Қазақстан Республикасының Еңбек кодексінің 139-бабы 9 тармағына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Ақмола облысының азаматтық қызметшілері болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандары лауазымдарының қоса беріліп отырған тізбесі келісілсін.
2. «Ақмола облысының азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн келісу туралы» Ақмола облысы мәслихатының 2017 жылғы 29 наурыздағы № 6С-9-6 шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов