Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелігіне кандидаттармен әңгімелесу өткізу туралы хабарлама

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы былай деп хабарлайды:

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы  2022 жылғы 23 ақпанда сағат 9-00де және 2022 жылғы 24 ақпанда сағат 9-00де Орал қаласы, Астана шағынауданы, №10А үй, «Ассамблея үйі» ғимаратының 1 қабаты мекенжайы бойынша өтеді.

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесінің мүшелігіне кандидаттар (өтініш берген) көрсетілген мекен-жай бойынша әңгімелесуге қатысу үшін келулері сұралады. Күні мен уақыты әрбір кандидатқа жеке хабарланатын болады.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің ұсынымдарына және Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысының хаттамасына сәйкес мынадай бағалау критерийлері айқындалды:

1.

Білім деңгейі, кәсіби деңгейі, жұмыс тәжірибесі, конкурс талаптарына сәйкестігі

2.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың қоғамдық кеңес жұмысын ұйымдастыруға әзірлігі

3.

Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

4

Қоғамдық, қайырымдылық қызметке қатысу не өзге де консультативтік-кеңесші органдарға, мониторингтік топтарға, жергілікті қоғамдастықтың мұқтаждықтарын бағалауға мүшелік (қатысу), БАҚ-та сөз сөйлеу тәжірибесі

5.

Кандидатпен әңгімелесу өткізу кезінде анықталатын адамгершілік, ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттер, коммуникативтік дағдылар

Кандидаттарда өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаты болуы қажет.

Анықтама үшін телефон нөмірлері: 8(711) 51-29-20, 51-92-34

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы отырысының күн тәртібі (БҚОҚК):

-келіп түскен құжаттарды талқылау

-әр үміткермен әңгімелесу өткізу және бағалау парағын толтыру

-әр кандидат бойынша ашық дауыс беру

-БҚОҚК құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан БҚОҚК кандидаттардың резервтік тізімін қалыптастыру

-БҚОҚК туралы Ережені әзірлеу

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы