Меню

Страницы

Статья

ХАБАРЛАМА

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесі мүшелерін сайлау жөніндегі конкурс туралы хабарламаны жариялайды. Кандидат ретінде он сегіз жасқа толған, Батыс Қазақстан облысында тұратын және осы заңның 10- бабының 1-тармағында көрсетілген :

1) сотталғандығы болмауы;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуы;

3) Психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауы талаптарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының азаматтары қатыса алады.

Конкурсқа қатысу үшін:

1. Кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2. Кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.

Заңның 10 бабының 1 тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар Қоғамдық кеңес мүшелігіне жарияланған конкурсқа жіберілмейді.

Облыстық Қоғамдық Кеңестің сандық құрамы – 31 адам: мемлекеттік органдар өкілдері – 5, коммерциялық емес ұйымдар өкілдері, азаматтар қатарынан – 26 адам болып анықталды.

Жоғарыда аталған құжаттарды конкурс туралы хабарландыру жарияланғаннан кейін он жұмыс күні ішінде, мына мекенжайға жолдау қажет: Орал қ., Достық-Дружба даңғылы, 201, Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты, №301 кабинет, телефон №: 51-92-29, 51-35-75, электрондық пошта: zkomaslihat@bk.ru

 

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы

Дата публикации
15 февраля 2019
Дата обновления
20 апреля 2022
Тип
Хабарлама

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы