Жоба
«Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау
және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары
мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту
туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы
23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерді күтіп-ұстау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2021 жылғы 23 сәуірдегі № 4/40-VII шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8779 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидаларын, Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 4-2), 4-3) тармақшаларына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары»;
Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғау қағидалары осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын;
Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру Қағидалары осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес мынадай редакцияда жазылсын.
1) осы шешімге 1-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының жасыл екпелерін жасау, күтіп-баптау және қорғаудың қағидалары жаңа редакцияда жазылсын;
2) осы шешімге 2-қосымшаға сәйкес Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен елді мекендерінің аумақтарын абаттандыру қағидалары жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының
төрағасы Д. Рыпаков