Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесінің жұмысы туралы ақпарат

2023 жылдың өткен кезеңінде Қоғамдық кеңестің 9 отырысы өткізіліп, 60 нормативтік құқықтық актінің жобасы қаралды, оның ішінде:

  • облыстық мәслихаттың шешімдері – 25
  • облыс әкімдігінің қаулылары – 35

          келесі салаларда:

  • бюджетке өзгерістер енгізу және бюджеттің атқарылуы туралы– 5
  • ауыл шаруашылығы саласында – 13
  • білім беру саласында – 3
  • су қорғау аймағы мен су қорғау жолағын белгілеу туралы– 8
  • басқалары – 31.

 Шығыс Қазақстан облысы Қоғамдық кеңесі және оның комитеттері мүшелерінің қатысуымен келесі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді:

 - Саяси клубтың 4 отырысы;

 - Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарында көшпелі комиссиялардың 40 отырысы;

 - нысандарда 41 қоғамдық рейд;

 - аумақтық қоғамдық кеңес мүшелері, ауыл әкімдері мен белсенділер үшін 4 виртуалды дәріс;

- «Шығыс Қазақстан облыстарының қалалары мен аудандарының Қоғамдық кеңес мүшелеріне арналған» 2-семинар;  

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қоғамдық кеңестің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне 01.01. - 31.12. 2023 аралығында келіп түскен өтініштер саны – 217. Барлық өтініштер уақтылы қаралып, тиісті консультациялар мен түсіндірмелер жүргізілді. Қоғамдық тыңдауларға қатысу мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен 6 консультация өткізілді.

Қоғамдық кеңестің Instagram polezni_sovet_vko әлеуметтік желісінде жарияланған материал саны - 120, ШҚО Қоғамдық кеңесі Facebook-те жарияланған материал саны - 206.

2023 жылдың 1 қыркүйегінде өткен Қоғамдық кеңес отырысында Риддер қалалық Қоғамдық кеңесінің «Риддер жылу электр орталығын коммуналдық меншікке беру туралы» бастамасы бірауыздан қолдау тапты.

 

Шығыс Қазақстан облысы
Қоғамдық кеңесінің төрағасы                                           Д. Рыпаков

 

 

Дата публикации
30 апреля 2024