Көкшетау қ. 2026 ж. 08 шілде
«Ағымдағы жағдай және
проблемалық мәселелер туралы
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ
Ақмола облысы бойынша филиалы
директорының м. а. тыңдау»
Төрағалық етуші: С.Т. Сыздықов - әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы
Қатысушылар: депутаттар – облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссияның мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері (тізім бойынша), аудандық және қалалық мәслихаттарының өкілдері (ZOOM).
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалы директорының м.а. А. Ж. Жүсіпованың 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы қызметінің қорытындылары туралы ақпаратын тыңдап, талқылай келе, тұрақты комиссия өңірде қаржыландыру және медициналық көмек көрсету көлемдерінің өсу серпіні сақталатынын атап өтті.
Сонымен қатар, қаржы қаражатын тиімді игеру, лицензиялық талаптарды сақтау, медициналық көмектің сапасын арттыру, сақтандырылмаған халықтың санын азайту, азаматтардың өтініштерін уақтылы қарау және медициналық ұйымдардың өндірістік базаларын цифрландыруды аяқтау мәселелері одан әрі жетілдіруді талап етеді.
Денсаулық сақтау жүйесінің жұмыс істеу тиімділігін арттыру, медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын қамтамасыз ету мақсатында тұрақты комиссия ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
ҰСЫНУ:
2.1. Денсаулық сақтау басқармасымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп сақтандырылмаған азаматтарды МӘМС жүйесіне тарту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
2.2. Медициналық көмек көрсету сапасына, шарттық міндеттемелердің орындалуына және МӘМС қаражатын пайдалану тиімділігіне мониторинг жүргізуді жалғастыру.
2.3. Лицензиялық талаптарды, медициналық көмектің сапасын мониторингілеу және анықталған бұзушылықтар туралы медициналық ұйымдарды уақтылы хабардар ету практикасын жалғастыру.
2.4. Шарттық міндеттемелерді орындау, медициналық көмектің сапасы және заңнама талаптарын сақтау мәселелері бойынша медициналық ұйымдарды әдістемелік сүйемелдеуді ұйымдастыру.
2.5. Халықтың медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасына шағымдарының санын азайту мақсатында тоқсан сайын облыстық денсаулық сақтау басқармасы мен өңірдің медициналық ұйымдарына келіп түскен шағымдарды жою жөнінде ұсынымдармен талдау жолдауға;
3.1. Тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық азаматтарға медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету және сапасын арттыру үшін медициналық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен қор арасындағы ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту;
3.2. МӘМС қаражаты мен бюджет қаражатының, оның ішінде қаржыландырудың елеулі түрде игерілмеуіне жол берген ұйымдардың тиімді игерілуін бақылауды қамтамасыз ету.
3.3. Көрсетілетін медициналық қызметтерге рұқсат беру құжаттарының (лицензия, лицензияға қосымша) болуына, сондай-ақ медициналық қызметті жүзеге асыруға маман сертификатының болуына аудит жүргізу, сондай-ақ оларды нақты көрсетілетін медициналық қызметтерге және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына уақтылы сәйкестендіру арқылы лицензиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз ету.
3.4. Халықтың өтініштері мен шағымдары санының өсуімен медициналық ұйымдарды ерекше бақылауға алу, олардың пайда болу себептерін талдауды, анықталған жүйелік кемшіліктерді жоюды, сондай-ақ пациенттерді қолдау қызметтері мен ішкі аудит жұмысының тиімділігін арттыра отырып, азаматтардың өтініштерін уақтылы және сапалы қарауды қамтамасыз ету.
3.5. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Ақмола облысы бойынша филиалымен бірлесіп, олардың қызметіне талдау жүргізу, сондай-ақ көрсетілетін медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын бағалау үшін мемлекеттік медициналық ұйымдарға көшпелі іс-шараларды ұйымдастыру;
3.6. Qalqan ақпараттық жүйесінде медициналық ұйымдардың өндірістік базаларын цифрландыру жөніндегі жұмысты аяқтау.
3.7. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп, қолда бар кредиторлық берешекті ескере отырып, жақын болашаққа арналған медициналық ұйымдарды қаржылық сауықтыру жоспарын әзірлеу.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссия төрағасы С. Сыздықов