Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысының хаттамасы №3

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысының хаттамасы №3

 

Орал қаласы                                                                  18 ақпан 2022 жыл

сағат 15-00

 

Қатысқандар:  Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының мүшелері

  1. А.Т. Батырханов – жұмыс тобының басшысы
  2. Г.М.Мұштанова – жұмыс тобының хатшысы (ZOOM) арқылы
  3. Ә.Т. Жоламанов – жұмыс тобының мүшесі
  4. С.Ж. Загидуллина - жұмыс тобының мүшесі
  5. Е.Е.Галиев – жұмыс тобының мүшесі
  6. А.Н.Тапишев – жұмыс тобының мүшесі
  7. Г.Т.Тулегенова – жұмыс тобының мүшесі
  8. Г.Ж.Рахметова - жұмыс тобының мүшесі
  9. С.А.Туманбаева - жұмыс тобының мүшесі

 

Төрағалық еткен: А.Т. Батырханов – жұмыс тобының басшысы

Күн тәртібінде:

  1. Кандидаттардың құжаттарымен танысу, әңгімелесуге жіберу
  2. Әңгімелесу өткізетін күнді, орынды белгілеу
  3. Бағалау критерийлері мен қойылатын сұрақтарды айқындау
  4. Резервке қойылатын кандидаттардың саны туралы шешім қабылдау
  5. Жұмыс тобына келіп азамат Б. Сражановтан түскен өтінішті талқылау
  6. БАҚ-қа ақпарат беру жөнінде

Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы мәселелерді талқылай келе, шешім етті:

  1. Құжаттарын тапсырған барлық кандидаттар әңгімелесуге жіберілсін.
  2. Кандидаттармен әңгімелесу бойынша Батыс Қазақстан облысының Қоғамдық Кеңесін қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобының отырысы 2022 жылғы 23 ақпанда сағат 9-00де және 2022 жылғы 24 ақпанда сағат 9-00де Орал қаласы, Астана шағынауданы, №10А үй, «Ассамблея үйі» ғимаратының 1 қабаты мекенжайы бойынша өткізілсін.
  3. Бағалау критерийлері төмендегідей айқындалсын:

1.

Білім деңгейі, кәсіби деңгейі, жұмыс тәжірибесі, конкурс талаптарына сәйкестігі

2.

Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидаттардың қоғамдық кеңес жұмысын ұйымдастыруға әзірлігі

3.

Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді білу

4

Қоғамдық, қайырымдылық қызметке қатысу не өзге де консультативтік-кеңесші органдарға, мониторингтік топтарға, жергілікті қоғамдастықтың мұқтаждықтарын бағалауға мүшелік (қатысу), БАҚ-та сөз сөйлеу тәжірибесі

5.

Кандидатпен әңгімелесу өткізу кезінде анықталатын адамгершілік, ұйымдастырушылық, іскерлік қасиеттер, коммуникативтік дағдылар

 

1.

Уровень образования, профессиональный уровень, стаж работы, соответствие требованиям конкурса

2.

Готовность кандидатов в члены общественного совета для организации работы Общественного совета

3.

Знание нормативных правовых актов, регулирующих деятельность общественных советов

4.

Опыт участия в общественной, благотворительной деятельности либо члентво (участие) в иных консультативно-совещательных органах, мониторинговых группах, оценке нужд местного сообщества, выступления в СМИ

5.

Нравственные, организаторские, деловые качества, коммуникативные навыки, определяемые при проведении собеседования с кандидатом

 

Кандидаттарға қойылатын сұрақтар төмендегідей белгіленсін:

 

  • Қоғамдық кеңеске келудегі мақсатыңыз қандай?
  • Қоғамдық кеңестердің қызметін реттейтін қандай нормативтік құқықтық актілерді білесіз?
  • Осы күнге дейін қандай әлеуметтік мәселені көтердіңіз, көтерілген мәселелерге Сіздің қосқан үлесіңіз және олардың нәтижесі?
  1. БҚО ҚК құрамына кірмеген азаматтық қоғам өкілдері қатарынан БҚО ҚК кандидаттардың резервтік тізіміне 15 адамға дейін енгізілсін
  2. Азамат Б. Сражановтан түскен өтінішке байланысты тікелей эфир ресми түрде өңірлік коммуникация қызметі (РСК) арқылы жергілікті «Ақжайық-Қазақстан» телеарнасы арқылы хабар таратылатыны туралы ескертіліп, өтініш иесіне жауап берілсін.
  3. Жұмыс тобының басшысы А. Батырханов пен топ мүшесі, облыстық мәслихат аппаратының басшысы Ә. Жоламанов 21 ақпанда сағат 11-00-де өңірлік коммуникация қызметі (РСК) арқылы жергілікті «Ақжайық-Қазақстан» телеарнасында тікелей эфирге шығып, жұмыс тобының атқарып жатырған жұмыстары жөнінде халықты хабардар етсін.

 

Жұмыс тобының басшысы:                                           А. Батырханов

Дата публикации
21 февраля 2022
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Қоғамдық кеңес

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы