Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Ереженің 1-тарауының 12-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Тексеру комиссиясына Тексеру комиссиясының өкілеттіктеріне жататын міндеттерді орындау мәніне кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында Тексеру комиссиясына кіріс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілген болса, онда алынған кірістер, Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі»;
3-тарау мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
«23-1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 67-бабы 3-тармағының төртінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік қызметте болу мерзімі ұзартылған жағдайда, Тексеру комиссиясының төрағасы және (немесе) мүшесі соңғы екі жыл ішіндегі тексеру комиссиясы қызметінің бағалау нәтижелері көрсетілген Жоғары аудиторлық палатаның ұсыным хатын Ақмола облыстық мәслихатына ұсынады».
Ақмола облыстық
мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов