Батыс Қазақстан облыстық қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының
ХАТТАМАСЫ №2
Орал қаласы 21 қаңтар 2022 жыл
Төрағалық етуші: А. Т. Батырханов
Күн тәртібінде:
1. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 17.01.2022 жылғы шұғыл телефонограммасы туралы
Отырыс барысында жұмыс тобының мүшесі Ә. Жоламанов сөз алып, Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің 17.01.2022 жылғы шұғыл телефонограммасы келгендігін, онда қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты барлық деңгейлерде қоғамдық кеңестердің жаңа құрамдарын қалыптастыру процесін тоқтата тұру қажеттілігі туындағандығы туралы хабарлады. Қазіргі уақытта біздің облысымызда жұмыс тобы құрылып өз қызметін бастап кетті. Ол жөнінде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды. Қоғамдық Кеңес құрамы 31 адамнан тұрады деп бекітілді. Келесі кезекте қоғамдық Кеңеске енуге ниет еткен азаматтар мен қоғамдық ұйымдардан өтініштер қабылдау басталуы қажет еді. Алайда, уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін бұл жұмысты тоқтата тұру қажет.
Отырыста басқа сөйлеушілер болған жоқ. Жұмыс тобының мүшелері бір ауыздан келісті.
ШЕШІМ:
Қазіргі қалыптасқан жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық кеңесінің жаңа құрамын қалыптастыру процесі уәкілетті орган шешім қабылдағанға дейін тоқтатылсын.
Қоғамдық кеңесті қалыптастыру
жөніндегі жұмыс тобының басшысы А.Батырханов