Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті отызыншы сессиясының күн тәртібі туралы

 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

Сегізінші шақырылған облыстық мәслихаттың кезекті отызыншы сессиясының келесі күн тәртібі бекітілсін:

  1. 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

Баяндамашы: Рамазанов Елдос Мұратұлы - Ақмола облысы әкімінің міндетін атқарушы.

  1. «Ақмола облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» Ақмола облыстық мәслихатының 2025 жылғы             10 желтоқсандағы №8С-24-4 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

Баяндамашы: Шүгірмақова Алмагүл Қайырлықызы - Ақмола облысы экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы.

  1. Ақмола облыстық мәслихатының 2021 жылғы 21 желтоқсандағы     № 7С-13-3 «Ауылдық елді мекендерге және кенттерге, аудандық және облыстық маңызы бар қалаларға жұмыс істеуге жіберілген медициналық және фармацевтикалық қызметкерлерге әлеуметтік қолдау көрсету шараларының жүйесін, сондай-ақ оларға бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік қолдау көрсету қағидалары мен мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Баяндамашы: Сайданғазин Диас Дәулетбекұлы - Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары.

  1. Ақмола облысы Көкшетау қаласының көшелеріне атаулар беру туралы.
  2. Ақмола облысы Қосшы қаласының көшелеріне атаулар беру туралы.

Баяндамашы: Сабырова Гүлмира Сатвалдықызы - Ақмола облысы ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары.

  1. 2023 жылғы 16 қаңтардағы №7С-25-3 Ақмола облыстық мәслихатының «Ақмола облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты аумақтық сайлау округтері бойынша аудандық сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының төрағасын қызметінен босату туралы.
  3. Сегізінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының кезекті сессиясының қарауына енгізілетін негізгі мәселелер туралы.

 

 

Ақмола облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                 Б. Жүсіпов

Дата публикации
17 июля 2026