Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау, инвестициялар тарту және Ақмола облысының индустриялық аймақтарын дамыту шаралары туралы.

Баяндамашы: Ахмедьянов Асхат Мұратбекұлы - Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысында «Digital Region» тұжырымдамасын іске асыру туралы.

Баяндамашы: Ержан Мағжан Қайратұлы - Ақмола облысы цифрландыру және мұрағаттар басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысының құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Баяндамашы: Айтбаев Досұлан Ерланұлы – Ақмола облысы әкімінің орынбасары, Ақмола облысы әкімдігі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары жөніндегі комиссиясының төрағасы.

  1. «Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-3 шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

Баяндамашы: Байқуанышев Азамат Сабыржанұлы - Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

  1. Ақмола облысының 2026–2030 жылдарға арналған тұрғын үй қорын реновациялау бағдарламасын бекіту туралы.

Баяндамашы: Байқуанышев Азамат Сабыржанұлы - Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

  1. «Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шеқараларын (шегін) өзгерту туралы».

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

Баяндамашы: Бадырақов Нұрбек Бақтыбайұлы - Ақмола облысы Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы Заң мен Тәртіп конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Баяндамашы: Тулегенова Венера Маратовна – Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы өңірлік үйлестіру дербес кеңесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2014 жылғы 29 тамыздағы № 5С-29-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Тулегенова Венера Маратовна – Ақмола облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары.

  1. «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. «Ақмола облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы № 7С-25-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі № 8С-33-1 шешімі
Дата публикации
09 октября 2026