Құрметті депутаттар!
Депутаттар корпусы үшін осы жыл үлкен жаңалықтан басталды. Президент Жарлығына сәйкес мәжіліс пен мәслихаттар таратылып, жаңартылған форматта қайта сайланды.
Облыстық мәслихаттың жаңа құрамы ағымдағы жылдың наурыз айында республикалық референдумда қабылданған, Қазақстан Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес аралас сайлау жүйесі бойынша қалыптасты.
Облыстық мәслихат депутаттарының 50 пайызы мажоритарлық жүйе бойынша сайланды, осылайша 16 депутат бір мандатты округтер бойынша өтті. Қалған 50 пайызы партиялық тізімдер бойынша сайланды: «AMANAT» саяси партиясынан - 13 депутат, бұл 81,2 пайызды құрайды, «Ауыл» халықтық демократиялық патриоттық партиясынан - 2 депутат (12,5 %) және «Байтақ» жасылдар партиясынан - 1 депутат (6,2 %). Облыс бойынша бір депутаттық орынға 4 адам үміткер болды. Мәслихатта заңмен бекітілген депутаттық мандаттардың 30 пайызын әйелдер, жастар және ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін бөлу жүйесі сақталды.
Жаңадан сайланған 32 депутаттың ішінде өткен құрамдағы 12 депутат жаңа шақырылымдағы жұмысын жалғастырды, оның ішінде 3 депутат сайлаушылардың сеніміне ие болды және үшінші-төртінші мерзімге сайланды, 20 депутат облыстық мәслихатқа алғаш рет сайланды.
Барлық депутаттар жоғары білімді: 9 гуманитарлық бейімділікпен, 9 техникалық біліммен, 14 басқа мамандықтармен, бір депутаттың ғылыми дәрежесі бар (Рахметуллина Сәуле Жәдігерқызы - техника ғылымдарының кандидаты). Бұл біздің депутаттарымыздың көптеген мәселелер бойынша құзыретін растайды.
Облыстық мәслихатқа 10 әйел сайланды, бүгінгі күні 9 әйел қызметін жалғастыруда. (Аэлита Ахметсәлімқызы мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатты).
Жаңа шақырылымдағы депутаттық корпустың басым міндеттері экономика мен халықтың әл-ауқатын арттыру, әлеуметтік сала мен халықты әлеуметтік қорғау проблемаларын шешу, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету болып табылады. Облыс депутаттарының назарында ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған міндеттерді іске асыру, сондай-ақ негізгі мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуын бақылау мәселелері болады.