2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-25-3 Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес, Ақмола облыстық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 11 маусымдағы № 18/119 «Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі № 11 аудандық сайлау комиссиясы мүшесін міндеттерінен босату туралы» Қаулысы негізінде және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы Ақмола облыстық филиалының ұсынысы негізінде, Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақмола облыстық мәслихатының 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-25-3 «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне мынадай өзгерістер енгізілсін:

№ 11 аудандық сайлау комиссиясының құрамына Косяченко Дарья Ивановна сайлансын;

         аталған құрамнан Акубасова Анастасия Геннадьевна шығарылсын.

  1. Осы шешім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                           Б. Жүсіпов

 

 

Дата публикации
17 июля 2026