Ақмола облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылды деп танылсын:

1) «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 29653 болып тіркелген);

2) «Ақмола облысының (қаланың, ауданның) құрметті азаматы» атағын беру қағидаларын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2022 жылғы 14 қыркүйектегі № 7С-20-9 шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 27 маусымдағы № 8С-3-10 шешімі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8602-03 болып тіркелген).

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                Б. Жүсіпов

 

 

2026 жылғы 4 қыркүйектегі № 8С-32-5 Ақмола облыстық мәслихатының шешімі
Дата публикации
14 сентября 2026