Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы                     1-тармағының 12-2)-тармақшасына, «Облыстың (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын берудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Мәдениет және ақпарат министрінің 2026 жылғы 9 маусымдағы № 279-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 38935 болып тіркелген) сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
  2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                        Б. Жүсіпов

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8С-32-6 шешімі
Дата публикации
14 сентября 2026