Меню

Страницы

Статья

Тулегенова Бибигуль Ахметовна

1929 жылы 16 желтоқсанда Семей қаласында дүниеге келген

Опера әншісі, Қазақ мемлекеттік консерваториясының профессоры. Еңбек жолын консервілеу зауытында жұмысшы болып бастады. Алматы қаласында Қазақ мемлекеттік консерваториясын бітірген. Консерваторияда оқи жүріп, Қазақ радиосының әншісі болды, 1954 жылдан бастап Қазақтың опера және балет театрының, Қазақ филармониясының әншісі. 1980 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Қазақ ұлттық консерваториясында ән салудан (вокал) дәріс береді. Көптеген жас әншілерді даярлады. Бибигүл Төлегенова опера кейіпкерлерінің бүкіл бір галереясын сомдады. Олар- Брусиловскийдің аттас операсындағы Қыз Жібек бейнесі, Ғ.Жұбанованың «Еңлік-Кебегіндегі» Еңлік, Е.Рахмадиевтің «Алпамысындағы» Гүлбаршын, Д. Вердидың «Травиата», «Риголетта» операларындағы Виолетта мен Джильда, Римский-Корсаковтың «Қар ханшайымы» операсындағы Қар ханшайымының бейнелері және басқалар. Бибигүл Төлегенова Қазақ ССР Жоғарғы кеңесінің 7-9 шақырылымдарының депутаты, Социалистік Еңбек Ері.
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы 148-II Заңның 6 бабы 1 тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
«Шығыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы» атағы музыка өнерінің дамуына қосқан зор үлесі үшін опера әншісі, Қазақ мемлекеттік консерваториясының профессоры Бибигүл Ахметқызы Төлегеноваға берілсін.

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2009 жылғы 21 желтоқсандағы 17/223-IV шешімі

Дата публикации
10 марта 2022
Дата обновления
10 марта 2022
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 ноября 2022
Тұрақты комиссиялардың есептері
09 ноября 2022
ШҚО мәслихаты төрағасының есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы