Меню

Страницы

Статья

Головатюк Владимир Михайлович

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (2015 жылғы қазан айынан 2021 жылғы қаңтар айына дейін)

В.М. Головатюк 1953 жылғы 23 желтоқсанда Өскемен қаласында туған. Екі жоғары білімі бар. 1976 жылы Томск политехникалық институтын «Қалалардың және ауыл шаруашылығының өнеркәсіптік кәсіпорындарын электрмен жабдықтау» мамандығы бойынша, 2011 жылы Халықаралық бизнес университетінің магистратурасын «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы  бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын Өскемен қаласындағы қорғасын-мырыш комбинатында электромонтер болып бастаған. 1978 жылдан 1997 жылға дейін Востокмашзаводта еңбек етті, «Востокмашзавод» АҚ-да инженер-технологтан бастап құю зауытының директорына дейінгі еңбек жолынан өтті. «Өскемен нан-тоқаш өнімдері зауыты» АҚ президенті, «Восток-Алтын» кәсіпқой футбол клубы қоғамдық бірлестігінің атқарушы директоры, «Восток» футбол клубы МКҚК директоры, «Востокагропроект» ЖШС бас инженерінің орынбасары лауазымдарын атқарды.

2009 жылы Өскемен қалалық мәслихатының депутаты мен хатшысы болып сайланды. 2013 жылғы наурыздан 2015 жылғы қыркүйекке дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.

2015 жылғы қыркүйекте Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының № 7 Строительный сайлау округі бойынша депутаты болып сайланды. «Нұр Отан» партиясының мүшесі. 2015 жылғы 7 қазанда Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып сайланды.

«Құрмет» орденімен (2012), «Парасат» орденімен (2018),  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Астана 20 жыл» (2018), «Қазақстан Конституциясына 25 жыл» (2020) мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

Үйленген, екі бала тәрбиелеген.

Дата публикации
24 ноября 2021
Дата обновления
24 ноября 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
09 ноября 2022
Тұрақты комиссиялардың есептері
09 ноября 2022
ШҚО мәслихаты төрағасының есебі

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы