Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының №5 қаулысы

Көкшетау қ.                                                                  2026 ж. 15 мамыр  сағ. 11.00.

 

«Ақмола облысында

білім беру реформаларын іске асырудың,

оқу жылын аяқтаудың және

балалардың жазғы демалысын

ұйымдастырудың өзекті мәселелері»

Төрағалық етуші: Сыздықов С.Т. – облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссия төрағасы

Қатысушылар: облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың өкілдері (аралас формат: офлайн және онлайн).

Ақмола облысы білім басқармасы басшысының орынбасары  В. Г. Гамазовтың ақпаратын тыңдап, талқылай келе, облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының депутаттары-мүшелері 2025-2026 оқу жылында облыстың 523 мектебін 140 559 оқушы бітіретінін атап өтті.

9-сыныптың 12 877 түлегі арасында 1052 оқушы (8,2%) үздік аттестатқа үміткер. 11-сыныптың 6 683 түлегінің 441 оқушысы «Алтын белгі» белгісіне (6,5%), 495 оқушы үздік аттестатқа (7,4%) үміткер. Оқу сабақтары 25 мамырда аяқталады, қорытынды аттестаттау 29 мамырдан 15 маусымға дейін, ҰБТ-10 шілдеге дейін өтеді.

Облыста білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізілуде. 2023 жылдан бастап 35 білім беру нысаны салынды. Ағымдағы жылы 840 орындық үш балабақша құрылысын аяқтау, сондай-ақ Қосшы қаласында «кілтпен құрылыс» тетігін (EPC-F) қолдана отырып, 1500 орындық мектеп құрылысын басталмақ.

Балалардың жазғы демалысына дайындық жалғасуда. Өңірлік штаб құрылды, 2024-2026 жылдарға арналған оқушылардың сауықтыру демалысы мен жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі өңірлік жоспар, сондай-ақ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлескен жоспар іске асырылуда.

Демалыс пен жұмыспен қамтудың барлық түрлерімен 132 мыңнан астам бала қамтылмақ. Облыста 14 балалар сауықтыру орталығы (ДОЦ)  (7 мемлекеттік және 7 жеке меншік), сондай-ақ мектеп жанындағы алаңдар жұмыс істейтін болады. «Жалпыға бірдей оқыту» қорының қаражаты есебінен қала сыртындағы лагерьлерде сауықтырумен 1 798 бала қамтылады, оған 155 млн.теңге бөлінді.

2026 жылғы 1 сәуірден бастап балалар лагерьлерінің қызметін лицензиялау енгізілді, бұл балалардың демалу, оқу және сауықтыру жағдайларына бірыңғай талаптар белгілеуге мүмкіндік береді. Лицензияның қолданылу мерзімі бір жылдан бес жылға дейін ұзартылды, бұл ұйымдарға әкімшілік жүктемені азайтады және құжаттарды жыл сайын қайта ресімдеу қажеттілігін жояды.

2026 жылғы жазғы маусымда санитарлық-эпидемиологиялық бақылау шеңберінде мониторингке жататын балалар сауықтыру орталықтарының (БСО) алдын ала тізілімі қалыптастырылды. Оған 18 ұйым кіреді, оның 5 - і жыл бойы жұмыс істейтін және 13 - і маусымдық. Барлық жыл бойы жұмыс істейтін БСО-ның рұқсат құжаттары бар. 13 маусымдық БСО-ның тек Зеренді ауданының «Парус» БСО санитарлық ережелердің талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарын алды.

Маусымдық БСО кезең-кезеңімен ашылады: 5 маусымға дейін - 3 лагерь, 10 маусымнан бастап - 7 лагерь, 15 маусымға дейін - 2 лагерь, 30 маусымға дейін – «Рассвет» БСО. Төтенше жағдай департаменттің қызметкерлері балалардың сауықтыру орталықтары мен іргелес су айдындарына жоспарлы тексерулер жүргізеді.

Сонымен қатар, депутаттар балалар сауықтыру орталықтарын жазғы маусымға дайындау бойынша бірқатар проблемалық мәселелерді атап өтті. Сонымен, «Рассвет» БСО-на күрделі жөндеу қажет, жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаражат қажет. «Юность» лагері толық жаңартуды қажет етеді.

Білім басқармасының, сондай-ақ басқа да мемлекеттік органдар өкілдерінің ақпаратын назарға ала отырып, Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы бірінші мәселе бойынша ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Білім басқармасы басшысының орынбасары В.Г.Гамазовтың ақпараты назарға алынсын.

Ұсыну:

  1. Ақмола облысының білім басқармасына:

2.1. Ашықтық және академиялық адалдық қағидаттарын сақтай отырып, білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды және ҰБТ-ді сапалы ұйымдастыруды қамтамасыз ету.

2.2. Білім беру объектілерінің құрылысын уақтылы аяқтауды қамтамасыз ету және «кілтпен құрылыс» (EPC-F) тетігі бойынша жобалардың іске асырылуын бақылауды күшейту.

2.3. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасымен бірлесіп оқулықтарды жаңартуға, «Рассвет» БСО күрделі жөндеуге жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеуге қаржы бөлу мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ балалардың жазғы демалысын ұйымдастыруға бөлінген бюджет қаражатының ашықтығы мен мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету.

2.4. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушылардың болуын ескере отырып, Қосшы қ. №3 ОМ-де сыныптардың толымдылығына талдау жүргізу және талдау нәтижелері бойынша сынып-жиынтықтарды белгіленген нормаларға сәйкес келтіруді қамтамасыз ету.

2.5. Жастарды сұранысқа ие білімге қолжетімділікпен қамтамасыз ету мақсатында Қосшы қаласында халықаралық деңгейдегі колледждің құрылыс жобасын іске асыру жөніндегі жұмысты жандандыру.

2.6. Облыстың инклюзиясын қолдаудың 127 кабинетінің педагогикалық кадрларына талдау жүргізу және талдау қорытындысы бойынша тиісті шаралар қабылдау.

2.7. БСО-дың білім беру-сауықтыру қызметіне лицензия алу мақсатында «Е-лицензиялау» порталына орналастыру үшін біліктілік талаптарына сәйкес рұқсат құжаттарын сапалы ұсыну бойынша БСО-мен дайындық жұмыстарын жүргізу. Мерзімі - 2026 жылғы 25 мамырға дейін.

2.8. Балалардың жазғы демалысын сапалы ұйымдастыру мақсатында барлық мүдделі мемлекеттік органдар мен аудандар мен қалалар әкімдіктерінің ведомствоаралық үйлестіруін күшейту.

2.9. Ағымдағы жылдың 25 мамырына дейін санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне балалар демалысы объектілерінің жаңартылған тізімдерін ұсыну.

2.10. Соттылығының бар-жоғын тексеру үшін БСО атауын, қызметкерлердің толық т.а. ә. және ЖСН көрсете отырып Ақмола облысының аумағында орналасқан барлық БСО-дың персоналының тізімдерін ПД Қоғамдық қауіпсіздік басқармасына  ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру. Мерзімі - 2026 жылғы 25 мамырға дейін.

2.11. Ақмола облысының полиция департаментіне жол полициясы қызметімен балаларды уақтылы алып жүруді ұйымдастыру үшін хаттарды уақтылы және дұрыс ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру (3-5 күн бұрын).

2.12. «Юность» лагері объектісін сенімгерлік басқаруға беру мәселесін зерделеу және қарастыру, сондай-ақ МЖӘ шеңберінде Степногорск қаласында балалар сауықтыру орталығын ашу мәселесін перспективада зерделеу.

  1. Ақмола облысының білім беру саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментіне:

3.1. Білім беру-сауықтыру қызметін жүзеге асыруға БСО лицензияларды уақтылы алуды қамтамасыз ету жөнінде қажетті шаралар қабылдау. Мерзімі – 2026 жылғы 1 маусымға дейін.

  1. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне:

4.1. «Балалардың сауықтыру және санаторий объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларының талаптарына қатаң сәйкес қала сыртындағы балалар лагерьлерін қабылдауды жүргізуді қамтамасыз ету.                                                     Мерзімі – 2026 жылғы 1 маусымға дейін.

4.2. Білім басқармасымен бірлесіп жазғы кезең ішінде БСО санитарлық-эпидемиологиялық мониторингін жүзеге асыру үшін мониторингтік топтардың қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру.

4.3. Тамақтанудың сапасы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, тамақтанудың жаңа стандартының талаптарына сәйкес балалардың сауықтыру ұйымдарында балалардың тамақтануын ұйымдастыруды бақылауды күшейту.

  1. Ақмола облысының полиция департаментіне:

5.1. Жазғы каникул кезеңінде оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша профилактикалық жұмысты күшейту және барлық қажетті шараларды қабылдау.

5.2.  Ақмола облысының білім басқармасымен бірлесіп қала сыртындағы лагерьлердің қызметкерлерін (меншік нысанына қарамастан) соттылығына тексеру жұмыстарын ұйымдастыру. Мерзімі - 2026 жылғы 1 маусымға дейін.

5.3.   Жазғы каникул кезеңінде оқушылардың орталықтандырылған автоколонналарының жолдарда жүруі кезінде оларды жол полициясы қызметкерлерінің алып жүруін қамтамасыз ету.

5.4. Учаскелік полицейлерді жазғы кезеңде облыстың балалар сауықтыру орталықтары мен лагерьлеріне бекітуді ұйымдастыру және әр ауысымда балалардың қала сыртындағы лагерьлерге кіруі кезінде полиция қызметкерлерінің қала сыртындағы лагерьлерге міндетті түрде баруын қамтамасыз ету.

  1. Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасы:

 6.1. Лагерьлерде медициналық қызметті лицензиялау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес медициналық персоналмен (дәрігерлермен және медбикелермен) жасақтауды қоса алғанда, балаларды сауықтыру ұйымдарында балаларды уақтылы медициналық сүйемелдеуді және сауықтыруды қамтамасыз ету. Мерзімі - 2026 жылғы 1 маусымға дейін.

6.2. Ақмола облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментімен бірлесіп, тамақтанудың жаңа стандартының талаптарына сәйкес балаларды сауықтыру ұйымдарында балаларды тамақтандыруды ұйымдастыруды бақылауға алсын.

  1. Ақмола облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы:

7.1. ТжКБ білім беру бағдарламаларын экономиканың қажеттіліктеріне одан әрі бейімдеу мақсатында өңірлік еңбек нарығын болжауды күшейту.

7.2. Колледж түлектерін жұмысқа орналастыруды қолдау шараларын, оның ішінде жастар практикасы және «бірінші жұмыс орны» бағдарламалары арқылы кеңейту.

7.3. Білім басқармасымен бірлесіп, жазғы каникул кезеңінде мектеп оқушыларын жұмысқа орналастыру бойынша жұмысты ұйымдастыруды, сондай-ақ уақытша жұмысқа орналастыру арқылы сақталған интеллектісі бар денсаулық мүмкіндіктері шектеулі (ДМШ) жасөспірімдердің еңбекке бейімделуіне жағдай жасау мүмкіндігін қарастыруды қамтамасыз ету.

  1. Ұсынымдарды орындау қорытындылары бойынша ақпарат Ақмола облыстық мәслихатына 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде ұсынылсын, сондай-ақ көрсетілген мерзімдерге сәйкес жекелеген тармақтар бойынша ақпарат ұсынылуын қамтамасыз етсін.
  2. Осы қаулының іске асырылуын бақылау әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссияға жүктелсін.

 

Әлеуметтік сұрақтар жөніндегі

тұрақты комиссияның төрағасы                                                        С.Сыздықов

Дата публикации
26 мая 2026