GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Все материалы
13 октября 2026
2026 жылғы 12 қазанда Мемлекет басшысы барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы Жарлыққа қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы Конституциясы 88-бабының 5 тармағына сәйкес Премьер-министр Олжас Бектеновпен және Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебаймен консультация өткізгеннен кейін «Барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы» Жарлыққа қол қойды.

Орталық сайлау комиссиясына барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауын тағайындау, оның дайындығы мен өткізілуін ұйымдастыру жөніндегі іс-шараларды қабылдау тапсырылды.

Жарлық жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-barlyk-dengeydegi-maslihattardyn-okilettigin-merziminen-buryn-toktatu-turaly-zharlykka-kol-koydy-1294150

AKORDA.KZ

06 октября 2026
Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті

Глубокое аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық екінші сессиясының отырысы өтті

Сессияның күн тәртібі:

1. Глубокое аудандық мәслихатының 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 31/2-VIII "Глубокое ауданының кенттерінің, ауылдарының және ауылдық округтерінің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Глубокое аудандық мәслихатының 2024 жылғы 20 наурыздағы № 10/5-VIII "Глубокое ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен тәртібін айқындау туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы.

Бірінші мәселе бойынша экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Д.К. Қалижаров баяндама жасап, 2026-2028 жылдарға арналған Глубокое ауданының кенттері, ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттері туралы аудандық мәслихаттың шешіміне өзгерістер енгізу туралы ұсыныстар берді. Екінші мәселе бойынша ұсынылған өзгерістер туралы ақпаратты ұсына отырып, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары А.С. Валиева сөз сөйледі. Сондай-ақ аудандық бюджет комиссиясының дербес құрамы бекітілді. Сессия барысында депутаттар ұсынылған шешімдердің жобаларын талқылады, қарау қорытындысы бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/glubokoe-maslihat/press/news/details/

01 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс LIII сессиясы өтті

2026 жылғы 30 қыркүйекте Шемонаиха аудандық мәслихатының кезектен тыс елу үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі, аудан әкімінің орынбасары, бөлімдер мен басқармалардың басшылары, әкімшілік-аумақтық бірліктердің әкімдері қатысты.

«Шемонаиха аудандық мәслихатының 2025 жылғы 24 желтоқсандағы № 43/2-VIII «Шемонаиха ауданының қала, кенттер және ауылдық округтерінің 2026–2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және бюджетті жоспарлау бөлімінің басшысы Самойлова А.М. cөз сөйледі. Ол қаланың, кенттер мен ауылдық округтердің меншікті кірістерінің ұлғаюы, ағымдағы жылдың 9 айының бюджетінің орындалу қорытындылары бойынша бюджет қаражаты үнемделуініңбөлінуі, сондай-ақ ағымдағы және күрделі шығыстарға қосымша қаражат бағыттау туралы хабарлады.

Шемонаиха аудандық мәслихатының сессиясы пленарлық отырыс форматында өтіп, Instagram әлеуметтік желісінде онлайн-трансляция ұйымдастырылды.

 

https://www.gov.kz/memleket/entities/shemonaihamaslikhat/press/news/

01 октября 2026
2026 жылғы 30 қыркүйекте Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІІI cессиясы өтті

2026 жылдың 30 қыркүйекте VІІІ шақырылған Ұлан аудандық мәслихаттың кезектен тыс LVІІI cессиясы өтті. Сессияда Ұлан аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №273 «2026-2028 жылдарға арналған Ұлан ауданының бюджеті туралы» шешімге өзгеріс енгізу туралы  сұрақ қаралды.

Күн тәртібіндегі сұрақ бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/ulanmaslikhat/press/news/

 

29 сентября 2026
2026 жылғы 29 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс ХХХІ сессиясы болып өтті

Сессия жұмысына облыстық мәслихат депутаттары, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Н.А. Сақтағанов, облыс әкімінің орынбасарлары, облыстық басқармалардың  басшылары, қалалар мен аудандардың әкімдері, БАҚ өкілдері қатысты.

Қалалық және аудандық мәслихаттардың төрағалары сессия жұмысына бейнеконференция байланысы режимінде қатысты.

Сессия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысының жерүсті су объектілерінің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы.

4. «Шығыс Қазақстан облысында ортақ су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/202-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.

7. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

Сессия алдында облыстық мәслихаттың кезектен тыс ХХХІ сессиясына енгізілген «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешім жобасын қарау және талқылау бойынша мәслихаттың уақытша комиссиясының отырысы болып өтті. Қаралған шешім жобасы бойынша уақытша комиссияның қорытындысы қабылданды.

Қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

ШҚО қоғамдық кеңесі
28 сентября 2026
2026 жылғы 28 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің отырысы онлайн-байланыс режимінде өтті

Отырыс «Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 1 және 5-тармақтарына және 11-бабының 1-тармағына сәйкес өткізілді.

Отырыста Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының «2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VIII "2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі жобасы қаралып, талқыланып, ұсынымдар берілді.

Сонымен қатар «Әртүрлі» бөлімінде өзге мәселелер қаралды.

ШҚО қоғамдық кеңесі
28 сентября 2026
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2026 жылғы 28 қыркүйекте сағат 15-00 де онлайн байланыс режимінде Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды

Қаралатын мәселелер:

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.

2. Әртүрлі.

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195

25 сентября 2026
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының және облыс тұрғындарының назарына

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс отыз бірінші сессиясы 2026 жылғы 29 қыркүйекте сағат 15.00-де офлайн форматта облыс әкімдігі ғимаратында (1-қабат) өтеді.

Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 14.00-ден басталады. 

Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:

1. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/206-VІІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы.

3. Шығыс Қазақстан облысының үстіңгі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы.

4. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы № 23/265-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

5. «Шығыс Қазақстан облысында жалпы су пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 18 қарашадағы № 25/202-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

6. «Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы.

7. Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы.

Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы m.vko@maslihatvko.gov.kz.

 

Шығыс Қазақстан облыстық

мәслихатының төрағасы                                                                Д. Рыпаков

 

 

21 сентября 2026
2026 жылғы 21 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің отырысы өтті

Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті, оның күн тәртібіндегі басты мәселе – осы консультативтік-кеңесші органға жаңа төрағаны сайлау болды. Басшылықтың ауысуына Қазақстан Республикасының Құрылтайына депутат болып сайланған алдыңғы төраға А.Т. Ашимованың өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуы себеп болды. Отырыс барысында Қоғамдық кеңес мүшелері ашық дауыс беру арқылы Зарина Айдарханқызы Камасованың төраға қызметіне кандидатурасын бірауыздан қолдады. Жаңа төраға әріптестеріне өзіне көрсеткен сенімі үшін алғыс айтып, Қоғамдық кеңестің облыстық мәслихатпен және өңірдің атқарушы органдарымен белсенді ынтымақтастықты жалғастыратынын атап өтті. Кеңестің қызмет бағыты өзгеріссіз қалады: тәуелсіз қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, нормативтік құқықтық актілерге сараптама жасау, бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг жүргізу және Шығыс Қазақстан облысы тұрғындарының әлеуметтік маңызы бар өтініштеріне жедел ден қою.

Қоғамдық кеңес мүшелері бұрынғы төрағаға өңірдегі азаматтық қоғам институттарын дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, оған республикалық деңгейдегі заң шығару қызметінде табыс тіледі.

Сондай-ақ отырыс барысында келесі жобалар қаралып, талқыланды және ұсыныстар берілді:

- «Өкілдік шығындарға көзделген қаражатты пайдалану тәртібін және өкілдік шығындар нормаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерін пайдаланғаны үшін жалдау ақысының мөлшерлемесін белгілеу туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 26/221-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

-  «Шығыс Қазақстан облысында үй жануарларын аулау, ұстаудың және серуендетудің қағидаларын, бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысында жануарларын аулаудың, уақытша ұстаудың  және жансыздандырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

-   «Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 10 қазандағы      № 23/265-VI «Шығыс Қазақстан облысы бойынша әлеуметтік маңызы бар қатынастардың тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының шешімінің жобасы;

- «Шығыс Қазақстан облысының жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су тоғандарының тізбесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 қыркүйектегі № 236 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулы жобасы.

ШҚО қоғамдық кеңесі
15 сентября 2026
Шығыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі 2026 жылғы 21 қыркүйекте сағат 14-00 де Өскемен қаласы, М.Горький көшесі, 40 мекен-жайында (мәжіліс залы, 108 каб.) Қоғамдық кеңес отырысы өтетіні туралы хабарлайды

Қаралатын мәселелер:

1. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарау және ұсынымдар беру.

2. Әртүрлі.

              

Ақпарат алуға арналған байланыс телефоны: (8-7232) 713-195

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы