Меню

Страницы

Статья

Рыпаков Денис Сергеевич

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы (2021 жылғы 14 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін).

Денис Сергеевич Рыпаков 1980 жылғы 20 тамызда Алматы қаласында туған.

Мамандығы бойынша дене шынықтыру мұғалімі, 2001 жылы Қазақ мемлекеттік спорт және туризм академиясының дене шынықтыру институтын аяқтаған.

«Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша спорт шебері», «Қазақстан Республикасының жеңіл атлетика бойынша еңбек сіңірген жаттықтырушысы» құрметті атақтарын иеленген. Үйленген, екі бала тәрбиелеп отыр.

Еңбек жолын 2001 жылы Астанадағы Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясының нұсқаушысы болып бастаған. Қазақстан Республикасының штаттық ұлттық командалар мен спорт резерві дирекциясында жеті жыл жаттықтырушы-оқытушы болды.
2013 жылдан бастап жеңіл атлетикадан олимпиада резерві бойынша Шығыс Қазақстан облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебін басқарды.
2019 жылғы маусымда Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.

2021 жылғы 14 қаңтарда жетінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

2023 жылғы 30 наурызда сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы болып сайланды.

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 ноября 2022
Тұрақты комиссиялардың есептері
09 ноября 2022
ШҚО мәслихаты төрағасының есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы