ПОСТАНОВЛЕНИЕ совместного заседания постоянных комиссий областного маслихата

Облыстық мәслихаттың

тұрақты комиссиялары бірлескен отырысының

Қаулысы

 

 

2026 жылғы 28 қыркүйек

 

Қатысқандар: Ақмола облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының мүшелері, облыстық басқармаларының басшылары, «KOKSHE» ӘКК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары (тізімге сәйкес) 

 

Күн тәртібі:

 

1.«Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

2.Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-3 «Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтырулар енгізу туралы.

3. Ақмола облысының тұрғын үй қорын жаңартудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасын бекіту туралы.

4. «Ақмола облысы әкімдігінің 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 бірлескен қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы».

5.«Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы».

 

I. Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы А. Қ. Шүгірмақованың ақпаратына сәйкес, Премьер-Министрдің орынбасары - Ұлттық экономика министрі С. М. Жұманғариннің (2026 ж. 19 мамырдағы №20-14/20-14/Б‑1772-1)жәнеПремьерМинистрдіңорынбасарыЖасандыинтеллектжәнецифрлықдамуминистріЖХМәдиевтің (2026 ж. 02 шілдедегі №15-01/6026//24-41-1.10 7) т.) тапсырмаларынасәйкесжергіліктіатқарушыоргандарға өңірлерді дамыту жоспарларына бірқатар көрсеткіштерді енгізу тапсырылды:

- Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды қайта әлеуметтендіру, рецидивтік қылмыстың алдын алу бойынша 5 көрсеткіш;

- Егістік жерлерді, ҚТҚ-ның рұқсат етілмеген үйінділерін пайдаланбаудың, жерді өз бетінше тартып алудың, пайдалы қазбаларды заңсыз өндірудің ғарыштық мониторингінің 9 көрсеткіші;

- бұдан басқа, облыстың даму жоспарының инвестициялық жоспарына қосымша 73 Бюджеттік ивестициялық жобаны (білім беру – 13 жоба, денсаулық сақтау – 3, әлеуметтік қамсыздандыру – 1; мәдениет – 13; спорт – 7; тұрғын үй және ИКИ – 3; сумен жабдықтау – 15; жылумен жабдықтау – 1; электрмен жабдықтау – 4; табиғатты қорғау – 3; жолдар – 7; басқалары – 3).

 

Мәселені талқылауды ескере отырып Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.      Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының қарауына «Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-4 «Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешім жобасы мақұлдансын және енгізілсін.

 

II.  Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі №8С-31-3 «Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» шешім жобасы бойынша құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.С. Байқуанышевтің ақпараты тыңдалды.

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отыз үшінші сессиясының қарауына «Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімінің жобасы мақұлдансын және енгізілсін.

 

III. Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы А.С. Байкуанышев, «Kokshe» Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы»  АҚ Басқарма төрағасының орынбасары А. М. Әлиевтің Ақмола облысының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының жобасы бойынша ақпараты талқыланды.

 

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.      Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясына мақұлдансын және енгізілсін.

2.      Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы:

- Ақмола облысының ауылдық жерлерін дамыту мақсатында ағымдағы жылдың 20 қазанына дейінгі мерзімде облыстық мәслихат аппаратына ауылдық жерлерде тұрғын үй құрылысы рәсімдерін оңайлату туралы республикалық Қағидаларға өзгерістер енгізу туралы орталық мемлекеттік органдарға хат жобасы дайындалсын және ұсынылсын, атап айтқанда: ауылдық елді мекендер үшін жобаларға (құны 5-6 млн теңге) қымбат сараптамадан өту туралы талап алынып тасталсын және жеңілдетілген эскиздік жобалар бойынша тұрғын үй салуға рұқсат берілсін;

- «KOKSHE» Әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ-мен, мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, депутаттардың ұсыныстарын ескере отырып, Ақмола облысының тұрғын үй қорын жаңғыртудың 2026-2030 жылдарға арналған бағдарламасының өлшемдерін талдап, пысықтасын.

3. Осы қаулының іске асырылуын бақылау облыстық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

 

IV. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н. Б. Бадыраковтың «Ақмола облысының елді мекендер аумағында жер учаскелері жеке меншікке берілген кезде олар үшін төлемақының базалық ставкаларын белгілеу туралы» бірлескен Ақмола облысы әкiмдiгiнiң 2015 жылғы 21 қазандағы № А-10/480 қаулысына және Ақмола облыстық мәслихатының 2015 жылғы 21 қазандағы № 5С-42-3 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» жобасы бойынша ақпараты тыңдалды.

         Аталған жобамен облыс өңірлерінің тізбесіне Астраханка ауылы мен Астрахан ауданының елді мекендері, Щучинск қаласы мен Бурабай ауданының елді мекендері, Есіл қаласы мен Есіл ауданының елді мекендері, Балкашино ауылы мен Сандықтау ауданының елді мекендері бойынша жер учаскелерін жеке меншікке беру кезінде қолданылатын жер учаскелері үшін төлемақының базалық ставкаларын есептеу бөлігінде өзгерістер енгізіледі. Өзгерістер жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау негізі болып табылатын жер үшін төлемақының базалық құнының төмен болуына байланысты қабылданады.

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.     Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясына мақұлдансын және енгізілсін.

 

V. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Б. Бадыраковтың ақпаратына сәйкес «Ақмола облысы Степногорск қаласы мен Ақкөл ауданының шекараларын (шегін) өзгерту туралы» шешім жобасы бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Ақкөл ауданынан Қырыққұдық ауылына беру бойынша шұғыл қажеттілік бар, сол арқылы әлеуметтік шиеленіс жойылады, ауыл шаруашылығы жерлерін бөлу кезінде жергілікті тұрғындарға артықшылықтар беріледі.

Аталған нормативтік-құқықтық актінің жобасын қабылдаудың мақсаты -  Ақкөл ауданы Жалғызқарай ауылдық округінің жалпы ауданы 74060,7 гектар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді Степногорск қаласына беру.

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.      Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясына мақұлдансын және енгізілсін.

 

VI. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Н.Б. Бадыраковтың «Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы  шекті (ең жоғары) мөлшерін белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу туралы» ақпараты тыңдалды.

Ақмола облыстық мәслихатының тұрақты комиссиялары ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.                Жоғарыда көрсетілген шешім жобасы облыстық мәслихаттың кезекті отыз үшінші сессиясына мақұлдансын және енгізілсін.

 

 

 

Экономика және бюджет

мәселелері жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                    М. Қойшыбаев

 

Әлеуметтік мәселелер жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                        С. Сыздықов

 

Аграрлық мәселелер және

өңірді индустриялық-инновациялық

дамыту жөніндегі тұрақты

комиссиясының төрағасы                                                                   А. Ошақбаев

 

 

Депутаттық этика, заңдылық,

экология және табиғатты

пайдалану мәселелері

жөніндегі тұрақты

комиссияның төрағасы                                                            П. Безвербный

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
07 октября 2026