Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«1. 2026–2028 жылдарға арналған облыстық бюджет тиісінше осы шешімнің 1, 2 және 3-қосымшаларына сәйкес, оның ішінде 2026 жылға мынадай көлемдерде бекітілсін:
1) кірістер – 521 103 516,4 мың теңге, оның ішінде:
салықтық түсімдер – 71 048 649,0 мың теңге;
салықтық емес түсімдер – 10 948 553,0 мың теңге;
негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер – 95 000,0 мың тенге;
арнаулы түсімдер – 6 319 326,0 мың тенге;
трансферттер түсімдері – 432 691 988,4 мың теңге;
2) шығындар – 515 330 246,4 мың теңге;
3) таза бюджеттік кредиттеу – 13 637 060,4 мың теңге, оның ішінде:
бюджеттік кредиттер – 34 409 187,9 мың теңге;
бюджеттік кредиттерді өтеу – 20 772 127,5 мың теңге;
4) қаржы активтерімен жасалатын операциялар бойынша сальдо – 260 007,0 мың теңге, оның ішінде:
қаржы активтерін сатып алу - 266 507,0 мың теңге;
мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер - 6 500,0 мың теңге;
5) бюджет тапшылығы (профициті) – -8 123 797,4 мың теңге;
6) бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану) – 8 123 797,4 мың теңге.»;
көрсетілген шешімнің 1 және 5-қосымшалары осы шешімнің 1 және 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
|
Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Б. Жүсіпов |
«КЕЛІСІЛДІ»
|
Ақмола облысының әкімі
__________________ М. Ахметжанов 2026 жылғы «_14___» сәуір |
|
«Ақмола облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы
__________________ А. Шүгірмақова 2026 жылғы «_14___» сәуір |