
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезекті он жетінші сессиясы 2024 жылғы 11 қазанда сағат 10.00-де облыс әкімдігі ғимаратында (М.Горький көшесі, 40, 1-қабат) өтеді.
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу сағат 9.00-ден басталады.
Сессияға ұсынылатын күн тәртібі:
1. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты төрағасының есебі.
Денис Сергеевич Рыпаков - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы.
2. Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдаудың кешенді бағдарламасын Шығыс Қазақстан облысында іске асыру туралы.
Ардақ Еділұлы Мәдиев - Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасының басшысы.
3. Тұрғын үй-коммуналдық қызметтерді, жылумен қамту ұйымдарын, тұрғын үй қорын және әлеуметтік-мәдени мақсаттағы объектілерді 2024-2025 жылдардың жылыту маусымына дайындау қорытындылары туралы ақпарат.
Нұрлан Сағибекұлы Рамазанов - Шығыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы.
4. Әлеуметтік-мәдени даму, депутаттық өкілеттіктер, этика және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның есебі.
Сәуле Жәдігерқызы Рахметуллина – тұрақты комиссия төрағасы.
5. Әртүрлі мәселелер.
Сессияны дайындауға жауапты адам: Олег Васильевич Чугунков, жұмыс телефоны 8(7232)71-31-94, электрондық пошта мекенжайы info@vkomaslihat.gov.kz.
Шығыс Қазақстан облыстық
мәслихатының төрағасы Д. Рыпаков