Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 28 желтоқсанда № 12590 болып тіркелді.
ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз
"Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 31.08.2022 № 904 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
Б. Сұлтанов |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
|
|
бекітілген |
|
Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары
Ескерту. Қағидалар жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 14.01.2022 № 35 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-т. қараңыз) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылық көрсеткіші – осы Қағидалардың 293-тармағында айқындалған тәртіппен қолданылатын, мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайтын, салықтар мен әлеуетті өнім берушінің еңбекақы төлеу қорына төленген кірістер бойынша көрсеткіштер жиынтығы;
2) веб-порталға қатысушы – веб-порталда тіркеуден өткен тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші;
3) веб-порталда тіркелу – мемлекеттік сатып алу жүйесі субъектісінің веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алуға қол жеткізуі;
4) жеке кабинет – мемлекеттік сатып алу рәсімдерін, сатып алуға қатысуларын, сондай-ақ веб-порталда орналастырылған автоматтық хабарламалар мен мәліметтерді алуды жүзеге асыруға арналған пайдаланушының веб-порталдағы автоматтандырылған жұмыс орны;
5) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыс объектілері бойынша құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын, қазынашылық органдарындағы шоттар арқылы жүргізілген төлемдердің барлық кезеңдерінде жобаның барлық қатысушыларының – бас мердігерлердің және қосалқы мердігерлердің салықтарды төлеуінің толықтығын қамтамасыз етуді бақылау;
6) құжаттың электрондық көшірмесі – өтініш берушінің немесе аталған құжатты куәландыруға өкілеттіктері бар адамның не мемлекеттік қызметтерді алушының өзінің жеке қатысуы кезінде берген жазбаша келісімі негізінде халыққа қызмет көрсету орталығының уәкілеттік берілген қызметкерінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған, түпнұсқа құжаттың түрін және ондағы ақпаратты (деректерді) электрондық цифрлық нысанда толығымен көрсететін құжат;
7) мемлекеттік сатып алу веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – мемлекеттік сатып алудың электрондық қызметтеріне бірыңғай қол жеткізу нүктесін ұсынатын мемлекеттік органның ақпараттық жүйесі;
8) мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор (бұдан әрі – бірыңғай оператор) – мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган айқындаған, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) жалғыз меншік иесі мемлекет болып табылатын заңды тұлға;
9) мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
10) мемлекеттік сатып алу саласында электрондық депозитарий (бұдан әрі – электрондық депозитарий) - осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен веб-порталда қалыптастырылатын әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық деректер базасы;
11) мемлекеттік сатып алу туралы шарт (бұдан әрі – шарт) – Заңда көзделген жағдайларды қоспағанда, тапсырыс беруші мен өнім беруші арасында веб-портал арқылы жасалған, электрондық-цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған азаматтық-құқықтық шарт;
12) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы (бұдан әрі – бірыңғай ұйымдастырушы) – Заңның 8-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдігі немесе аудан, қала, қаладағы аудан әкімдігі айқындаған, орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындауды жүзеге асыратын заңды тұлға;
13) мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы (бұдан әрі – ұйымдастырушы) – заңды тұлға немесе оны құрған заңды тұлғаның атынан әрекет ететін, Заңның 7-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын құрылымдық бөлімше;
14) офтейк-келісімшарт – тапсырыс беруші мен әлеуетті өнім беруші арасында болашақта өндіруге жоспарланған тауарларды кепілді сатып алу жөнінде жасалған келісім;
15) тауарлардың электрондық каталогы - сатып алынатын тауарларды автоматтандырылған сәйкестендіру мақсатында тауарлардың біріздендірілген сипаттамасын қалыптастыруға арналған веб-порталдың ақпараттық кіші жүйесі;
16) төленген салықтардың көрсеткіші – мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректері бойынша, осы Қағидалардың 44-тармағы 2) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес, есептелетін алдыңғы жылдың алдындағы үш жылдың ішінде әлеуетті өнім берушінің кірістерінің сомасына төленген салықтардың сомасының проценттік қатынасы;
17) уәкілетті өкіл – веб-порталға қатысушының бірінші басшысының тиісті шешімімен веб-порталда барлық іс-қимылдарды атқаруға, соның ішінде электрондық құжаттардың көшірмелерін куәландыруға уәкілеттілік берілген веб-порталға қатысушының қолданушысы;
18) форматтық-логикалық бақылау - веб-порталда белгіленетін, веб-порталды пайдаланушылардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған бағдарламалық шектеулер кешені;
19) электрондық әмиян – әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің уәкілетті орган айқындаған тәртіппен бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органда ашылған оның банктік шотына ақша салған кезде бірыңғай оператор әлеуетті өнім берушінің немесе өнім берушінің операцияларын көрсету үшін пайдаланатын, мыналармен:
конкурсқа, аукционға және баға ұсыныстарын сұрауға қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етумен;
шарттың орындалуын қамтамасыз етумен;
авансты қамтамасыз етумен (егер шартта аванс көзделген жағдайда);
Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізумен (бар болса) байланысты жеке шоты;
20) электрондық құжат – өзіндегі ақпарат электрондық цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
21) электрондық цифрлық қолтаңба – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың шынайылығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегенін растайтын электрондық цифрлық нышандар терімі;
22) бастапқы баға - аукцион өткізілгенге дейін Әлеуетті өнім беруші ұсынған, аукционға қатысуға өтінімге қоса берілетін, аукцион нысанасының бөлінген сомасынан бес пайыздан астам төмен болмауы тиіс баға;
23) келісу комиссиясы - тапсырыс беруші осы Заңда айқындалған тәртіппен құратын, шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген әлеуетті өнім берушілердің өтініштерін қарайтын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
24) негіздемелік келісім - тапсырыс беруші мен негіздемелік келісімге қатысушы арасында кейіннен шарт жасасу мақсатында орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды жүргізу нәтижелері бойынша бірыңғай ұйымдастырушы және (немесе) ұйымдастырушының әлеуетті өнім берушілермен арасында жасалатын келісім;
25) электрондық дүкен – бірыңғай оператор айқындаған, веб-порталмен интеграцияланған бірыңғай ақпараттық жүйе, онда уәкілетті орган айқындайтын талаптарға сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілер тауарлар және олардың бағалары туралы ақпаратты орналастырады.
2-тарау. Мемлекеттік сатып алуды жоспарлау
Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Көрсетілген жағдайларда мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспары тиісті бюджет (даму жоспары) бекітілгенге дейінгі сатыларда да, нақтыланғанға дейінгі сатыларда да жеке әзірленеді және бекітіледі.
1) мемлекеттік сатып алудың сәйкестендіру коды;
2) қосылған құн салығын есепке алмағанда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманы қоса алғанда, анықтамалыққа сәйкес тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің номенклатурасы;
3) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілі мен мерзімдері;
4) тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері мен орны;
5) Заңның 43-бабында көзделген жағдайларда, әрбір қаржы жылына бөлінген және көзделген сомалар шегінде кестеге және жылдар бойынша бөлуге сәйкес тауарларды берудің, жұмыстарды орындаудың, қызметтерді көрсетудің жоспарланған мерзімдері;
6) Заңның 51-бабына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру шарттары.
"Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасы берген Индустриялық сертификат тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді отандық өндірушілердің тізіліміндегі әлеуетті өндірушінің тауарды өндіргенін растайтын құжат болып табылады.
Әлеуетті өнім берушінің осы тармақта қойылатын талаптарға сәйкестігін веб-портал Индустриялық даму саласындағы уәкілетті органның және (немесе) "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер палатасының деректері негізінде автоматты түрде айқындайды.
Ұсынылған өтінімдердің болмауына байланысты мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, мұндай мемлекеттік сатып алу барлық әлеуетті өнім берушілер арасында Заңның 13-бабында айқындалған өзге де бәсекелестік тәсілдермен жүзеге асырылады.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетеді;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік сатып алу веб-порталында орналастырады.
1) мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайыздан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыратын;
2) бақылау іс-шараларының нәтижелері бойынша, оның ішінде камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар, хабарламалар орындалған;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлінетін бюджеттік бағдарламаларды бөлу, сондай-ақ тиісті бюджетті нақтылау (түзетілген) кезінде мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылған;
4) Заңның 22-бабының 2-тармағының бірінші бөлігінің 1) тармақшасында көзделген шешімді қабылдағанда;
5) өкілдік шығыстарға байланысты тауарларды, көрсетілетін қызметтерді сатып алғанда;
6) өткізілген мемлекеттік сатып алудың қорытындылары бойынша үнемдеу есебінен тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорынан бөлінген ақша есебінен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру жағдайларына қолданылмайды.
Ескерту. 18-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті бюджетті нақтылау (түзету), бюджет жобасын бекіту кезінде болған мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстар қысқартылған (енгізілмеген);
2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органның стратегиялық жоспарына, тапсырыс берушінің бюджетіне (даму жоспарына, жеке қаржыландыру жоспарына) мемлекеттік сатып алудың бекітілген (нақтыланған) жылдық жоспарында (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарында) көзделген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу қажеттігін жоққа шығаратын өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайларда, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудан бас тартуы мүмкін.
Осы тармақтың бірінші бөлігінің 2) тармақшасында көзделген жағдайда, мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарына (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жылдық жоспарына) ағымдағы жылы осындай тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған өзгерістер мен толықтырулар енгізуге жол берілмейді.
1) өткізілетін мемлекеттік сатып алуға қатысатын тұлғаларды қабылданған шешім туралы хабардар етеді;
2) енгізілген конкурсқа (аукционға) қатысуға өтінімдерді қамтамасыз етуді қайтарады.
24-1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорының қаражаты есебінен қаржыландырылатын мемлекеттік сатып алу Заңның 5-бабының талаптары сақтала отырып іске асырылады.
Ескерту. 24-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 26.01.2023 № 67 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
3-тарау. Ұйымдастырушыны немесе бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1-параграф. Ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі, Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, өзі оларға қатысты мемлекеттік басқару органы болып табылатын бірнеше заңды тұлғалар, ведомстволар мен ведомстволық бағынысты ұйымдар үшін олардың арасынан мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушыны айқындауға құқылы.
Мемлекеттік кәсіпорын өзімен үлестес тұлғалар үшін Заңның 7-бабы 5-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы ретінде әрекет етуге құқылы.
Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлға, Заңның 7-бабы 5-тармағының екінші бөлігіне сәйкес, өзімен үлестес тұлғалар үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы болуға құқылы.
2-параграф. Бірыңғай ұйымдастырушыны айқындау тәртібі
1) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша;
2) уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесі бойынша біртекті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді беру (орындау, көрсету) орнына қарамастан, бір лотқа біріктіру арқылы.
4-тарау. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптары
1) құқық қабілеттілігінің (заңды тұлғалар үшін), азаматтық әрекетке қабілеттілігінің (жеке тұлғалар үшін) болуы;
2) қаржылық орнықты болуы және тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселенген мөлшерінен асатын салықтық берешегінің болмауы.
Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы оларды осы Қағидаларында айқындалған тәртіппен айқындалады.
3) банкроттық не таратылу рәсіміне жатқызылмауы;
4) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарының болуы;
5) жұмыс тәжірибесінің болуы (әлеуетті өнім берушіде лицензияның және (немесе) рұқсаттың болуы мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып танылатын жағдайларды қоспағанда).
2-параграф. Әлеуетті өнім берушінің құқық қабілеттілігіне ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (жіберілген) тиісті рұқсаттың (хабарламаның) нотариат куәландырған немесе электрондық көшірмесін ұсынады.
3-параграф. Әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
1) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт мың еселенген мөлшерінен асатын болса, тауарларды;
2) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма мың еселенген мөлшерінен асатын болса, жұмыстарды;
3) егер тиісті мемлекеттік сатып алудың (лоттың) бөлінген сомасы тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің сегіз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға құқығы бар.
1) техникалық-экономикалық негіздемені, жобалау-сметалық (үлгілік жобалау-сметалық) құжаттаманы және қала құрылысы жобаларын әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;
2) объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жөніндегі жұмыстарды;
3) техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді;
4) Заңның 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық (аукциондық) құжаттамаларға сәйкес мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу кезінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 42-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2022 № 990 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) кірістер;
2) төленген салықтар;
3) негізгі құралдар;
4) еңбек ақы төлеу қоры.
1) әлеуетті өнім берушінің кірістері мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде екіден бір бөлігін құрайды;
2) төленген салықтардың көрсеткіші мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы әлеуетті өнім беруші кірістерінің кемінде үш пайызын құрайды.
Салық төленген күнтізбелік жыл төленген салық күні болып есептеледі.
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін төленген салықтар көрсеткішінің есебі мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің мәліметіне сәйкес мынадай формула бойынша айқындалады:
ТСК = ТС / КС х 100%,
мұнда:
ТСК – төленген салықтардың көрсеткіші;
ТС – есептелетін үш жылдық кезең ішінде төленген салықтарының сомасы;
КС - есептелетін үш жылдық кезең ішінде әлеуетті өнім берушінің кіріс сомасы;
3) әлеуетті өнім берушінің негізгі құралдарының құны мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды;
4) әлеуетті өнім берушінің жұмыскерлеріне еңбекақы төлеу қоры мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес өткен жылдың алдындағы үш жылдағы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген соманың кемінде он бестен бір бөлігін құрайды, бірақ тиісті қаржы жылына бекітілген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайды.
Ескерту. 44-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген тұлғалардың салық төлеуден босатылған кезеңіне есептелген салық сомасы төленген салықтардың көрсеткішін есептеу кезінде төлем ретінде есепке алынады.
Мұндай тұлғалардың тізбесін мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-портал автоматты түрде айқындайды.
51-1. Тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушінің қаржылық орнықтылығы түріндегі біліктілік талабын тапсырыс беруші Заңның 4-бабында көзделген мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаттарын сақтай отырып айқындайды.
Бұл ретте тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім беруші, егер ол осы Қағидалардың 44-тармағының 1) тармақшасында көзделген талаптарға сәйкес келсе, қаржылық орнықты деп танылады.
Ескерту. Қағида 51-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2022 № 990 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрықтарымен.
Бұл ретте, қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның (құқықтық мирасқордың) қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін жаңарту экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші құрылымының бірінші деңгейінде (секциясында) соңғы 12 (он екі) ай ішінде қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалар қызметінің негізгі түрі сәйкес келген жағдайда жүзеге асырылады.
Осындай қайта ұйымдастырылған заңды тұлға (құқықтық мирасқор) туралы мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері веб-порталда әлеуетті өнім берушінің өтініші негізінде жаңартылады.
Ескерту. 52-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.04.2023 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мемлекеттік кірістер органдарының нақты деректеріне сәйкес осындай әлеуетті өнім берушілер бойынша мәліметтерді веб-порталда түзетеді;
2) өткен жылдың алдындағы үш жыл кезеңінде камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін негізсіз арттыруға әкеп соғатын салық заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы мемлекеттік кірістер органдарының хабарламалары бойынша бұзушылықтар жойылғанға дейін осындай әлеуетті өнім берушілердің қаржылық орнықтылық көрсеткіштерін веб-порталда көрсетпейді;
3) Заңның 11-бабында көзделген жағдайларда мұндай әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізу жөнінде шаралар қабылдайды.
Ескерту. 53-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
4-параграф. Әлеуетті өнім берушінің салық берешегінің болмауы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
5-параграф. Әлеуетті өнім берушілердің банкроттық не тарату рәсіміне қатысы жоқтығы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
6-параграф. Әлеуетті өнім берушінің материалдық және еңбек ресурстарына ие болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
Бұл ретте құрылыс-монтаждау жұмыстарына тиісті рұқсаттың (лицензияның) түрлері мен кіші түрлері өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына ұқсас (сол сияқты) болады.
Егер мемлекеттік сатып алу нысанасы құрылыспен байланысты емес жұмыстар (бар объектілерді ағымдағы немесе орташа жөндеумен, реставрациялау, қолданыстағы объектілерді реэкспозициялау, абаттандырумен, жайластырумен байланысты емес жұмыстар) болып табылған жағдайда, әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен материалдық және еңбек ресурстарына ие екендігін растайды.
Ескерту. 58-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Жекелеген тауарларды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігіндегі біліктілік талабы Заңның 16-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделеді.
59-1. Егер конкурстың (лоттың) нысанасы бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық күрделі объектілердегі техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтер болып табылған жағдайда, материалдық ресурстардың болуы Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын заңды тұлғаларға берілген тиісті рұқсатпен (хабарламамен) расталады.
Ескерту. Қағида 59-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
59-2. Егер конкурстың (лоттың) нысанасы екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсету және оған екінші және үшінші жауапкершілік деңгейлеріндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілерде қызметті жүзеге асыратын техникалық қадағалау сарапшысының аттестаты бар жеке тұлға болып табылатын әлеуетті өнім берушінің қатысуы болып табылған жағдайда, материалдық ресурстардың болуы өлшеу және бақылау құралдарымен (меншік немесе жалға алу құқығында), тіркелген зертхана (меншік немесе жалға алу құқығында) және нормативтік құжаттамамен расталады.
Бұл ретте осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделмеген өзге де материалдық ресурстардың болуы туралы талаптар белгіленбейді.
Бірінші және екінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық және технологиялық жағынан күрделі объектілердегі техникалық қадағалау және (немесе) жобаларды басқару жөніндегі инжинирингтік қызметтерге рұқсаты (хабарламасы) бар және екінші және үшінші жауапкершілік деңгейіндегі техникалық жағынан күрделі емес объектілердегі техникалық қадағалау жөніндегі көрсетілетін инжинирингтік қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілер конкурстық құжаттамада көзделген материалдық ресурстарға ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келеді деп танылады.
Ескерту. Қағида 59-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мемлекеттік сатып алуға әлеуетті өнім берушілердің қатысуын шектейтін және негізсіз күрделендіретін;
2) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау қажеттігінен тікелей туындамайтын біліктілік талаптарын белгілеуге жол берілмейді.
Бұл ретте қызметкердің соңғы он жыл ішіндегі жұмыс өтілі ескеріледі.
7-параграф. Әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау тәртібі
Ескерту. 65-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жиырма бес мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бір жылды;
2) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің елу мың еселенген мөлшерінен асатын болса, екі жылды;
3) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, үш жылды;
4) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің жүз елу мың еселенген мөлшерінен асып кетсе, төрт жылды;
5) егер конкурс (лот) немесе аукцион тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыруға бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің екі жүз мың еселенген мөлшерінен асатын болса, бес жылды құрайды.
5-тарау. Тауарлардың электрондық каталогынан тауарларды мемлекеттік сатып алу
6-тарау. Демпингтік бағаны айқындау тәртібі
1-параграф. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
76-1. Әлеуетті өнім берушінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыста көзделген қызметтер көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол конкурсқа бөлінген бағадан он пайыздан астам төмен болған жағдайда, демпингтік деп танылады.
Ескерту. Қағида 76-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 77-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 79-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2022 № 990 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
2-параграф. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
Заңның 26-бабына сәйкес мұндай баға ұсынысын веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
3-параграф. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде демпингтік бағаны айқындау тәртібі
Мұндай баға ұсынысын электрондық дүкен Заңның 26-бабына сәйкес автоматты түрде қабылдамауға тиіс.
7-тарау. Заңды тұлғалардың уақытша бірлестіктерінің (консорциумның) мемлекеттік сатып алуға қатысуының ерекше шарттары
1) заңды тұлғалардың мүшелері арасында жасалған бірлескен шаруашылық қызмет туралы шарт (консорциялық келісім);
2) бірлескен шаруашылық қызмет туралы шартта көзделген қызмет ббөлігінде тауарларды ұсыну, жұмыстарды орындау, қызмет көрсету құқығына лицензия.
Консорциум конкурсқа қатысқан жағдайда конкурстық баға ұсынысына әсер ететін критерийлерді есептеу консорциалдық келісіммен айқындалған консорциумның негізгі қатысушысына қатысты қолданылады.
Бұл ретте шарт конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт қолданылған консорциумның қатысушысымен жасалады.
Бұл ретте, консорциумның негізгі қатысушысының Қазақстан Республикасының Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес, айналысу үшін рұқсат алу қажет болатын, жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын құқықтық қабілеттілігі өткізілетін мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес болады.
8-тарау. Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу
Ескерту. 86-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және веб-портал арқылы береді.
Әлеуетті өнім берушілердің мұндай өтінімдерін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері он жұмыс күні ішінде қарайды.
1) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;
2) бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін пайдалануға берілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың анықтығын:
тапсырыс беруші (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры) және (немесе) меншік иесі;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті орган не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті орган растайды;
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген адамдардың кемінде біреуінің электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап пайдалануға енгізілген объектілер бойынша қазынашылық органдарынан;
осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген кемінде бір тұлғадан растау болса;
заңды күшіне енген сот шешімі болған жағдайда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
1) техникалық жағынан күрделі объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар:
тапсырыс берушімен (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры) және (немесе) меншік иесі;
сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын органмен не мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органмен не құрылыс объектісі орналасқан жер бойынша жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу саласындағы уәкілетті органмен расталады.
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде жоғарыда көрсетілген тұлғалардың кемінде екеуінің осындай тұлғалардың электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен жүзеге асырылады.
Құрылыс объектінің тапсырыс берушсінде веб-портал арқылы растау мүмкіндігі болмаған жағдайда, әлеуетті өнім беруші өтінімге одан алынған хаттың электрондық көшірмесін қоса береді;
2) бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын және 2014 жылдың 1 қаңтарына дейін пайдалануға енгізілген объектілер бойынша әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың дәйектілігін:
тапсырыс беруші немесе меншік иесі;
құрылыс объектісінің орналасқан жері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган;
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап объект пайдалануға енгізілген жағдайларда құрылыс объектісі орналасқан жерде сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган;
2016 жылғы 1 қаңтарға дейін объект пайдалануға енгізілген жағдайларда меншік иесінің салынған объектіні пайдалануға өз бетінше қабылдауына байланысты өзге де жеке және заңды тұлғалар растайды.
Бұл ретте мұндай растау әлеуетті өнім берушілердің жоғарыда көрсетілген кемінде екі тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып веб-портал арқылы ұсынылған хаттарымен осындай тұлғалардың өтініштері негізінде жүзеге асырылады;
Осы тармақтың екінші және бесінші абзацтарында көрсетілген тұлғаның веб-портал арқылы растау мүмкіндігі болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші өтінімге одан алынған хаттын электрондық көшірмесін қоса береді;
3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысандарға сәйкестігі.
Құжаттар осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда, мұндай құжаттар дұрыс деп танылады және егер мұндай құжаттардың дұрыстығын:
кемінде екі уәкілетті органнан және осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген тұлғалардан растау;
заңды күшіне енген сот актілердің болған жағдайларда, электрондық депозитарийге енгізіледі.
Ескерту. 92-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік сараптама ұйымы берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындысының дұрыстығын мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйелерінің мәліметтері негізінде уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері растайды.
Бұл ретте, мемлекеттік сараптама ұйымының ақпараттық жүйелерінде мәліметтер болмаған жағдайда, мемлекеттік сараптама ұйымы берген ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптама қорытындысының дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымдарының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған мемлекеттік сараптама ұйымының хаттарымен расталады.
Ведомстводан тыс кешенді сараптаманың өзге де оң сараптама қорытындыларының дұрыстығы әлеуетті өнім берушілердің өтініштері негізінде осындай сараптама ұйымдарының электрондық цифрлық қолтаңбасын пайдалана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған аккредиттелген сараптама ұйымдарының хаттарымен расталады.
Ескерту. 93-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
94-1. Әлеуетті өнім берушінің бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы өтінімін уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың қаржылық орнықтылығы көрсеткіштерін веб-порталда жаңартқаннан (біріктіргеннен) кейін қарайды.
Ескерту. Қағида 94-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.04.2023 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) мәліметтер мен құжаттар осы Қағидалардың 91 – 93-тармақтарында көзделген талаптарға сәйкес келген жағдайларда қабылданатын растау туралы;
2) растаудан бас тарту туралы, ол мынадай жағдайларда қабылданады:
жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша әлеуетті өнім берушінің дұрыс емес ақпарат беру фактісін анықтау;
осы Қағидалардың 91 – 93-тармақтарында көзделген талаптарға мәліметтер мен құжаттардың сәйкес келмеуі.
Ескерту. 97-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
құрылыс түрі;
объектіні пайдалануға қабылдау актісінің күніне сәйкес жұмыстардың аяқталу жылы;
өнім берушінің мәртебесі;
ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі;
объектілердің техникалық күрделілігіне;
объектілердің функционалдық мақсаты жүзеге асырылады.
Мұндай түзету мыналардың негізінде:
уәкілетті органның ведомствосы өз бетінше анықтаған көрсетілген сәйкессіздіктер;
ұйымдастырушылардың, бірыңғай ұйымдастырушылардың;
әлеуетті жеткізушілердің шағымдары;
Заңның 47-бабы және "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заң) 11-1-тарауы тәртібінде шағымдарды және қарсылықтарды қарау қорытындылары бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдарының өтінімдері;
заңды күшіне енген сот актілерін орындау жүзеге асырылады.
Бұл ретте, веб-портал мәліметтері түзетуге жататын әлеуетті өнім берушіні автоматты түрде хабардар етеді.
Түзету туралы өтініммен немесе шағыммен, сондай-ақ уәкілетті органның ведомствосы анықтаған сәйкессіздіктермен келіспеген жағдайда әлеуетті өнім беруші веб-портал арқылы растаушы құжаттарды қоса бере отырып, дәлелді негіздемелер береді.
Түзетуді уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері веб-портал арқылы берілген өтінімдер (шағымдар) келіп түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.
Ескерту. 99-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келген жағдайда қабылданатын түзетуді растау туралы;
2) әлеуетті өнім берушінің өтінімінде көрсетілген ұсынылатын түзетулер "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес ғимараттар мен құрылыстарды сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен техникалық және (немесе) технологиялық жағынан күрделі объектілерге жатқызудың жалпы тәртібін айқындау қағидаларының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда қабылданатын түзетуді растаудан бас тарту туралы шешімдердің бірі қабылданады.
Ескерту. 102-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар бойынша анық емес ақпарат беру фактісі негізінде;
2) әлеуетті өнім берушінің объект бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды қайталау фактісі негізінде жүзеге асырылады.
Ескерту. 103-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ішкі мемлекеттік аудит органдары осы Қағидалардың 103-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайларда, оның ішінде тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде;
2) осы Қағидалардың 103-тармағының 2) тармақшасында көзделген жағдайларда, оның ішінде уәкілетті органның ведомствосы:
ұйымдастырушылардың, бірыңғай ұйымдастырушылардың;
әлеуетті өнім берушілердің шағымдары;
Заңның 47-бабы және Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы заңының 11-1-тарауы тәртібінде шағымдар мен қарсылықтарды қарау қорытындылары бойынша ішкі мемлекеттік аудит органдарының өтінімдерін қарайды.
Ескерту. 104-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 105-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
9-тарау. Конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәртібі
1-параграф. Ұйымдастырушымен, бірыңғай ұйымдастырушымен конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезеңдері
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін жағдайларды қоспағанда, тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны және алдағы уақытта болатын конкурста соңғысының мүдделерін білдіретін тапсырыс берушінің лауазымды адамын айқындауы;
2) тапсырыс беруші ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін ақпараттар мен құжаттарды не бірыңғай ұйымдастырушыға конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырманы ұсыну;
3) тапсырыс берушiнің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау үшін ұйымдастырушыға, бірыңғай ұйымдастырушыға веб-портал арқылы мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының (мемлекеттік сатып алудың алдын ала жоспарының) тармақтарын жіберуі;
4) конкурстық комиссияның құрамын, сараптау комиссия тобының құрамын не сарапшыны (қажет болғанда) айқындау және бекіту, конкурстық комиссияның хатшысын айқындау;
5) конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту;
6) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарламаны, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда орналастыру;
7) конкурстық құжаттаманың жобасын веб-портал арқылы алдын ала талқылау және конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылаудың хаттамасын, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың мәтінін веб-порталда жариялау;
8) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға электронды құжат нысанындағы өтінімдерін ұсыну және оларды веб-порталда автоматты түрде тіркеу;
9) өтінімдерді автоматты түрде ашу және тиісті ашу хаттамасын веб-порталда жариялау;
10) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігі тұрғысында әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін, сондай-ақ Заңның 6-бабында көзделген шектеулердің болмауын конкурстық комиссияның веб-портал арқылы қарауы;
11) әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өз өтінімдерін біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруі;
12) әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірілген конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайтадан қарауы;
13) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындау және оларды конкурсқа қатысушы деп тану, сондай-ақ конкурсқа қатысушылардың конкурстық баға ұсынымдарына өлшемшарттардың салыстырмалы мәндерiн қолдану;
14) конкурсқа қатысушылардың шартты бағаларын веб-порталдың автоматты түрде салыстыруы, ең төменгі шартты баға негізінде конкурстың жеңімпазын, сондай-ақ екінші орын алған әлеуетті өнім берушіні айқындау және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы веб-порталда жариялау;
15) тапсырыс берушінің конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамасы негізінде жеңімпазбен шарт жасасуы;
Осы тармақтың 7) тармақшасында көзделген іс-шаралар Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес олар туралы мәліметтер мемлекеттік құпияларды құрайтын және (немесе) таралуы шектеулі қызметтік ақпаратты қамтитын мемлекеттік сатып алу кезінде жүзеге асырылмайды.
Осы тармақтың 11) тармақшасында көзделген іс-шаралар конкурстық комиссия біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілерді анықтаған жағдайда жүзеге асырылады.
1) тапсырыс берушінің бірыңғай ұйымдастырушыға мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманы ұсынуы;
2) тапсырыс беруші ұсынған осы Қағидалардың 115-тармағында белгіленген құжаттарды қамтитын тапсырманың негізінде бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманың жобасын әзірлеуі және бекітуі;
3) мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушының конкурстық комиссияның құрамын анықтауы және бекітуі.
Осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы анықтайтын және бекітетін конкурстық комиссияның құрамына тапсырыс берушінің өкілдері де енеді;
4) қажет болған жағдайда бірыңғай ұйымдастырушы конкурстық құжаттамаға өзгерістер мен (немесе) толықтырулар енгізуі;
5) бірыңғай ұйымдастырушының мемлекеттік сатып алуды өткізу туралы хабарландыруды веб-порталға орналастыруы;
6) осы Қағидалардың 34-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда бірыңғай ұйымдастырушының тапсырыс берушіге конкурстық құжаттың техникалық ерекшелігіне және (немесе) мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасына конкурстық құжаттама алған, веб-порталда автоматты түрде тіркелген тұлғалардың тарапына сұрау салулар мен ескертулер жіберуі;
7) конкурс жеңімпазын айқындау;
8) тапсырыс берушінің мемлекеттік сатып алудың қорытындылары туралы хаттаманың негізінде жеңімпазбен осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасуы.
2-параграф. Конкурсты ұйымдастыру және өткізу үшін тапсырыс берушінің ұйымдастырушыға (бірыңғай ұйымдастырушыға) ақпараттарды және құжаттарды ұсынуы
1) негізгі (орнатылған) жабдықтарды, сондай-ақ орнатылған бағдарламалық қамтамасыз етуді (лицензиялық бағдарламалық қамтамасыз етуді) қосымша жинақтау, жаңғырту және қосымша жарақтау үшін;
2) тауарды лизингке беру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушіні айқындау және лизингтің нысанасын мұқият сипаттау қажеттігі туындағанда;
3) тапсырыс берушіде бар тауарды жөндеу және (немесе) техникалық қызмет көрсету үшін жүзеге үшін мемлекеттік сатып алу жағдайларын қоспағанда, егер мұндай нұсқама сатып алынатын тауардың, жұмыстың, көрсетілетін жекелеген өнім берушіге тиістілігін анықтаған жағдайда тауар белгілеріне, қызмет көрсету белгілеріне, фирмалық атауларына, патенттерге, пайдалы модельдерге, өнеркәсіптік үлгілерге, тауардың шығарылған жерінің атауына және өндірушінің атауына, сондай-ақ өзге сипаттамалардағы нұсқамалардың болуына жол берілмейді.
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, конкурстық комиссияның құрамына енгізу үшін тапсырыс беруші өкілдерінің ішінен үміткерлері көрсетілген тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға, не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға бекіткен біліктілік талаптарының жобасы, конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелігі, шарттың жобасы және құрылған (тартылған) жағдайда сараптау комиссиясының не сарапшының құрамы.
Жобалау-сметалық құжаттаманы талап ететін жұмыстарды мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде конкурстық құжаттамада техникалық ерекшеліктің жобасы, белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттама және оның ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы қамтылады. Бұл ретте осындай Мемлекеттік сатып алу бойынша жұмыстарды орындау мерзімдері белгіленген тәртіппен бекітілген жобалау-сметалық құжаттамада көрсетілген жұмыстарды орындау мерзімдеріне сәйкес келуге тиіс.
Ескерту. 115-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам қол қойған, тапсырыс берушінің конкурсты өткізуге өтінімі;
2) тапсырыс берушінің бірінші басшысы не оның міндетін атқаратын тұлға не бюджеттік бағдарламаның басшысы не оның міндетін атқаратын адам бекіткен әлеуетті өнім берушілерге қойылатын біліктілік талаптарының жобасы мен сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларының ерекшеліктерін көрсете отырып, техникалық ерекшеліктің жобасы.
3-параграф. Конкурстық комиссияның құрамын айқындау және бекіту
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны Заңның 2-бабының 10) тармақшасына сәйкес тақ санды, бірақ кемінде үш адамды құрайды.
Бірыңғай ұйымдастырушы құратын конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды, бірақ кемінде бес адамды құрайды.
1) конкурстық комиссияның қызметін басқарады;
2) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
4-параграф. Конкурстық комиссияның хатшысын айқындау
1) веб-порталда конкурстық құжаттаманың жобасын қалыптастырады және жариялайды;
2) веб-порталда конкурс өткізілетіні туралы хабарландыруды, конкурстық құжаттаманың жобасын алдын-ала талқылау хаттамасын, конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу хаттамасын, бар болған кезде конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасын, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттаманы, сондай-ақ болған кезде басқа да құжаттарды жариялайды;
3) веб-порталда бар болған жағдайда сараптау комиссиясының немесе сарапшының қорытындысын жариялайды;
4) осы Қағидаларда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
5-параграф. Сараптау комиссиясының құрамын не сарапшыны айқындау және бекіту (қажет болған кезде)
Сарапшының қорытындысына міндетті түрде сарапшының біліктілігін растайтын құжаттар (білімі туралы диплом, сертификат, аттестат не өзге құжат) қоса берілуі тиіс.
6-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын бекіту және оны веб-порталда жариялау
1) тапсырыс берушi мен ұйымдастырушы бiр тұлғаны білдіретін;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы жүзеге асыратын жағдайларды қоспағанда, оны тапсырыс берушімен келіседі.
7-параграф. Конкурс өткізу туралы хабарлама
8-параграф. Конкурс өткізу туралы алдын ала хабарлау
1) Заңның 22-бабына сәйкес бекітілген конкурстық құжаттаманың өзгермеуі;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы алдын ала хабарландыру күнтізбелік отыз күннен он екі айға дейінгі мерзімде, бірақ мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарлама орналастырылған күнге дейін ағымдағы қаржы жылының аяқталу мерзімінен кешіктірілмей веб-порталда орналастырылған.
9-параграф. Конкурстық құжаттаманың жобасын алдын ала талқылау және алдын ала талқылау хаттамасын веб-порталда жариялау
1) конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді;
2) конкурстық құжаттаманың жобасына ескертпелерді қабылдамай, оларды қабылдамау негіздемелері мен себептерін көрсетеді;
3) конкурстық құжаттаманың ережелеріне түсінік береді.
Конкурстық құжаттаманың жобасына өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген жағдайда, осы Қағидалардың 161 және 162-тармақтарында белгіленген тәртіппен веб-порталда өзгертілген конкурстық құжаттаманы бекіту туралы шешім қабылданады.
Осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылданған күннен бастап, конкурстық құжаттама бекітілді деп есептеледі.
Бұл ретте конкурстық құжаттаманы алдын ала талқылау хаттамасы жұмыс күндері жұмыс уақытында (Астана қаласының уақыты бойынша 09.00-ден 18:00-ге дейін) орналастырылады.
Бұл ретте, өтінімдерді қабылдау алдын ала талқылау хаттамасы орналастырылған күннен кейін келесі жұмыс күні (Астана қаласының уақыты бойынша сағат 09.00-ден бастап) жүзеге асырылады.
Ескерту. 174-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 181-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 182-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 183-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 186-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 187-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 188-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 09.06.2022 № 570 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
10-параграф. Әлеуетті өнім берушілерге конкурстық құжаттаманы немесе конкурстық құжаттаманың жобасын ұсыну
11-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерінің мазмұны және оларды әлеуетті өнім берушілермен беру
1) Заңның 6-бабында көзделген шектеулерді бұзушылықтардың болмағандығы туралы;
2) өзінің және тапсырыс берушінің не ұйымдастырушының (бірыңғай ұйымдастырушының) арасында Заңда тыйым салынған қарым-қатынастардың болмағандығы туралы растауды қамтиды.
1) әлеуетті өнім беруші осы конкурсқа қатысуға бұрын өтінім берген;
2) конкурсқа қатысуға өтінім веб-порталға осы конкурсқа қатысуға өтінімдерді қабылдаудың соңғы мерзімі өткеннен кейін келіп түскен;
3) конкурстық баға ұсынысы осы тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу үшін бөлінген сомадан асып түскен;
4) Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген жағдайларда, веб-портал оны автоматты түрде кері қайтаруға тиіс.
Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші ұсынатын конкурсқа қатысуға өтінімнің қолданылу мерзімі конкурсқа қатысуға өтінімдер ашылған күннен бастап кем дегенде күнтізбелік алпыс күнді құрайды және конкурстық құжаттамада белгіленген талап етілетін мерзімге сәйкес келеді.
12-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз ету
Конкурста бірнеше лот бойынша қатысу жағдайында әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді әрбір лот бойынша жеке-жеке ұсынуға құқылы.
Конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етудің сәйкестігін әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінім берген кезде Веб-портал автоматты түрде айқындайды.
1) әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянындағы ақша;
2) электрондық құжат нысанында ұсынылатын банк кепілдік. Банктік кепілдікті Заңның 50-бабында көзделген жағдайларда қағаз тасығышта ұсынуға жол беріледі.
Әлеуетті өнім берушінің электрондық әмияндағы ақшаның тұтастай не бір бөлігінің үшінші тұлғаларда талап ету құқығының туындауына әкеп соғатын іс-әрекеттер жасауына жол берілмейді.
Осы Қағидаларының 205 және 206-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, бірыңғай оператордың электрондық әмияндағы ақшаны пайдалануына жол берілмейді.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайлардың бірі туындаған кезде әлеуетті өнім берушіге қайтармайды.
1) конкурс жеңімпазы деп айқындалған әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтарған;
2) конкурс жеңімпазы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес соманы енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы конкурстық құжаттамада белгіленген талаптарды орындамаған не тиісінше орындамаған, оның ішінде уақтылы орындамаған жағдайларда қайтармайды.
1) ашу хаттамасын орналастырған жағдайда осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдер ұсынудың түпкілікті мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындысы туралы хаттамаға қол қойылған. Көрсетілген жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім берушімен мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойылғанда және онымен шарттың орындалуын қамтамасыз етуді және (немесе) Заңның 26-бабына сәйкес (бар болса) соманы енгізген жағдайлардың бірі туындаған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қайтарады.
1) осы әлеуетті өнім беруші конкурсқа қатысуға өтінімдерді табыс етудің соңғы мерзімі өткенге дейін өзінің конкурсқа қатысуға өтінімін кері қайтарып алған;
2) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қойылған. Аталған жағдай конкурс жеңімпазы деп айқындалған конкурсқа қатысушыға қолданылмайды;
3) әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алу туралы шартқа қол қойған және ол мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, сондай-ақ Заңның 26-бабына сәйкес соманы (бар болса) енгізген жағдайда автоматты түрде бұғаттан шығарады.
13-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді ашу
14-параграф. Конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарау
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді қарауды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін әлеуетті өнім берушілерден олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді веб-портал арқылы сұратады;
2) конкурсқа қатысуға өтінімдерде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында, тиісті жеке немесе заңды тұлғалардан, мемлекеттік органдардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратады.
1) Заңның 6-бабының талаптарын бұзған;
2) біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптары бойынша анық емес ақпарат берген әлеуетті өнім берушілерге берілмейді.
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмейтін әлеуетті өнім берушілердің қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталған, оның ішінде олардың біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін мәліметтері және растайтын құжаттары көрсетілген тізбесі, сонымен қатар конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілер туралы ақпарат;
2) әлеуетті өнім берушіге веб-портал арқылы ұсынылатын біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтіруге жататын қажетті құжаттардың тізбесін.
Конкурстық комиссияның тиісті конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада конкурстық комиссияның қандай да бір мүшесінің қолы болмаған жағдайда конкурстық комиссияның хатшысы қолдың болмау себебін қамтитын құжатты немесе ақпаратты веб-порталда орналастырады.
1) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттаманың тізбесінде көзделген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерін конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттар тізбесі бойынша олардың біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірудің толықтығы мәніне қайта қарайды;
2) конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы хаттамада көрсетілген құжаттардың толық тізбесін бермеген және біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестендірмеген әлеуетті өнім берушілерді айқындайды;
3) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінім берген әлеуетті өнім берушілерден біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысуға арналған өтінімдерді қарастыруды, бағалауды және салыстыруды оңайлату үшін олардың өтінімдеріне байланысты материалдар мен түсіндірулерді веб-портал арқылы сұратуға құқылы;
4) Заңның 27-бабы 5-тармағына сәйкес біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келтірілген конкурсқа қатысу өтінімдерінде қамтылған мәліметтерді нақтылау мақсатында тиісті мемлекеттік органдардан, жеке және заңды тұлғалардан қажетті ақпаратты жазбаша нысанда және (немесе) электрондық құжат нысанында сұратуға құқылы.
1) ол және (немесе) ол тартатын қосалқы мердігер (бірлесіп орындаушы) біліктілік талаптарына және Заңда және осы Қағидаларда айқындалған негіздер бойынша конкурстық құжаттаманың шарттарына сәйкес емес деп айқындалса;
2) ол Заңның 6-бабында көзделген талаптарды бұзған болса конкурсқа қатысуға (конкурсқа қатысушы деп танылмайды) жіберілмейді.
1) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілерді айқындайды және конкурсқа қатысушылар деп таниды;
2) конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды қолданады және есептейді;
3) біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтірілген әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерін қайта ұсыну мерзімі өткен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың қорытындысы туралы хаттаманы ресімдейді.
1) конкурсқа қатысуға өтінімдерді біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келтіру туралы;
2) осы Қағидалардың 228-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес конкурстық комиссияның сұрау салулары туралы;
3) конкурсқа қатысуға берілген өтінімдері қабылданбаған әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін қабылдамау себептері егжей-тегжейлі сипатталып, оның ішінде біліктілік талаптары мен конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттар көрсетіле отырып, олар туралы ақпарат;
4) конкурстық комиссияның конкурстық құжаттамада көзделген конкурстық баға ұсынымына әсер ететін өлшемшарттарды қолдануы туралы:
5) ең төмен шартты баға негiзiнде конкурс жеңiмпазын айқындау туралы мәліметтер қамтылуға тиіс.
1) ол және (немесе) оның қосалқы мердігері не бірлесіп орындаушысы келесі негіздемелер бойынша біліктілік талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде олар туралы мәліметтер расталатын рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) рұқсаттардың (хабарламалардың) болмауы. Мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйесінде мәліметтер болмаған жағдайда әлеуетті өнім беруші рұқсаттар мен хабарламалар туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес алынған (бағытталған) тиісті рұқсаттардың (хабарламалардың) нотариалдық куәландырылған көшірмесін ұсынады;
әлеуетті өнім берушінің сатып алынатын тауарларды өндіруге, қайта өңдеуге, жеткізуге және сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге құқығын растайтын патенттердің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынбауы;
мемлекеттік кірістер органының мәліметтерінің негізінде веб-порталмен автоматты түрде анықталатын тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің алты еселеген мөлшерінен асатын салық берешегі және міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары мен әлеуметтік аударымдары бойынша берешегі туралы болуы;
конкурстық құжаттамаға 8, 9, 10 және 11-қосымшаларға сәйкес біліктілігі туралы мәліметтерді ұсынбауы, сондай-ақ толық емес ұсынуы;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада белгіленген сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы бөлігінде біліктілік талаптарға сәйкес келмеуі;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттамада көрсетілген, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;
біліктілік талаптары бойынша дұрыс емес ақпарат ұсыну фактісі анықталса. Бұл ретте мұндай фактіні Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін;
банкроттық не тарату рәсіміне жатса;
2) егер оның конкурсқа қатысуға өтінімі келесі негіздемелер бойынша конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейді деп айқындалса:
техникалық ерекшелікті ұсынбау;
әлеуетті өнім берушінің конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келмейтін техникалық ерекшелікті ұсынуы, сондай-ақ техникалық ерекшелікте талап етілетін құжаттарды ұсынбауы;
конкурста сатып алу мәні болып табылатын жұмыстарды, сондай-ақ конкурстық құжаттамаға 19-қосымшаға сәйкес әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) беретін жұмыстар мен қызметтердің түрлерін орындау жөніндегі қосалқы мердігерлер (қызметтер көрсету кезіндегі бірлесіп орындаушылар) туралы мәліметтерді бермеу (әлеуетті өнім беруші қосалқы мердігерлерді (бірлесіп орындаушыларды) тартқан жағдайда);
қосалқы мердігерлер туралы мәліметтерді берген жағдайда, әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) жұмыстар көлемінің (құрылыс құнының) екіден бірінен астам жиынтығын қосалқы мердігерлікке (бірлесіп орындауға) беру;
конкурстық құжаттаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді бермеу;
конкурстық өтінімде ұсынылған құжаттар бойынша дәйексіз мәліметтер ұсыну фактісі анықталса. Бұл ретте мұндай фактіні Заңның 11-бабының 2-тармағына сәйкес уәкілетті орган не мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдары, оның ішінде тапсырыс беруші, мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы, мемлекеттік сатып алуды бірыңғай ұйымдастырушы ұсынған мәліметтер мен құжаттар негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың кез келген сатысында белгілеуі мүмкін;
3) мемлекеттік сатып алуларға қатысуға байланысты Заңның 6-бабында көзделген шектеулер болса. Заңның 6-бабы 1-тармағының 1), 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға өтінімі веб-порталдың автоматты түрде кері қайтаруына жатады. Заңның 6-бабы 1-тармағының 7), 9), 10) және 11) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысумен байланысты шектеулер бойынша, конкурстық комиссия тиісті уәкілетті органдардың интернет-ресурстарындағы ақпаратты қарастырады.
1) өз құзыретінің шегінде әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттама талаптарына сәйкестігін растау үшін олар берген құжаттардың толықтығы мен дұрыс ресімделуі тұрғысынан қарайды және зерделейді;
2) әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің конкурстық құжаттаманың ажырамас бөлігі болып табылатын техникалық ерекшелікке сәйкестігі немесе сәйкес келмеуі туралы сараптама қорытындысын ресімдейді, оған қол қояды және конкурстық комиссияның хатшысына ұсынады.
Сараптамалық қорытындыда әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің (олар болған жағдайда) функционалдық мүмкіндіктері, техникалық параметрлері, сапалық сипаттамалары мен пайдалану шарттары конкурстық құжаттаманың техникалық ерекшелігінде көрсетілген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сипаттамаларына қарағанда асып түсетіні туралы ақпаратты қамтиды.
Сараптамалық қорытындыны алғаннан кейін конкурстық комиссияның хатшысы сараптамалық қорытындыны веб-порталда орналастырады және веб-портал арқылы хабарламаларды конкурстық комиссияның барлық мүшелеріне таратады. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысуға өтінімдерді сараптамалық қорытындыны ескере отырып қарайды.
15-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттар
1) әлеуетті өнім берушіде өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасы болып табылатын жұмыстар, көрсетілетін қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесінің болуы;
2) төленген салықтар көрсеткіші;
3) конкурстық баға ұсыныстарының шартты бағалары тең болған кезде есептелетін қаржылық орнықтылық көрсеткіші;
4) тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамалары және (немесе) сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оған техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған шығыстар;
5) әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы;
6) теріс мәндер.
Ескерту. 243-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 01.03.2023 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуетті өнім беруші осы өлшемдерді растайтын құжаттарды бермеген жағдайда конкурстық комиссия мұндай әлеуетті өнім берушіге тиісті шартты жеңілдікті қолданбайды.
245-1. Бірігу, қосылу және қайта құру жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесі әлеуетті өнім берушімен осы Қағидаларда көрсетілген құжаттардан басқа, заңды тұлғаларды тіркеу жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның ақпараттық жүйесіннен алынатын осындай тұлғаларды қайта ұйымдастыру туралы мәліметтер негізінде веб-портал арқылы расталады.
Ескерту. Қағида 245-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.04.2023 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
245-2. Осы Қағидалардың мақсаттары үшін қайта ұйымдастырылған заңды тұлғаның жұмыс тәжірибесі мынадай жағдайлардың бірі болған кезде электрондық депозитарийге енгізілмейді, сондай-ақ конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді:
1) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі басқа заңды тұлғадан бөлу немесе бөліп шығару жолымен қайта ұйымдастыру нәтижесінде алынған болса;
2) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі қайта ұйымдастырудың бірнеше реттілікті түрлері (бөлу, бөліп шығару, біріктіру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса;
3) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі заңды тұлғалардың қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, мұнда қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірінде Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында көзделген шектеулері бар болса;
4) егер әлеуетті өнім берушінің мәлімделген жұмыс тәжірибесі заңды тұлғалардың қайта ұйымдастырудың (бiрiктiру, қосу, қайта құру) нәтижесінде алынған болса, мұнда қайта ұйымдастырылатын заңды тұлғалардың бірі мемлекеттік сатып алу нысанасына сәйкес келетін қызмет түрлерін жүзеге асыруға лицензиясынан (рұқсатынан) айырылған болса.
Ескерту. Қағида 245-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 20.04.2023 № 402 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
16-параграф. Жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеудің жалпы тәртібі
Егер бір жыл ішінде әлеуетті өнім беруші конкурста сатып алынатын, оның ішінде жұмыстардың ұқсас (ұқсас) түрлері бойынша біреуден көп жұмысты орындаған жағдайда, конкурстық комиссия сатып алынатын жұмыстардың түрлеріне ұқсас (ұқсас) келесі орындалған әрбір жұмыс үшін нөл бүтін оннан екі (0,2%) пайыз мөлшерінде шартты жеңілдік береді.
Жұмыстар деп бір азаматтық-құқықтық шарт шеңберінде орындалған, нысанасы өткізілетін мемлекеттік сатып алудың нысанасына сәйкес келетін жұмыстар түсініледі.
Ескерту. 250-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
17-параграф. Құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
1) ғимараттар мен құрылыстардың жауапкершілік деңгейі (біріншісі – жоғары, екіншісі – қалыпты, үшіншісі – төмен).
Егер конкурстың нысанасы бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, тек бірінші (жоғары) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары) және екінші (қалыпты) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, бірінші (жоғары), екінші (қалыпты) және үшінші (төменгі) жауапкершілік деңгейіндегі ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі;
2) объектілердің техникалық күрделілігі (техникалық жағынан күрделі объектілерге жататын ғимараттар мен құрылыстар және техникалық жағынан күрделі объектілерге жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар).
Егер конкурстың нысанасы техникалық күрделі объектілер (кешендер) болып табылса, тек техникалық күрделі объектілердің (кешендердің) жұмыс тәжірибесі ескеріледі.
Егер конкурстың нысанасы техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстар болып табылса, техникалық жағынан күрделі объектілерге (кешендерге) жатпайтын ғимараттар мен құрылыстардың жұмыс тәжірибесі ескеріледі.);
3) функционалдық мақсаты (өнеркәсіптік объектілер, өндірістік ғимараттар, құрылыстар, тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілер, өзге де құрылыстар);
4) бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заң) Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің бір тармақшасында болған жағдайда ескеріледі.
Электрмен жабдықтауға, электрмен жарықтандыруға және электрмен жылытуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы олардың "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында олардың конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
Автомобиль жолдарын салуға байланысты бұрын орындалған жұмыстардың ұқсастығы немесе ұқсас болуы "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңның Бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің тиісті кіші түрінің әртүрлі тармақшаларында олардың конкурс нысанасымен болуына қарамастан ескеріледі.
1) "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар;
2) құрылыс объектілерінің жауапкершілік деңгейі;
3) құрылыс объектілерінің техникалық күрделілігі;
4) функционалдық мақсаты немесе салалық (ведомстволық) тиесілілік;
5) тұрғын үй-азаматтық мақсаттағы объектілердегі жұмыстарды қоспағанда, әлеуетті өнім беруші мәлімдеген жұмыс тәжірибесіне сәйкес келетін "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының бірінші санаттағы рұқсаттар (лицензиялар) тізбесінің 5 және 6-бөлімдерінде көзделген лицензияланатын қызмет түрінің кіші түрлері сияқты өлшемшарттарға (белгілерге) сәйкестігі тұрғысынан форматтық-логикалық бақылауды ескере отырып, веб-порталда қалыптастырылады.
18-параграф. Құрылысқа байланысты емес жұмыстарды мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін біліктілік талабы және (немесе) өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
19-параграф. Көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу бойынша конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде жұмыс тәжірибесін есептеу тәртібі
Ескерту. 279-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Техникалық қадағалау қызметтерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша объектіні пайдалануға қабылдау актісі жұмыс тәжірибесін растайтын құжат болып табылады.
Ескерту. 280-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
20-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде төленген салықтардың көрсеткішін есептеу тәртібі
21-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде сатып алынатын тауарларды пайдалануға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған тауарлардың функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамаларын және (немесе) шығыстарды есептеу тәртібі
21-1-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын есептеу тәртібі
Ескерту. 9-тарау 21-1-параграфпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 01.03.2023 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
289-1. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуы түріндегі конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт осы Қағидаларға 11-4-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жұмыстарды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.
Егер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін бөлінген сома тиісті қаржы жылына белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын және әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болған жағдайда, мұндай әлеуетті өнім берушіге бір пайыз (1%) мөлшерінде шартты жеңілдік беріледі.
289-2. Әлеуетті өнім берушінің жұмыстарды орындау орны бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың шекараларындағы тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте болуын әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей ұсынылған үш жылдық кезеңнің соңғы есептелетін жылы үшін бастапқы/кезекті салық есептілігін тапсыру орны бойынша мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері негізінде веб-порталмен автоматты түрде айқындалады.
Мемлекеттік кірістер органдарының мәліметтері әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығын айқындау мақсаттары үшін осы мәліметтерді қолдану жылының алдындағы 1 қазаннан кешіктірмей күнтізбелік жыл ішінде веб-порталда бір рет жаңартылады.
289-3. Осы Қағидалардың 289-1 және 289-2-тармақтардың ережесі жаңарту күніне дейін салық есептілігін ұсынбаған әлеуетті өнім берушілерге қатысты қолданылмайды.
21-2-параграф. Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде ететін теріс мәндерді есептеу тәртібі
Ескерту. 9-тарау 21-2-параграфпен толықтырылды - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 01.03.2023 № 225 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
289-4 Конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарт ретінде теріс мәндер осы Қағидаларға 11-5-қосымшаға сәйкес тізбе бойынша жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге қолданылады.
289-5. Егер әлеуетті өнім берушінің орындауында ағымдағы қаржы жылында жасалған шарт болса, веб-портал әрбір осындай шарт үшін осындай әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттардың шартты жеңілдігінің жалпы сомасының нөл бүтін оннан бір пайызын (0,1%) автоматты түрде алып тастайды.
22-параграф. Конкурстық баға ұсыныстарын бағалау және салыстыру
Осы Қағидалардың мақсаттары үшін әлеуетті өнім берушінің қаржылық тұрақтылығы көрсеткішінің есебін осы Қағидаларға 11, 11-1, 11-2 және 11-3-қосымшаларына сәйкес қаржылық тұрақтылық көрсеткішін есептеу формуласы бойынша мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің деректеріне сәйкес веб-портал автоматты түрде айқындайды.
Қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері тең болған кезде конкурсқа қатысуға өтінімі басқа әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдерінен бұрын түскен конкурсқа қатысушы жеңімпаз деп танылады.
Ескерту. 293-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.10.2022 № 1061 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
23-параграф. Конкурсты өтпеді деп танудың негіздері мен салдарлары
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмағанда;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылғанда;
3) конкурсқа қатысуға бірде-бір әлеуетті өнім беруші жіберілмесе;
4) конкурсқа қатысуға бір әлеуетті өнім беруші жіберілсе, өтпеді деп танылады.
1) конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы;
2) конкурстық құжаттаманы өзгерту және конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды қайтадан өткізу туралы.
Конкурс тәсілімен қайта мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайда, тапсырыс беруші Заңның 29-бабының 3-тармағына сәйкес бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуды мынадай:
1) конкурсқа қатысуға ұсынылған өтінімдер болмаған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту жіберілетін әлеуетті өнім берушіні тапсырыс беруші айқындайды;
2) конкурсқа қатысуға екеуден аз өтінім ұсынылған жағдайда жүзеге асырады. Бұл ретте бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға шақырту конкурсқа қатысуға арналған өтінімді ұсынған әлеуетті өнім берушіге жіберіледі. Мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың бағасы әлеуетті өнім берушінің конкурсқа қатысуға арналған өтінімде көрсетілген конкурстық баға ұсынысынан аспауға тиіс.
10-тарау. Екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі
1) тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің егжей-тегжейлі өзіндік ерекшелігін тұжырымдау әрі олардың техникалық және өзге де сипаттамаларын айқындау қиын және (немесе) әлеуетті өнім берушілердің ұсыныстарын сұрату не туындаған мәселелер бойынша олармен келіссөз жүргізу қажет болған;
2) зерттеулер, эксперименттер, іздестірулер жүргізу немесе әзірлемелер жасау қажет болған;
3) инновациялық және жоғары технологиялық тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер сатып алынған жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін.
4) инвестициялық құрамдас бөлігі бар оффтейк-келісімшарттарды қолдана отырып тауарлар сатып алынады.
Офтейк-келісімшарттар жасасу Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес тиісті бюджет негізінде жүзеге асырылады.
1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
тапсырыс берушінің ұйымдастырушыны айқындауы;
ұйымдастырушының сараптама комиссиясын құруы не сарапшыны айқындауы;
тапсырыс берушінің қажеттілігі негізінде сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарларға, жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге техникалық тапсырманы қалыптастыруы;
екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыруды веб-порталда орналастыру;
ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма беруі;
әлеуетті өнім берушілердің техникалық тапсырмаға сәйкес әзірленген техникалық ұсыныстарды беруі;
сараптау комиссиясының не сарапшының әлеуетті өнім берушілердің техникалық ұсыныстарын қарауы және олар сатып алатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына, оларды берудің (орындаудың, көрсетудің) шарттық талаптарына қатысты мәселелерді талқылау;
сараптау комиссиясының не сарапшының сатып алынатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің техникалық өзіндік ерекшелігін әзірлеуі;
ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және оны тапсырыс берушінің бірінші басшысының не оның міндетін атқаратын адамның, не бюджеттік бағдарламаның басшысының не оның міндетін атқаратын адамның бекітуі;
ұйымдастырушының бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды ұсынған әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақырту жіберуі;
2) екінші кезеңде конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды өткізу үшін көзделген іс-шаралар жүзеге асырылады.
11-тарау. Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурсты жүзеге асыру тәртібі
1) бірінші кезеңде біліктілік органы білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесін қалыптастырады;
2) екінші кезеңде тапсырыс беруші білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізілген әлеуетті өнім берушілер арасында конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады.
Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген шектеулері бар әлеуетті өнім берушілер қосылмайды.
1) Заңның 31-бабының 1-тармағында көзделген Мемлекеттік сатып алу біліктілікті алдын ала іріктей отырып, конкурс тәсілімен жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесіне (бұдан әрі – Тізбе) сәйкес әлеуетті өнім берушінің қызмет саласы;
2) білікті әлеуетті өнім беруші туралы ақпарат:
әлеуетті өнім берушінің атауы;
әлеуетті өнім берушінің елі;
Қазақстан Республикасының резиденттері үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірі (БСН) (заңды тұлға үшін), жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) (жеке тұлға үшін);
Ресей Федерациясының резиденттері үшін – салық төлеушінің сәйкестендіру нөмірі (ССН) (заңды тұлғалар үшін), жеке дербес шоттың сақтандыру нөмірі (ЖДШСН) (жеке тұлғалар үшін);
Беларусь Республикасының резиденттері үшін – төлеушінің есептік нөмірі (ТЕН) (заңды тұлғалар үшін);
3) әлеуетті өнім берушіні Білікті әлеуетті өнім берушілердің тізбесіне енгізуге негіз болған құжаттың атауы, нөмірі және берілген күні.
1) әлеуетті өнім берушіні мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілген;
2) Заңның 6-бабы 1-тармағының 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9) және 10) тармақшаларында көзделген мемлекеттік сатып алуға қатысуға байланысты шектеулері болған жағдайларда автоматты түрде шығарылады.
12-тарау. Негіздемелік келісімдерді пайдалана отырып, конкурсты жүзеге асыру тәртібі
1) бірінші кезеңде бірыңғай ұйымдастырушы орталықтандырылған мемлекеттік сатып алуды өткізу нәтижелері бойынша біліктілік талаптарына және конкурстық құжаттаманың талаптарына сәйкес келетін әлеуетті өнім берушілермен негіздемелік келісім жасасады;
2) екінші кезеңде тапсырыс берушілер ең төмен баға ұсынған негіздемелік келісімге қатысушымен мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасады.
Ескерту. 311-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Қаржы министрінің 26.09.2022 № 990 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.