«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облыстық мәслихатының  2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-2 шешімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«2026-2028 жылдарға арналған

облыстық бюджет туралы»

Ақмола облыстық мәслихатының

2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2

шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Ақмола облыстық  мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 8С-24-2 шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

орыс тіліндегі бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;

көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі қосымшаларында бүкіл мәтін бойынша өзгерістер енгізіледі, мемлекеттік тіліндегі мәтін өзгеріссіз қалдырылады;

1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

«1. 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:

1) кірістер – 522 926 184,4 мың теңге, оның ішінде:

салықтық түсімдер – 71 048 649,0 мың теңге;

салықтық емес түсімдер – 12 752 013,4 мың теңге;

негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 000,0 мың теңге;

арнаулы түсімдер – 6 319 326,0 мың теңге;

трансферттер түсімдері – 432 711 196,0 мың теңге;

2) шығындар – 517 152 914,4 мың теңге;

3) таза бюджеттік кредиттеу – 23 376 276,7 мың теңге, оның ішінде:

бюджеттік кредиттер – 45 649 615,0 мың теңге;

бюджеттік кредиттерді өтеу – 22 273 338,3 мың теңге;

4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо –                 260 007,0 мың теңге, оның ішінде:

қаржы активтерін сатып алу - 266 507,0 мың теңге;

мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 6 500,0 мың теңге;

5) бюджет тапшылығы (профициті) – -17 863 013,7 мың теңге;

6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) –                        17 863 013,7 мың теңге.»;

7-тармақ  жаңа редакцияда жазылсын:

«7. 2026 жылға арналған облыстық жергілікті атқарушы органының резерві 1 575 631,4 мың теңге сомасында бекітілсін.»;

көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және           2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  1. Осы шешiм 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                                               Б. Жүсіпов

 

 

 

 

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

 

Ақмола облысының әкімі

 

__________________ М. Ахметжанов    

2026 жылғы «_22_» шілде                

 

 

 

«Ақмола облысының

экономика және  бюджеттік

жоспарлау басқармасы» мемлекеттік

мекемесінің басшысы

 

__________________ А. Шүгірмақова

2026 жылғы «_22_» шілде                

 

 

Ақмола облыстық мәслихатының 2026 жылғы 22 шілдедегі № 8С-31-2 шешімі
Дата публикации
24 июля 2026