Көкшетау қ. 2026 жылғы 23 сәуір, сағ. 11.00
«Дене шынықтыру мен спортты дамытудың
негізгі бағыттары: 2023-2029 жылдарға
арналған дене шынықтыру және спортты
дамыту тұжырымдамасын»
іске асыру шеңберінде қағидаттар,
тәсілдер және инфрақұрылымды жетілдіру»
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері-депутаттар дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы А.Б. Төлендин мен білім басқармасы басшысының орынбасары Ж. Д. Баймақованың ақпаратын тыңдап, талқылағаннан кейін өңірде тұтастай алғанда «Дене шынықтыру мен спортты дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасының» негізгі бағыттарын іске асыру бойынша жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын атап өтті.
Дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпараты бойынша, 2026 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша спортпен 343,6 мың адам (халықтың 43,6%) айналысады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,2%-ға артық. Ауылдық жерлерде - 153,3 мың адам.
1175 спорт нысаны жұмыс істейді (жылына +4,5%), қамтамасыз ету 70,8% құрайды. 2025 жылы жаңа спорт мектептері, кешендер мен алаңдар іске қосылды, бірқатар нысандардың құрылысы жалғасуда.
2025 жылы Зеренді ауданының Зеренді ауылында шетелге заңсыз шығарылған активтерді қайтару жөніндегі арнайы мемлекеттік қордың қаражаты есебінен салынған спорт мектебі, 2 спорт кешені (Бурабай ауданының Мәдениет ауылы, Жақсы ауданының Жаңа-Кийма ауылы), 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені (Красный Яр ауылы, Шортанды ауданының Бозайғыр ауылы, Қорғалжын ауылы) пайдалануға берілді, ангар үлгісіндегі 2 спорт кешені (Целиноград ауданының Қажымұқан ауылы, Степногорск қ.), 2 мәдени-спорт кешені (Қырық құдық ауылы, Қосшы қ.).
Көкшетау қаласында көпфункционалды спорт кешенінің, Бұланды ауданының Макинск қаласында жүзу бассейнінің және Бурабай ауданының Щучинск қаласында спорт сарайының құрылысы аяқталды.
Ағымдағы жылы 2 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы аяқталу сатысында (Бестөбе ауылы, Жақсы ауылы). Степногорск қаласында «Алтыналмас АК» АҚ инвестордың қаражаты есебінен дене шынықтыру және спорт сарайының құрылысы жүргізілуде. Халықтың шоғырланған жерлерінде бос уақытын ұйымдастыру үшін облыстың 10 өңірінде 37 спорт алаңы салынды.
Балалар мен жасөспірімдерді тартуға ерекше назар аударылады. damubala.kz платформасында іске асырылатын мемлекеттік спорттық тапсырыс дамуда. 2025 жылы шамамен 1,9 млрд. теңге бөлінді, 8 мыңға жуық ваучер берілді, 9 мыңнан астам баланы қамту жоспарлануда. Жүйеге 229 жеткізуші қатысап, 113 қызмет көрсетеді. 64 спорттың 21 түрі бойынша өтінімдер мақұлданды.
Мүгедектігі бар адамдар арасында спортпен 2790 адам айналысады (20%), жылда көрсеткіш өсуде. Мамандандырылған клубтар мен әлеуметтік жобалар жұмыс істейді.
Білім басқармасының деректері бойынша облыстың білім беру ұйымдарында 1259 дене шынықтыру мұғалімі жұмыс істейді (1147 - мектептерде, 112 – ТжКБ ұйымдарында), оның 1101-і жоғары білімді. Көбінің біліктілік санаттары бар: педагог-модератор - 516, педагог-сарапшы - 258, педагог-зерттеуші - 73.
481 спорт залы (56-бейімделген), 230 футбол алаңы жұмыс істейді, оның 135-і жөндеуді қажет етеді. 41 мектепте спорт залдары жоқ. 2024-2025 жылдары мүкәммалды сатып алуға жыл сайын 348,5 млн.теңгеден бөлінді.
2863 спорт секциясы жұмыс істейді, 82 мыңнан астам оқушы қамтылды. Жарыстар, туристік және патриоттық іс-шаралар өткізіледі. ТжКБ студенттері арасында спорттық іс-шаралармен 4,7 мыңнан астам адам қамтылды, командалар республикалық деңгейде табысты өнер көрсетуде. Оқушылар арасында да жоғары белсенділік байқалады («Жастар» спартакиадасы).
Ақмола облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының ақпаратын назарға ала отырып, дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырудың тиімділігін арттыру, бұқаралық спортты дамытуға жүйелі көзқарасты қамтамасыз ету мақсатында, сондай-ақ спорттық инфрақұрылымды белсенді кеңейту, ваучерлік жүйені іске асыру жағдайында (damubala.kz) Ақмола облыстық мәслихатының әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
2.1. Айтарлықтай өсу әлеуеті сақталатын ауылдық аумақтар мен шағын елді мекендерге баса назар аудара отырып, дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын халықтың үлесін ұлғайту жөніндегі жұмысты жалғастыру.
2.2. Бұқаралық спортты дамыту мақсатында жұмыс істеп тұрған спорт ғимараттарының кешкі және демалыс уақытын қоса алғанда, барынша жүктелуін, сондай-ақ қолжетімді инфрақұрылымды кеңейту, секциялар санын ұлғайту және әлеуметтік жобаларды іске асыру жолымен халықтың барлық санаттары, оның ішінде мүгедектігі бар адамдар үшін спорт объектілерінің барлық түрлеріне тең қолжетімділікті қамтамасыз ету.
2.3. Мәселені зерделеп, «Бурабай» БЖСМ» КММ күрделі жөндеу жүргізу мүмкіндігін қарастыру.
2.4. Астрахан ауданының БЖСМ көлік құралымен («Газель» автокөлігі) қамтамасыз ету мәселесін шешу мүмкіндігін қарастыру (мерзімі - 2026 жылдың соңына дейін).
2.5. Бестөбе, Жақсы ауылдарында дене шынықтыру-сауықтыру кешендерінің құрылысын аяқтауды бақылауға алу және Ерейментау ауданының стадионын күрделі жөндеу мәселесін қарастыру.
2.6. Көкшетау қаласында салынып жатқан жаңа нысанды - 150 адамға арналған оңалту орталығын дайындау және кадрлармен қамтамасыз ету тұжырымдамасын анықтау мәселесін бақылауға алу және пысықтау. Жобаны іске асырудың алдын ала тұжырымдамасы бойынша жұмыс тобы құрылсын және қысқа мерзімде мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың және облыстық мәслихат депутаттарының қатысуымен жұмыс кеңесін өткізілсін.
2.7. Көкшетау қаласының спорт алаңдарын қоса алғанда, барлық спорт объектілерінде басқару шешімдерін кейіннен түзете отырып, негізгі көрсеткіштердің (инфрақұрылымның қамтылуы, жай-күйі, қызметтердің қолжетімділігі) тұрақты мониторингі жүйесін енгізу.
2.8. Ваучерлерді бөлу тетігінің ашықтығын және бюджет қаражатын, оның ішінде damubala.kz платформасы арқылы пайдалану тиімділігін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік спорттық тапсырысты іске асыру сапасын бақылау жөніндегі белсенді жұмысты жалғастыру.
2.9. Секцияны дамыту, жарыстар өткізу және білім беру мекемелеріне интеграциялау арқылы олардың үлесін арттыра отырып, ұлттық спорт түрлерін танымал етуді жалғастыру.
2.10. Саланы кешенді дамыту үшін білім беру, спорт ұйымдары мен жергілікті атқарушы органдар арасындағы үйлестіруді күшейту. Спорттың қолжетімділігін арттыруға, қалалық және ауылдық аумақтар арасындағы теңгерімсіздікті төмендетуге, сондай-ақ халықтың барлық санаттарының тартылуын арттыруға басты назар аудару қажет.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия қаулысының 2-тармағын іске асыру және орындау барысы туралы ақпарат 2026 жылғы 1 маусымға дейін берілсін.
4.1. Материалдық-техникалық базаны жаңғыртуды жалғастыру: басымдықты айқындай отырып, күрделі жөндеуді талап ететін білім беру ұйымдарының бейімделген спорт залдары мен футбол алаңдарының үлесін қысқартудың кезең-кезеңімен жоспарын әзірлеу.
4.2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 576 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында шахматты дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған кешенді жоспарын іске асыруға, оқу жоспарының вариативтік компоненті сағаттары есебінен жалпы білім беретін мектептердің 1-4 сыныптарында шахматты енгізу, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарында шахмат секцияларының желісін кеңейту бөлігінде талдау жүргізу, оның ішінде мемлекеттік тапсырысты орналастыру арқылы жүзеге асыру.
4.3. Жаңа бағыттарды ашу және сабақтардың қолжетімділігін арттыру есебінен білім алушыларды спорт секцияларымен, әсіресе ауылдық жерлерде қамтуды кеңейту.
4.4. Ауданаралық және облыстық жобаларды іске асыруды қоса алғанда, туристік-өлкетану және әскери-патриоттық бағыттарды күшейте отырып, «Туризм, дене шынықтыру және АӘДК орталығы» КММ-нің белсенді қызметін жалғастыру.
4.5. Тиімді басқару шешімдерін қабылдау үшін білім алушылардың дене шынықтыру және спортпен шұғылдану көрсеткіштеріне тұрақты мониторинг жүйесін енгізу.
4.6. Қосшы қаласының №1 орта мектебіне спорт залын кеңейту мүмкіндігін қарастыру.
4.7. Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдерді қамтуды төмендетуге жол бермеу және оларды қолжетімді бос уақытпен қамтамасыз ету мақсатында білім басқармасы жанындағы «Болашақ Сарайы» ШЖҚ МКК қызметін ұйымдастыруға талдау жүргізу, оның ішінде:
- неғұрлым талап етілетін бағыттарды бөліп көрсете отырып, жұмыс істеп тұрған спорт және шығармашылық секцияларға (тізбе, кесте, нақты қамту) егжей-тегжейлі талдау жүргізу;
- секциялар мен үйірмелерге нақты қажеттілікті айқындау үшін ата-аналар мен балаларға сауалнаманы қоса алғанда, жазғы кезеңде білім алушылардың жұмыспен қамтылуына мониторингті ұйымдастыру; жазғы кезеңде (кесте, орындардың болуы, жазба) секциялардың жұмысы туралы ата-аналарды онлайн-ақпараттандыру жүйесін енгізу;
- секциялардың үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету үшін жаттықтырушылар мен үйірме басшыларының демалыс кестелерін қайта қарау (ауысымдық режимді енгізу, кезең-кезеңімен демалыс беру);
- жазғы каникул кезеңінде бұқаралық және қолжетімді қызмет түрлеріне (турнирлер, фестивальдар, күндізгі болу лагерлері, көшпелі іс-шаралар) назар аудара отырып, негізгі спорт секциялары мен шығармашылық үйірмелердің жұмыс істеуін қамтамасыз ету;
- маусымдық (жазғы) бағдарламаларды ашу мүмкіндігін қарастыру: спорт қарқындары, аула лигалары, шығармашылық шеберханалар, қысқа мерзімді курстар;
- балаларды қамтуды кеңейту және қолда бар инфрақұрылымды тиімді пайдалану үшін спорт, мәдениет және жастар саясаты ұйымдарымен ведомствоаралық өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссия қаулысының 4-тармағының іске асырылу барысы және орындалу барысы туралы ақпарат 2026 жылғы 1 маусымға дейін берілсін.
Әлеуметтік мәселелер жөніндегі
тұрақты комиссияның төрағасы С. Сыздықов