Батыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімі
Орал қаласы №6 16 қыркүйек 2021 жыл
Облыстық мәслихаттың кезекті
6-ші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10 бабына сәйкес ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫМ:
Облыстық мәслихаттың кезекті 6-ші сессиясы 2021 жылғы 30 қыркүйекте облыстық мәслихаттың үлкен залында сағат 12.00-ға шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Батыс Қазақстан облысы әкімінің есебі туралы
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 18 қарашадағы № 30-1 «Батыс Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы
- Басқа да мәселелер.
Облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева