Меню

Страницы

Статья

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты облыстық Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мүшелігіне кандидаттарды ұсыну туралы конкурс жариялайды. Конкурсқа жұмыс тобы мүшелігіне кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Батыс Қазақстан облысында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келетін коммерциялық емес ұйымдар өкілдері және азаматтар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін:

  1. Кандидатураны жұмыс тобы құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
  2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Конкурсқа қатысу үшін жоғарыда аталған құжаттарды осы хабарландыру жарияланған күннен бастап он күн ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қаласы, Достық-Дружба даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты, №301 кабинет, телефон №: 51-92-34, 51-92-30(факс), электрондық пошта: zkomaslihat@bk.ru  

Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты

Дата публикации
26 января 2016
Дата обновления
20 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы