Ақмола облысында кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және индустриялық аймақтарды дамыту шаралары туралы

Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы А.М. Ахмедьяновтың кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестицияларды тарту және Ақмола облысының индустриялық аймақтарын дамыту шаралары туралы есебін тыңдап, Ақмола облыстық мәслихаты облыста кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестицияларды тарту және өңірдің индустриялық аймақтарын дамыту міндеттерін шешуге бағытталған елеулі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.

Ағымдағы жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында облыс бойынша инвестициялар көлемі 520,9 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі – 106%.

Бұл ретте инвестициялардың 91%-ын немесе 473 млрд теңгені жеке инвестициялар құрайды.

Ағымдағы жылы облыста жалпы сомасы шамамен 392 млрд теңгені құрайтын 158 инвестициялық жоба іске асырылмақ. Нәтижесінде 3 мыңнан астам жұмыс орнын құру көзделіп отыр.

Бұдан басқа, инвестициялық жобаларды іске асыруды жеделдету мақсатында өңірде индустриялық аймақтарды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Облыс аумағындағы Аршалы ауданында республикалық маңызы бар «Aqmola» индустриялық аймағы жұмыс істейді. Бүгінгі таңда индустриялық аймақтың аумағы Шортанды (700 га), Целиноград аудандарының (120 га) және Қосшы қаласының (209,5 га) астаналық аумағының субзоналарын қосу жолымен кеңейтілді.

Сондай-ақ облыста «Көкше Индастри» (Көкшетау қаласы), «Stepnogorsk Industrial Park» (Степногорск қаласы), «Qaragai Industrial Park» (Зеренді ауданы) өңірлік индустриялық аймақтары дамып келе жатыр.

Инвестициялық саясатты іске асырумен және индустриялық аймақтарды дамытумен қатар, облыста шағын және орта кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға бағытталған шаралар қабылдануда.

Облыста жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік жобаларды дамытуға және жаңа жобаларды іске асыруға бағытталған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін мемлекеттік қолдау шараларының кешені жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Ақмола облысында 60 мыңға жуық кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді, онда 132 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Шағын және орта кәсіпкерліктің облыстың жалпы өңірлік өніміндегі үлесі 31,2%.

Шағын және орта кәсіпкерліктен түскен салық түсімдері 190,4 млрд теңгені құрады (2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 33,9%-ға өскен). Өнім шығару көлемі шамамен 531 млрд теңгеге жетті.

Шағын және орта кәсіпкерліктің оң өсім динамикасы кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын іске асыру есебінен қамтамасыз етілуде. Ағымдағы жылы осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді.

Жоғарыда баяндалғандардың негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы А.М. Ахмедьяновтың ақпаратын назарға алу.
  2. Жеке инвестицияларды тарту, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын қолдану және өңірдің индустриялық аймақтарын дамыту бойынша қол жеткізілген оң нәтижелер атап өтілсін.
  3. Ұсынылсын:

Ақмола облысының кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасына:

- инвестициялар тарту және индустриялық аймақтарды дамыту бойынша белсенді жұмысты жалғастыру;

- инвестициялық жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмысты күшейту, олардың нақты іске асырылуына және ұсынылатын мемлекеттік қолдау шараларының тиімділігіне тұрақты мониторинг жүргізуді қамтамасыз ету;

- инвестициялар тартуға және кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігін арттыру жөнінде шаралар қабылдау.

  1. Осы шешімнің орындалуы туралы ақпаратты 2026 жылғы 19 қазаннан кешіктірмей ұсыну.
  2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Ақмола облыстық мәслихатының аграрлық мәселелері және өңірді индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                              Б. Жүсіпов

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-33-2 шешімі
Дата публикации
09 октября 2026