GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Баспасөз орталығы
Мәслихат туралы
Құжаттар
Байланыс ақпараты
Все материалы
30 сентября 2026
Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 49сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 49сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент, ауылдық округ әкімдері, бөлім, мекеме басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

 Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

Ауданның тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік салалар объектілерінің 2026-2027 жылдардағы күзгі-қысқы кезеңге дайындығы;

Аудандық ішкі саясат бөлімінің 2025 жылы атқарған жұмыстары;

Жылыой ауданы бойынша 2025-2030 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспардың іске асырылуы;

 Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-5 «Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;

«Жылыой ауданы бойынша бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» Атырау облысы Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы №16-3 шешімінің күші жойылды деп тану туралы;

«Жылыой ауданы мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы;

Жылыой ауданы құрылыс, сәулет және қала құрылысы  бөлімінің 2025 жылғы атқарған жұмыстары туралы;

Аудан бойынша тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, сатып алу және тұрғын үйлерді жекешелендіру туралы;

 Агроөнеркәсіп кешені аясында бизнес- инкубатор мен арнайы экономикалық аймақты құру туралы;

 2025 жылғы Құлсары қаласындағы қайта жаңартылған саябақтарға, кіші аяқ доп, әмбебап ойын алаңдарына және көше жарығына бөлінген қаражаттың игерілуі туралы.

 Сессия барысында депутаттар ауданның тұрғын үй-коммуналдық және әлеуметтік нысандарының қысқы кезеңге дайындығы, тұрғындарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, құрылыс және абаттандыру жұмыстары, жайылымдарды тиімді пайдалану, агроөнеркәсіп кешенін дамыту мәселелерін көтерді.

Сонымен қатар, депутаттар Құлсары қаласындағы саябақтар, шағын футбол және әмбебап ойыналаңдары, көше жарығына бөлінген қаражаттың игерілуіне қатысты сұрақтарын қойып, атқарылған жұмыстардың сапасы мен тиімділігіне назар аударды.

Сессия күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.

 

 

 

 

Тұрақты комиссиялар
28 августа 2026
Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 25 тамызында Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 48-сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасары, аудан әкімінің аппаратының басшысы, бөлім, мекеме басшылары мен ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе – «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Аталған мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова баяндама жасап, аудан бюджетіне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жөнінде ақпарат берді. Депутаттар тарапынан қойылған сұрақтар мен ұсыныстар талқыланып, мәселе бойынша тиісті шешім қабылданды.

Екінші мәселе – Жылыой ауданының әкімшілік-аумақтық бөлісін басқару схемасын бекіту туралы.

Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің аппаратының басшысы А.Теміржанов баяндама жасап, басқару схемасына қатысты негізгі мәселелерді таныстырды. Баяндама депутаттар тарапынан талқыланып, ұсыныс-пікірлер ескерілді.

Күн тәртібіндегі мәселелер толықтай қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.

03 июля 2026
Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы

Аудандық мәслихаттың бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы Қапанов Нұрсұлтан Телжанұлының төрағалығымен өтті.

Комиссия отырысында Жылыой  аудандық экономика және қаржы бөлім басшысының орынбасары Сағынғалиев Әділбек Сағынғалиұлы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің коммуналдық меншігінде тіркелген бірқатар автокөлік құралдарын жекешелендіру мәселесі бойынша баяндады.

Бөлім басшысының айтуынша, жекешелендіру барысында барлық процедуралар заң талаптарына сәйкес жүргізіліп, нәтижесінде аудан бюджетіне кіріс түсіп, мемлекеттік мүлікті ұтымды басқару қамтамасыз етіледі.

Тұрақты комиссия төрағасы Қапанов Нұрсұлтан Телжанұлы жиынды қорытындылап, қаралған мәселелерді талқылау барысында  ұсыныс пікірлер арнайы қаулы жобасына енгізілетіндігін айтып өтті.

Тұрақты комиссиялар
25 июня 2026
Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-сессиясы өтті. Оған, аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Нұрланұлы, аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев, қала әкімі, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Сессия барысында депутаттар күн тәртібіне енгізілген 4 мәселені қарап, олар бойынша баяндамаларды тыңдап, мәселелерге қатысты сұрақтарын қойып, ұсыныс-пікірлерін білдірді.

Атап айтқанда:

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданыбойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  3. «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №40-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 тамыздағы №33-4 «Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы Жылыой ауданының терроризмге қарсы комиссиясының құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

 

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланды.

Сессия жұмысынан кейін Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауыл шаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссия отырысы өтті.

Күн тәртібінде екі маңызды мәселе қаралды:

  1. 2026-2027 жылдардағы жылу беру маусымына дайындық барысы;
  2. Аудан мектептерінің жаңа оқу жылына дайындығы.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев баяндама жасап, жылу беру маусымына дайындық жұмыстары, коммуналдық инфрақұрылымның жай-күйі және алдағы жоспарлар жөнінде ақпарат берді.

Екінші мәселе бойынша аудандық білім бөлімінің басшысы А.Абдолов білім беру ұйымдарының жаңа оқу жылына дайындығы, жөндеу жұмыстары, материалдық-техникалық базаны нығайту және оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Комиссия отырысы барысында депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерге қатысты бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстарын ортаға салды. Атап айтқанда, жылу беру маусымына дайындық жұмыстарының сапасын күшейту, әлеуметтік нысандардың үздіксіз жылумен қамтылуын бақылауда ұстау, сондай-ақ білім беру ұйымдарындағы жөндеу жұмыстарының уақытылы аяқталуы, оқушылардың қауіпсіздігі мен мектептердің жаңа оқу жылына толық дайын болуы мәселелеріне ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.

19 июня 2026
Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45-сессиясы өтті.

Сегізінші шақырылған аудандық мәслихаттың кезекті 45-сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Е.Нұрланов, аудан әкімінің орынбасары А.Айдашев, Атырау облыстық Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов, Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Е.Есенов, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

  1. 2025 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова)
  2. 2025 жылға арналған Құлсары қаласы, Жаңа Қаратон кенті, Жем, Қосшағыл, Қара Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтері бюджеттерінің атқарылуы туралы. (Баяндамашы: қала әкімі Қ.Адинов)
  3. Атырау облысы тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есебі туралы. (Атырау облысы Тексеру комиссиясының мүшесі Б.Анжанов)

4.Атырау облыстық Экология департаментінің Жылыой ауданында қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру бойынша 2025 жылы жасалған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы.(Атырау облыстық экология департаменті басшысының орынбасары Е.Есенов)

  1. Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 тамыздағы №22-2 «Жылыой ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы (Жылыой ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы Б.Сапарбеков)

Сессия барысында күн тәртібіне енгізілген бес мәселе жан-жақты қаралып, аудандық бюджеттің атқарылуы, елді мекендер бюджеттерінің орындалуы, Атырау облысы Тексеру комиссиясының есебі, қоршаған ортаны қорғау бағытында атқарылған жұмыстар және аудан әкімдігінің дербес құрамына өзгерістер енгізу мәселелері талқыланды.

Отырыста депутаттар қаралған мәселелер бойынша бірқатар сұрақтар қойып, өз ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, аудандық бюджеттің тиімді игерілуі, елді мекендердегі инфрақұрылымдық жобалардың орындалуы, экологиялық ахуалды жақсарту, қоршаған ортаны қорғау шараларын күшейту, атқарылған жұмыстардың сапалы әрі уақытылы орындалуына назар аудару қажеттігін атап өтті.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер толық талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

08 мая 2026
Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезектен тыс 44 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары Е.Нұрланов, қала әкімінің орынбасары, бөлім басшылары мен ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

  1. Жылыой аудандық мәслихатының 2023 жылғы 16 қазандағы №8-1 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданыбойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық  және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
  4. Жылыой ауданының жер комиссиясының құрамын және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №35-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Депутаттар аталған мәселелерге байланысты ұсыныс-пікірлерін білдіріп, сұрақтарын қойды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланды.

 

Тұрақты комиссиялар
07 апреля 2026
Ағымдағы жылдың 30 наурызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 43 сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 30 наурызында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 43 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 1 мәселе қаралды.

«2026-2028 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының             2025 жылғы 23 желтоқсандағы №41-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупованың баяндамасы тыңдалды.

Сессия барысында депутаттар аудандық және ауылдық округтер бюджеттеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Осы мәселе аясында әлеуметтік сала, инфрақұрылым және тұрғындардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталған шығыстарға ерекше назар аударылды. Жекелеген жобалардың тиімділігі мен қаржының мақсатты жұмсалуы бойынша нақтылау сұралды. Сонымен қатар, алдағы кезеңге жоспарланған жұмыстардың орындалу барысы да талқыланды.

Күн тәртібіне қойылған мәселе толықтай талқыланып, тиісті шешім қабылданды.

Сессия жұмысынан кейін Жылыой аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде 5 мәселе қаралды.

  1. Жылыой ауданында төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстары туралы (Баяндамашы: Жылыой аудандық Төтенше жағдайлар бөлімінің бастығы азаматтық қорғау майоры Д. Берденов)
  2. «Аудандық салық басқармасының жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту бойынша 2025 жылға атқарған жұмысы туралы» (Баяндамашы: Жылыой ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бөлім басшысы А.Құрманова)
  3. «Майкөмген ауылдық округі бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бағытында атқарылған жұмыстар туралы» (Баяндамашы: Майкөмген ауылдық округі әкімі Н.Сауытов)
  4. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаның өсуіне жол бермеу жөніндегі шаралар туралы» (Баяндамашы: аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы А.Мирамбаев)
  5. «Кең Жылыой» мәдениет үйінің 2024-2025жылдардағы қызметінің қорытындылары мен қаржылық есебі және іссапар шығындары туралы» (Баяндамашы: «Кең Жылыой» мәдениет үйінің басшысы Ә.Темірханов)

 

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан бірқатар ортақ әрі өзекті ұсыныстар мен пікірлер айтылды.

 

Атап айтқанда, төтенше жағдайлардың алдын алу бағытында жұмыстарды жүйелі жүргізіп, қауіпті аймақтардағы бақылауды күшейту, алдын алу шараларын нақты жоспарлау және материалдық-техникалық дайындықты арттыру қажеттігі, жергілікті бюджет түсімдерін ұлғайту мәселесінде салық базасын кеңейту, берешектерді өндіру жұмыстарын жандандыру және әрбір кіріс көзін тиімді пайдалану бойынша нақты шараларды күшейту ұсынылды.

 

Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту бойынша ауылдық жерлерде кәсіп ашуға қолайлы жағдай жасау, мемлекеттік қолдау бағдарламаларының қолжетімділігін арттыру және жаңа жұмыс орындарын құруға басымдық беру қажеттігі, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мақсатында халық үшін қолжетімді бағаны қамтамасыз ету бойынша бақылауды күшейту ұсынылды.

 

Сонымен қатар, мәдениет саласына қатысты қаржының тиімді әрі ашық жұмсалуын қамтамасыз ету, іс-шаралардың сапасын арттыру және тұрғындардың мәдени өмірге белсенді қатысуына жағдай жасау қажеттігі де назардан тыс қалмады.

 

Тұрақты комиссиялар
26 марта 2026
Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 42 сессиясы өтті.

Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 42 сессиясы өтті.

Сессия жұмысына аудан әкімі Жұмабек Байрақбайұлы, аудан әкімінің орынбасарлары, қала, кент және ауылдық округ әкімдері, бөлім және мекеме басшылары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде 8 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша аудан әкімі 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары мен 2026 жылға арналған негізгі міндеттер туралы есеп берді. Баяндамада аудан экономикасының өсімі, әлеуметтік саладағы атқарылған жұмыстар, инфрақұрылымды дамыту, халықтың әл-ауқатын арттыру бағытындағы шаралар қамтылды.

Екінші мәселе бойынша Жылыой аудандық мәслихат төрағасы 2025 жылы атқарылған жұмыстар туралы есеп берді.

Үшінші және төртінші мәселелер аясында мәслихаттың тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары тыңдалып, алдағы кезеңге жоспарлар айқындалды.

Бесінші мәселе бойынша аудан тұрғындарын жұмыспен қамту бағытында атқарылып жатқан шаралар қаралып, бұл бағыттағы жұмыстарды күшейту қажеттігі айтылды.

Алтыншы мәселе аясында 2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджетке енгізілетін өзгерістер талқыланып, қаржының тиімді әрі мақсатты жұмсалуы бойынша ұсыныстар айтылды.

Жетінші мәселе бойынша кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссия құрамын бекіту қаралды.

Сегізінші мәселе ретінде аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізу туралы ұсыныс қаралды.

Сессия барысында депутаттар тарапынан көтерілген сұрақтар негізінен әлеуметтік нысандарды дамыту, инфрақұрылымды жақсарту, бюджет қаражатының тиімді игерілуі және халықтың тұрмыс сапасын арттыру мәселелеріне қатысты болды. Ұсыныс-пікірлер ескеріліп, жауапты сала басшыларына нақты тапсырмалар берілді.

Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.

25 декабря 2025
Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 41 сессиясы өтті.

Ағымдағы жылдың 23 желтоқсанында аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихаттың кезекті 41 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

2026-2028 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері, сондай-ақ 2026-2030 жылдарға арналған Жылыой ауданын дамыту бағдарламасын бекіту туралы аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупованың баяндамалары тыңдалды.

Сессия барысында депутаттар аудандық және ауылдық округтер бюджеттеріне қатысты бірқатар сұрақтар қойды. Әлеуметтік нысандарды дамыту, ауыл ішіндегі жолдар, абаттандыру және өзге де маңызды бағыттар бойынша ұсыныс-пікірлер айтылды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер толықтай талқыланды, шешімдер қабылданды.

Сессия жұмысынан кейін Жылыой аудандық мәслихатының бірлескен тұрақты комиссия отырысы өткізілді.

Күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

  1. Ауданда шағын және орта бизнесті дамыту перспективалары туралы (Баяндамашы: аудандық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы А.Мәмбетиязов)
  2. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде кездесетін проблемалық мәселелер (Баяндамашы: «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Атырау облысы бойынша филиалы директорының орынбасары А.Стамғалиева)
  3. Жылыой аудандық мәслихатының әлеуметтік сала, құқық, коммуналдық шаруашылық, құрылыс, өндіріс, ауылшаруашылығы және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
  4. Жылыой аудандық мәслихатының бюджет, қаржы, экономика және кәсіпкерлікті дамыту мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы

Депутаттар тарапынан ауданда кәсіпкерлікті қолдау шаралары, жаңа жұмыс орындарын құру, мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуы, қаржыландыру көздерінің қолжетімділігі, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің аудандағы орындалу барысы, тұрғындардың медициналық қызметтерге қолжетімділігі, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасына қатысты сұрақтар қойып, ұсыныс-пікірлер айтылды.

25 декабря 2025
2025 жылғы 19 желтоқсанда аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 40 сессиясы өтті.

2025 жылғы 19 желтоқсанда аудандық әкімдіктің мәжіліс залында Жылыой аудандық мәслихатының кезекті 40 сессиясы өтті.

Күн тәртібінде бірнеше мәселелер қаралды.

  1. 2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы
  2. «2025-2027 жылдарға арналған Құлсары қаласының, Жаңа Қаратон кентінің, Жем, Қосшағыл, Қара-Арна, Майкөмген және Ақкиізтоғай ауылдық округтерінің бюджеттері туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №26-1 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Баяндамашы: Аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ж.Дюсупова)

3.Аудан аумағындағы автомобиль жолдары мен елді мекендердегі ауылішілік тас жолдарының жәйі туралы (Баяндамашы: Жолаушылар көлігі және автомобильдер жолдары бөлімінің басшысы Б.Бозжігітов)

  1. Жылыой аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын бекіту туралы
  2. Жылыой ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комисия құрамын бекіту туралы

6.«Жылыой ауданының  жер комиссиясының  құрамын  және жер комиссиясы туралы ережені бекіту туралы» Жылыой аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 қыркүйектегі №35-6 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

  1. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 16 қаңтардағы №29-1 «Жылыой ауданы бойынша округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
  2. Аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 27 желтоқсандағы №11-2 «Жылыой аудандық аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Депутаттар тарапынан бюджет қаржатының ашықтығын қамтамасыз етуді, уақытылы және тиімді игерілуі, жол құрылысы мен жөндеу жұмыстарының сапалы әрі белгіленген мерзімде орындалуы, мердігер ұйымдардың жауапкершілігі, сондай-ақ атқарылған жұмыстардың талапқа сай қабылдануына ерекше назар аударды. Кейбір жол учаскелерінде орын алып отырған сапасыз жұмыстарға, жол жабынының тез тозуына, ауылішілік жолдардың талапқа сай жасалмауына қатысты сын-пікірлер де білдірілді.

Депутаттар жаңадан құрылыс жұмыстарын салу және жөндеу барысында құрылыс нормалары мен стандарттарының қатаң сақталуын, техникалық бақылауды күшейтуді, тұрғындардан келіп түсетін ұсыныс-шағымдарды ескеруді ұсынды.

Күн тәртібіне қойылған мәселелер алдын ала аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысында талқыланды.

 

 

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы