Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясының күн тәртібі туралы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сегізінші шақырылған Ақмола

облыстық мәслихатының

кезектен тыс отыз бірінші

сессиясының күн тәртібі туралы

 

 

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.     

  1. Ақмола облысы бойынша Толық бітіріп берілетін құрылыс объектілерінің тізбесін бекіту туралы.

Баяндамашы: Байқуанышев Азамат Сабыржанұлы - Ақмола облысының құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының міндетін атқарушы.        

  1. Ақмола облысында жерлеу және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы.

         Баяндамашы: Жүнісов Марат Мақжанұлы - Ақмола облысының энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

  1. «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Ақмола облысы бойынша іс-қимыл жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2024 жылғы 12 қарашадағы № 8С-16-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

         Баяндамашы: Жүнісов Марат Мақжанұлы - Ақмола облысының энергетика тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары.

  1. Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы.

         Баяндамашы:  Қасенов Ренат Қайратұлы - Ақмола облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы басшысының орынбасары.

  1. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясы төрағасының міндеттерін уақытша жүктеу туралы.

Баяндамашы: Саусканов Ержан Жамартұлы – Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы.

  1. «Ақмола облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2016 жылғы 20 шілдедегі № 6С-4-4 шешіміне өзгеріс мен толықтыру енгізу туралы.

Баяндамашы: Саусканов Ержан Жамартұлы – Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының аппарат басшысы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-1 шешімі
Дата публикации
24 июля 2026