Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің мүшелерін сайлау бойынша конкурс туралы хабарландыру

Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы хабарлайды:

«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрінің 2021 жылғы 26 ақпандағы № 69 бұйрығымен бекітілген Қоғамдық кеңес туралы Үлгілік Ереженің (бұдан әрі – Үлгілік ереже) негізінде Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының 2022 жылғы 1 ақпандағы №2 отырысының хаттамасына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық Қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі – Қоғамдық кеңес) мүшелерін сайлау бойынша конкурс жарияланатынын хабарлайды.

Қоғамдық кеңестің сандық құрамы: мемлекеттік органдардың, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың қатарынан - 31 адам

Құжаттарды тапсыру мерзімі: хабарландыру жарияланған күннен кейін    

10 (он) жұмыс күні ішінде (2022 жылғы 3 ақпаннан бастап 2022 жылғы 16 ақпанды қоса алғанда сағат 18.30-ға дейін).

Пошталық мекенжай: «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» ММ, Орал қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 201 үй, №301 кабинет, жұмыс телефон нөмірлері: 8(7112) 519234, 512920.

Электрондық поштаның мекенжайы:  bko.maslihat@bko.gov.kz.

Жұмыс тәртібі: «Батыс Қазақстан облыстық мәслихат аппараты» ММ сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін, демалыс сенбі, жексенбі.

 «Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының (бұдан әрі – Заң) 10-бабында Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттарға қойылатын мынадай талаптар белгіленген:

1. Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұрақты тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттың:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған сотталғандығы болмауға;

2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;

3) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) себебі бойынша психикалық денсаулық саласында медициналық көмек көрсететін ұйымдарда есепте тұрмауға тиіс.

2. Конкурсқа қатысу үшін ұсынылады:

1) Қоғамдық кеңестің құрамына кандидатураны ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;

2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер;

3) соттылықтың болуы немесе болмауы туралы анықтама;

4) психикалық, мінез-құлықтық, оның ішінде психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтынуға байланысты бұзылушылықтардың (аурулардың) болуы не болмауы туралы анықтама ұсынылады.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат осы тармақтың бірінші бөлігінің 3) және 4) тармақшаларында көзделген анықтамаларды өз бетінше немесе өзінің қатысуымен Қоғамдық кеңес құрылатын мемлекеттік органның немесе квазимемлекеттік сектор субъектісінің көрсетілген анықтамаларды ақпараттық жүйелерден талап етіп алдыруына жазбаша келісуі арқылы ұсынады.

Қоғамдық кеңесті қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі Қоғамдық кеңес мүшелігіне сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.

3. Кандидаттар мынадай жағдайлардың бірі болған жағдайда сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді:

1) Заңның 10-бабының 1-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген;

2) Заңның 10-бабының 2-тармағында көрсетілген құжаттарды және (немесе) мәліметтерді ұсынбау;

3) анық емес ақпаратты қамтитын құжаттар және (немесе) мәліметтер ұсынылған жағдайларда бұзылуы мүмкін.

 

 

Ұсыныстар мен мәлімдемелердің үлгілері (docx, 20 Kb)

Дата публикации
02 февраля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы