Батыс Қазақстан облыстық мәслихат шешімі
Орал қаласы № 7 15 қазан 2021 жыл
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс
7-ші сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабына сәйкес ШЕШТІ:
Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 7-ші сессиясы 2021 жылғы 20 қазанда облыстық мәслихаттың үлкен залында сағат 12.00-ға шақырылсын.
Сессияның күн тәртібіне ұсынылатын мәселелер:
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2020 жылғы 15 желтоқсандағы № 40-2 «2021-2023 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №15-3 «Жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының тізбесін бекіту туралы» шешіміне толықтыру енгізу туралы
- Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 27 мамырдағы №25-12 «Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және олардың саудасына қарсы күрес мәселелері жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Облыстық мәслихат хатшысы Б. Қонысбаева