жай-күйі мен даму перспективалары туралы есебін тыңдай отырып, Ақмола облыстық мәслихаты облыста жасанды интеллектіні енгізу, экономика салаларын цифрландыру және заманауи цифрлық инфрақұрылымды қалыптастыру бойынша жүйелі жұмыстар жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ақмола облысында Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясында 2026 жылға арналған жоспар бекітіліп, оған цифрлық инфрақұрылымды дамытуға, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізуге бағытталған 68 іс-шара енгізілді. Бүгінгі күнгі жағдай бойынша жоспарланған іс-шаралардың 36-сы немесе жалпы санының 52,9%-ы орындалды.

Іске асырылған іс-шаралардың қатарында 2026 жылғы 5 шілдеде өткен және толығымен демеушілік қаражат есебінен ұйымдастырылған Akmola International Esports Cup 2026 турнирі бар. Жарысқа Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан және Тәжікстаннан барлығы 765 адам қатысты. Іс-шара демеушілік қаражат есебінен өткізілді.

Сондай-ақ цифрлық құзыреттерді дамытуға бағытталған Tomorrow School білім беру жобасы іске асырылуда. Жоба үшін алаңы 100 ш.м. болатын үй-жай дайындалып, 01EDU платформасына лицензия сатып алынды (92,8 млн теңге бөлінді). Бірінші іріктеу кезеңіне 81 қатысушы тіркеліп, оның 55-і «бассейн» кезеңінен өтуде. Бірінші кезеңді аяқтау мерзімі – 2026 жылғы 19 қыркүйек, екінші іріктеу кезеңін іске қосу – 2026 жылғы 21 қыркүйек. Сонымен қатар 3 алаңда (Ақкөл қаласы, Ақмол және Қоянды ауылдары) TUMO Classroom жобасы іске асырылуда, әр орталыққа аптасына 160–204 жасөспірімді қамту көзделген (қаржыландыру көлемі – 278,4 млн теңге).

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасының басшысы Ержан М.К.-ның ақпаратын назарға алу.
  2. Өңірді цифрландыру саласындағы, оның ішінде заманауи цифрлық шешімдерді енгізу, цифрлық инфрақұрылымды дамыту, жасанды интеллект технологияларын қолдану және цифрлық трансформация жобаларын іске асыру бойынша оң нәтижелер атап өтілсін.
  3. Ұсыну:

Ақмола облысының цифрландыру және архивтер басқармасына:

-_өңірдің бірыңғай цифрлық экожүйесін дамытуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және заманауи цифрлық технологияларды енгізуге бағытталған Ақмола облысының «Digital Region» тұжырымдамасын іске асыруды жалғастыру;

-_практикалық цифрлық шешімдер мен жасанды интеллект технологияларын өңірдің басым салаларына енгізуге баса назар аудара отырып, 2026 жылға арналған Цифрландыру және жасанды интеллект жылы аясындағы іс-шаралар жоспарының одан әрі орындалуын қамтамасыз ету;

- өңірдің бірыңғай ақпараттық кеңістігін қалыптастыру және өзекті деректерге орталықтандырылған қолжетімділікті қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың ақпараттық жүйелерін «Smart Aqmola» ақпараттық-талдау жүйесімен интеграциялауды қамтамасыз ету.

  1. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпаратты Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 25 желтоқсаннан кешіктірмей ұсыну.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-33-3 шешімі
Дата публикации
09 октября 2026