Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының аумақтық (облыстық) сайлау комиссиясының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты аумақтық (облыстық) сайлау комиссиясының жаңа құрамын қадыптастыру үшін ұсыныстар қабылдау басталғанын хабарлайды.

Осыған байланысты саяси партиялардан аумақтық (облыстық) сайлау комиссиясының құрамына үміткерлер туралы ұсыныстарын қабылдау 2018 жылдың 1 қарашасынан 16 қарашасына дейін белгіленеді, белгіленген мерзімде саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда өзге қоғамдық бірлестіктердің ұсыныстары қабылданады.

Үміткерлер туралы ұсыныстарды Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты мына мекенжайда: Орал қаласы, Достық даңғылы 201 үй, 301 кабинетте сағат 9-дан 18-ге дейін қабылдайды.

Аумақтық (облыстық) сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын үміткерлер сайлау туралы Конституциялық Заңының 19-бабы 2- 1 тармағының талаптарына сәйкес болуға тиіс.

Көрсетілген мерзімде саяси партиялар мен басқа да қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиясына ұсынылатын үміткерлердің тізімдерін облыстық мәслихатқа жолдайды, оған мына құжаттарды жалғайды:

1) сайлау комиссиясының құрамына үміткерді ұсынғаны туралы саяси партия органы немесе басқа да қоғамдық бірлестіктердің, жарғысына сәйкес тиісінше өкілеттіктері бар олардың құрылымдық бөлімшелері мәжілісінің хаттамаларынан суырмаларды;

2) саяси партияның немесе басқа да қоғамдық бірлестіктің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің әділет органдарында тіркелгені туралы құжаттың көшірмесін;

3) аумақтық (облыстық) сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы үміткердің облыстық мәслихатқа өтініші ;

4)құжаттарды толтырарда анкеталық деректемелерде қателіктер жіберілмеуі мақсатында облыстық мәслихат ұсынылатын үміткердің өтінішіне жеке куәлігінің көшірмесін қоса жолдауды сұрайды.

Облыстық мәслихат

хатшысы М.Құлшар

Дата публикации
09 ноября 2018
Дата обновления
19 апреля 2022
Тип
Пайдалы ақпарат

Сейчас читают

11 января 2024
«Азаматтарды қабылдауға» өтініш беру (жазылу) жөніндегі өтініш беруші үшін қысқаша нұсқаулық
03 мая 2023
Ғабдуалиев Мереке Тілекұлы
Ақпарат
30 декабря 2022
Батыс Қазақстан облысының округтік сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру туралы Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының ХАБАРЫ

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы