Жоба
«Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау
ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан
облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1. «Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидаларын бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 желтоқсандағы № 35/404-VI шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6454 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шығыс Қазақстан облысында жерлеудің және зираттарды күтіп ұстау ісін ұйымдастырудың қағидалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Лауазымы АЖТ