Меню

Ұялы байланыс
Бекітілген байланыс
Пошта байланысы
Ұялы байланыс сапасын тексеру
Қазақстан Республикасының радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру
Байланыс саласындағы жаңа технологиялар мен инфрақұрылымды дамыту
Байланыс саласындағы мемлекеттік саясат
Мәслихаттың тарихы

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алуына байланысты жергілікті мемлекеттік басқару жүйесін, жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзыретін, оларды ұйымдастыру тәртібін және қызметін айқындады.

1993 жылғы 10 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Кеңесі Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының жергілікті өкілді және атқарушы органдары туралы» Заңын қабылдады. Бұл Заң жергілікті мемлекеттік органдардың атауы мен құрылымына айтарлықтай өзгерістер енгізді. Заңда облыс, аудан, қала аумағында халықтың өкілді органы болып мәслихат – депутаттар жиналысы табылатындығы айқындалған. Бұл жерде жергілікті өкілді органдардың жай ғана атауы емес, түбірімен мәнісі өзгергенін атап өту керек. Аумақтық басқарудың барлық деңгейлерінде қалыптастасқан жергілікті кеңестерден айырмашылығы, мәслихаттар-депутаттар жиналысы облыстарда, облыстық және республикалық маңызы бар аудандар мен қалаларда және астанада ғана сайланды. Мәслихаттар-депутаттар жиналыстары іс жүзінде жергілікті халықтың еркін білдіретін және қызметiн өзiнiң құзыретi шегiнде дербес жүзеге асыратын және тiкелей бағыныстылықта болмайтын мемлекеттік органдар болып танылды.

1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы қабылданды. Оның 3-тарауының 86-бабына сәйкес жергілікті өкілді органдар мәслихаттар деп аталады. Сонымен еліміздің негізгі Заңы жергілікті мемлекеттік басқарудың негіздерін бекітіп, оған жергілікті өкілді және атқарушы органдар жатқызылды, олардың әлеуметтік ролі мен функцияларын анықтады, жергілікті өкілді органдардың атауын және олардың өкілеттік мерзімін өзгертті, олардың мәртебесін реттейтін арнайы заңның қабылдануы үшін алғышарттар жасады.

Бұдан әрі, 2001 жылғы 23 қаңтарда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды. Аталған Заңның 1-тарауының 1-бабы мәслихаттарға анықтама береді. Жергілікті өкілді орган (мәслихат) – облыстың немесе ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) халқы сайлайтын, халықтың еркін білдіретін және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны іске асыру үшін қажетті шараларды айқындайтын және олардың жүзеге асырылуын бақылайтын сайланбалы орган.

2007 жылы Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар қабылданып, мәслихаттардың өкілеттігі кеңейтілді. Жаңа редакциядағы ҚР Конституциясының 89-бабында 2007 жылғы 21 мамырдағы өзгерістерімен бірге, мәслихаттардың ролінің айтарлықтай артуы қарастырылған, олар пәрменді жергілікті өзін-өзі басқарудың атынан шығатын болады. Қазақстан Республикасының Конституциясына енгізілген өзгерістерге сәйкес, тиісті мәслихаттың келісімімен әкімдер тағайындалады.
Мәслихаттар 5 жылға сайлана бастады.

1994 жылғы 7 наурызда елдің жаңа өкілді органдарына - бірінші шақырылған мәслихаттар-депутаттар жиналыстарына депутаттар сайлауы болып өтті (1994-1999 жылдар).

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты – депутаттар жиналысына 35 депутат сайланды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы 1994 жылғы 5 сәуірде болып өтті. Облыстық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы болып № 30 Миролюбов сайлау округінен депутат Павел Сергеевич Елисов бірауыздан сайланды. П.С.Елисов көп жылдар бойы Шығыс Қазақстан облысының комсомол, партия ұйымдарында еңбек етті. Сайланғанға дейін 1989 жылдан 1994 жылға дейін Шығыс Қазақстан облыстық кәсіподақтар кеңесінің төрағасы болып жұмыс істеді.

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 3 мамырдағы № 3483 «Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын одан әрі жетілдіру шаралары туралы» Жарлығына сәйкес 1997 жылы Шығыс Қазақстан облысының шекаралары өзгертіліп, аумағына таратылатын Семей облысы қосылды.1994 жылдан 1996 жылдың шілде айына дейін Семей облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы болып Қапас Уақасұлы Дәуітов сайланды.

1997 жылғы 18 шілдеде бірінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының кезектен тыс 13 сессиясы болып өтті. Облыстық мәслихат хатшысы болып № 27 Глубокое сайлау округінен депутат Василий Иванович Ахаев сайланды. В.И.Ахаев Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы болып төрт шақырылымда, 2012 жылғы қаңтарға дейін жұмыс істеді, Қазақстан Республикасының өкілді органдарының қалыптасуы мен дамуына үлкен үлес қосты.

1997 жылдан 1999 жылға дейін облыстық мәслихаттың құрамында 67 депутат қызмет атқарды. Екінші шақырылымнан алтыншы шақырылымға дейін облыстың депутаттар корпусы құрамына 43 депутат сайланды.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 «Сайланатын депутаттардың санын айқындау туралы» қаулысына сәйкес Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы депутаттар саны 38-ді құрайды.

1999 жылғы 18 қарашада екінші шақырылған облыстық мәслихаттың депутаттар корпусы, 2003 жылғы 24 қазанда – үшінші шақырылымның, 2007 жылғы 23 тамызда – төртінші шақырылымның, 2012 жылғы 20 қаңтарда – бесінші шақырылымның,  2016 жылғы 24 наурызда – алтыншы шақырылымның, 2021 жылғы 14 қаңтарда – жетінші шақырылымның депутаттар корпусы өз жұмысын бастады.

Тәуелсіз Қазақстанның тарихында алғаш рет, жетінші шақырылған мәслихаттардың депутаттары аумақтық сайлау округі бойынша саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдер бойынша сайланды. Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатындағы 38 мандаттың 32-сін «Nur Otan» партиясы алды. «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы және «Ақ жол» Қазақстан демократиялық партиясы әрқайсысы 3 мандаттан алды.

Жетінші шақырылымның депутаттар корпусында 13 депутат өткен шақырылымдардан сайланды, 7 депутат сайлаушылар сенімін ақтап, үшінші және төртінші мерзімге сайланды, Мұхит Тұмабаев жетінші рет облыстық мәслихат депутаты болып сайланды. 

Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 мамырдағы № 887 Жарлығымен бұрынғы Шығыс Қазақстан облысының аумағында Абай облысы құрылды. Осыған байланысты, 2022 жылғы 3 маусымда облыстық мәслихаттың он алтыншы сессиясында Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты және Абай облыстық мәслихаты болып бөліну жолымен қайта ұйымдастырылды. Қайта ұйымдастырылғаннан кейін Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатында 22 депутат қалды, оның ішінде "Аманат" саяси партиясынан - 18 депутат, "Ауыл" халықтық демократиялық патриоттық партиясынан - 2 депутат, "АҚ ЖОЛ" Қазақстан демократиялық партиясынан - 2 депутат.

2023 жылғы 19 қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің № 105 Жарлығымен барлық деңгейдегі мәслихаттардың өкілеттіктері мерзімінен бұрын тоқтатылды. Осылайша Егемен Қазақстан тарихындағы ең қысқа жетінші шақырылым аяқталды.

«Сайланатын депутаттардың санын айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі № 21/323 қаулысына сәйкес 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 132/627 енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды ескере отырып, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының саны 32 депутатқа өзгертілді.

2023 жылғы 19 наурыздағы сайлау барысында 32 депутаттан тұратын сегізінші шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаттық корпусы құрылды.

Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихат депутаттары аралас сайлау жүйесі бойынша – 50% пропорционалды негізде, саяси партиялар ұсынатын партиялық тізімдер бойынша және 50% – мажоритарлық – бір мандатты округтер бойынша кандидаттарға дауыс беру арқылы сайланды.

Сайлауда дауыс беру қорытындысы бойынша облыстық мәслихат депутаттарының "АМАNAT" партиясы – 13, "Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2, Қазақстандық "Байтақ" Жасылдар партиясы - 1 мандаттарына ие болды. 16 депутат бір мандатты 16 округ бойынша сайланды.

Сегізінші шақырылымдағы депутаттық корпуста өткен шақырылымдардан 12 депутат, 3 депутат сайлаушылардың сеніміне ие болып, үшінші және төртінші мерзімге сайланды. Жалпы депутаттық корпус 62% - ға жаңартылды. 32 депутаттың 10 - ы немесе 30%– дан астамы әйелдер. Барлық жоғары білімді депутаттар. Депутаттар арасында 1 медициналық, 5 - педагогикалық, 3 – заңгерлік, 5 - экономикалық, 9-инженерлік – техникалық білімі, 9-басқа да мамандықтары бар. Ұлттық құрамы бойынша: 15-қазақ, 16 – орыс, 1-татар.

 


Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшылары I - VII шақырылым


I шақырылым (1994 ж. наурыз - 1999 ж. қараша):

Павел Сергеевич Елисов (1994 ж. 5 сәуір – 1996 ж. 18 шілде) - Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы

Қапас Уақасұлы Дәуітов - Семей облыстық мәслихаты-депутаттар жиналысының хатшысы

Василий Иванович Ахаев (1996 ж. 18 шілде – 1999 ж. 18 қараша)


II шақырылым (1999 ж. 18 қараша – 2003 ж. 24 қазан):

Василий Иванович Ахаев


III шақырылым (2003 ж. 24 қазан- 2007 ж. 23 тамыз):

Василий Иванович Ахаев


IV шақырылым (2007 ж. 23 тамыз- 2012 ж. 20 қаңтар):

Василий Иванович Ахаев


V шақырылым (2012 ж. 20 қаңтар- 2016 ж. 24 наурыз):

Григорий Васильевич Пинчук

Владимир Михайлович Головатюк


VІ шақырылым (2016 ж. 24 наурыз - 2021 ж. 14 қаңтар):

Владимир Михайлович Головатюк


VІІ шақырылым (2021 ж. 14 қаңтар - 2023 ж.19 қаңтар):

Денис Сергеевич Рыпаков

 

Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы VIIІ шақырылым:

 

VІІІ шақырылым (2023 ж. 30 наурыз):

Денис Сергеевич Рыпаков

 

Бірінші шақырылымнан сегізінші шақырылымға дейінгі депутаттар тізімі:

І шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 1994-1999 жж.

ІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 1999-2003 жж.

ІІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2003-2007 жж.

ІV шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2007-2012 жж.

V шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2012-2016 жж.

VІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2016-2021 жж.

VІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2021-2023 жж.

VІІІ шақырылған Шығыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттарының тізімі 2023-2026 жж.

Документы
Новости
Полезные материалы
Медиагалерея
События
Реализуемые проекты
Услуги
Организации
Часто задаваемые вопросы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы