Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының ХАТТАМАСЫ 2025 ж. 15 мамыр

Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес отырысының

Хаттамасы

 

Көкшетау қ.                                                                                 2025 ж. 15 мамыр

                                                                                                                 10.00

 

Қатысқандар: қалалық пен аудандық мәслихаттардың төрағалары (тізім қоса беріледі)

 

Төрағалық етуші: Б.А.Жүсіпов – Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы

 

КҮН ТӘРТІБІНДЕ:

 

  1. ҚР жаңа Бюджет кодексі: бюджеттік процесті ретке келтіру және қаржылық тәртіпті арттыру
  2. Қазақстанда жасанды интеллектті дамыту. Жасанды интеллекттің тиімді құралдары.

 

Сөз сөйлегендер:

  1. Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы;
  2. Айбашпанов Диан Мұратұлы - Көкшетау қаласындағы «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры филиалының директоры.
  3. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша сөз сөйлеушілерін тыңдап, талқылап, жаңа кодекс бағдарламалық-нысаналы жоспарлау тетігін енгізетінін және бюджеттік шығыстарды негіздеуге қойылатын талаптарды күшейтетінін атап өтіп, мәслихаттар қызметін үйлестіру жөніндегі кеңес мүшелері мынадай ұсынымдарды қабылдады:
  4.        Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының және «Инновациялық технологиялар паркі» дербес кластерлік қоры филиалы директорының ақпараты назарға алынсын және одан әрі жұмыста пайдаланылсын.
  5. Аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары депутаттардың жаңа Бюджет кодексінің ашықтығын, нәтижелілігін және бюджет қаражатын пайдаланғаны үшін жауапкершілікті арттыруға бағытталған негізгі ережелерін жергілікті жерлерде қолдануы жөнінде шаралар қабылдасын.
  6. Мәслихат депутаттары мен аппараттары қызметкерлерінің цифрлық сауаттылығын дамытуға жәрдемдесу.
  7. Өңірлер үшін басым салаларда жасанды интеллектті енгізу бойынша цифрландыру және пилоттық жобаларды әзірлеу жөніндегі жергілікті бастамаларды қолдау.

 

Ақмола облысы

мәслихаттарының қызметін

үйлестіру кеңесінің төрағасы                                                             Б. Жүсіпов

Дата публикации
27 июля 2026